Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет184/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   195
кітап тарбие туралы

Дарынды балалар (неміс. wunder – керемет, king – бала) – ғылыми еңбек-
терде дарынды балалардың оқу мен білім, қоғамдық ортада кереметтері мен 
жетістіктерге ие болуы.
Дидактогения (грек. didaktikosоқытушылық, genos – пайда болу) – 1) 
Тәрбиелеушілердің педагогикалық әдепті сақтамау нәтижесінде оқушыларда 
пайда болатын жағымсыз психикалық күй (қорқыныш, фрустрация. т.б.), ол өз 
кезегінде тәрбиеленушілердің іс-әрекетіне және өзара қатынасына жағымсыз 
әсері; 2) Мұғалім тарапынан педагогикалық әдептің бұзылуы салдарынан оқу-
шының жағымсыз психологиялық жай-күйі. Негізін салған – Т.Г. Маркирьян.
Елжандылықтарихы тамыры терең әлеуметтік, саяси, психологиялық 
құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгер-
шілікке, менталитет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін жанындай қорғау, 
тілін, дінін дамытып, өркениет жолындағы идеология мен саясат.
Еліктеу (лат. imitatio – еліктеу) – басқалардың мінез-құлқын өзіне көшіру 
процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның үлгі-
сімен модельдеуге тырысу. Бұл терминді «мимикрия» терминінен ажырата білу 
керек. Сондай-ақ имитациялық әрекет механикалық түрде орындалады деп 
түсіндіріледі. Бұлай сипаттау қате. Мысалы, бала анасынын әрекетіне немесе 


305
Глосcарий
топтағы құрбыларымен ойнаудағы өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп қана 
қоймайды, мұндағы мінез-құлық өте күрделі, оған механикалық процесс деген 
түсінік беруге болмайды. Еліктеудің мұндай түрі бала оның топтағы әлеу меттік 
моделін реттейтін негізгі ережелерді білуі керек деп түсіндіреді. Бұл терминді 
жеңілдету үшін көбінесе «үлгілеу» термині қолданады. Еліктеу үлгі тұтатын 
объектінің қылықтарын тікелей қайталау нәтижесінде болатын үйрену түрі.
Ерлік тәрбиесі – ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқу-
шылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге ұлттық 
сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бү-
гінгі күн тұрғысынан алып қарайтын болсақ, егемен еліміздің бейбітшілігі мен 
бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың санасына жастайынан ата-бабаларымыз негі-
зін салған ерлік рухын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет