Глосcарий
2. Спартандық – дене тәрбиесі дайындығына ерекше назар аударатын жүйе;
3. Рыцарьлық – орта ғасырлардағы зайырлы феодалдардың балаларын тәр-
биелеу жүйесі.
Ұлдар 7 жасқа дейін аналарының бақылауында тәрбиеленіп, кейін оларды
сюзреннің сарайына берген. Олар 14 жасқа дейін паж міндеттерін атқарып,
кейін 21 жасқа дейін рыцарьлық ие болу үшін сынақ тапсыратын болған.
Сынақтан өтсе «рыцарь» мәртебесі берілген. Ол рыцарь болу үшін – аң аулай
білуі, салт атпен жүру, жүзу, семсерлесу, садақ ату, дойбы ойнау, жүрегі қалаған
ханымға өлең жазуы, сонымен қатар өзіне мынадай: ержүректік, қайсарлық,
т.б. қасиеттер мен сипатталған.
Пуритандық – пуритандарда қалыптасқан тәрбие жүйесі. Пуритандар деп
XVI ғ. ІІ жартысы мен XVII ғ. І жартысында Англияда өткізілген реформа-
ларға наразы, негізінен орта таптардың өкілдері және протестант-кальвинистер
аталады. Пуританизм абсолютизмге саяси оппозиция мен XVII ғ. Ағылшын
буржуазиялық төңкерісінің идеологиялық көрінісі болды. Кейін пуритандық
пікір лер Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларында таралды.
Пуритандықтар нәпсі тыюшылықпен, тұрмыс, мораль, т.б. қатаң реттелге-
німен ерекшеленді. Оларға байлыққа табынушылық, кедейлерді жек көруші-
лік, үнемшілдік тән еді. Сол кезде олардың бала тәрбиесінде қайсарлық, мақ-
сатқа жетудегі табанды болуға үйретті. Пуритандық тәрбие тарихқа өскелең
ұрпақты қатаң және даналыққа тәрбиелеудің синонимі ретінде енді. Англияда
пуритандар арасында паблик скулз мектебінің жүйесі жасалды.
Еркін тәрбие – әрбір баланың күші мен қабілеттерінің ешқандай шектеу-
сіз дамуы, оның жеке ерекшеліктерінің толық ашылуы. Оған баланың тұлға
ретінде қалыптасуын тежеуге, оның өмірі мен тәртібін барлық жағынан рет-
теуге негізделген тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне тыйым салады. Сонымен қа-
тар баланың еркін өсіп-жетілуіне жағдай жасалынады. Оның негізін салушы
Ж.Ж. Руссо болып табылады. Ресейде еркін тәрбиелеу мектебін 1906 жылы
К.Н. Ветцел «Еркін бала үйін» ашқан болатын. Қазіргі кезде де балаларды
еркін тәрбиелеуге қызығушылық туды. Алматыда, т.б. ірі қалаларда Вальдор-
фтық мектептер, М. Монтессори орталықтары ашылып, балаларды тәрбиелеу-
дің еркін, зорлықсыз отандық модельдері жасалып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |