Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет45/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   195
кітап тарбие туралы

ҚОРҚЫТТЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ 
МҰРАЛАРЫ
Адамгершілік-имандылық тәр-
биесі туралы өнегелері:
«Мәңгілік мұра»
Адамның гүлі – ұл мен қыз,
Көзінің ақ пен қарасы...  
(«Қорқыт Ата» кітабынан, 29-б.)
Бір күні Қам Ганұлы Хан Байын-
дыр орнынан тұрыпты: Шам күнді-
гін жер үстіне тіктіріпті; ала шатыр-
ды көк жүзіне қарай көтеріпті; мың 
жерге жібек кілем төсетіпті. Хандар 
ханы Хан Байындыр жылда бір рет 
той жасап, оғыз бектерін қонақ ете-
ді екен. Және де той жасап аттан 
айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар 
сойдырыпты.  («Қорқыт Ата» кіта-
бынан, 28-б.)
Тұлғаның әдепті, мәрт, тәрбиелі 
болып қалыптасуы жайында
Қазақ ауыз әдебиетінде кең та-
раған тақырыптың бірі – кенже ба-
ланың ерлік көрсетуі. «Қорқыт Ата 
кітабында» осы тақырыпта жалғыз 
ғана жыр бар. Ол – «Үшін Қожаұлы 
Секірек туралы жыр». Мұнда бірқа-
тар әлеуметтік мәселелер сөз болады. 
Солардың ең бастысы – әдептілік, 
жасы үлкенді құрметтеу, қария 
адамдардың алдынан кесіп өтпеу 
сияқты ежелгі түркі дәстүрлері. Сол 
кездегі салт-сана бойынша, хан са-


91
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
райына барғанда әрбір бек тек өзіне 
лайықты орынға ғана отыруы тиіс. 
Ал бектің қай орында отыратыны 
оның соғыста көрсеткен ерлігіне яки 
мал-мүлкіне қарай белгіленеді. Ел 
қорғаған ерлік іс қашанда бірінші 
орынға қойылған. (Келімбетов Н. 
«Ежелгі дәуір әдебиеті» кітабынан. 
Т.1., 135-136-бб.)
Еңбек-өнер тәрбиесі туралы
«Қазанбектің баласы – Оразбектің 
жауға қалай тұтқын болғаны туралы 
жырдан» ежелгі түркілер бала тәр-
биесіне ерекше мән бергенін көреміз. 
Оны әскери өнерге үйретуді әкесі-
нің міндеті санаған. Ол кезде әрбір 
адамның азаматтық мәртебесі оның 
ел қорғау ісіне қосқан үлесіне қарай 
бағаланған. Демек, бұл жырдың не-
гізгісі оғыз бен қыпшақ бектерінің 
бала тәрбиесі мәселесіне арналған. 
Оғыз-қыпшақ дәуірінің дәстүрі 
бойынша, он бес-он алты жасқа 
толған ер балалар міндетті түрде 
әскери өнерді үйренетін болған. 
Мұндай бала-жігіттерді ересектер 
өздерімен бірге қан майданға ертіп 
барып жүрген. Қолына қару ұстап, 
жаудың қанын төкпеген жігіттерді 
ешкім сыйламаған, тіпті адам са-
натына қоспаған. Ең жаман қасиет 
қорқақтық, опасыздық саналған. 
Жаудан қорқып қашқандарды өз 
әкелері-ақ қатал жазалап отырған. 
Оғыз-қыпшақ дәуірінің, жаугершілік 
заманының осы бір шындығын «Қа-
занбектің баласы Оразбектің жауға 
қалай тұтқын болғаны туралы жыр-
дан» айқын көруге болады. (Келімбе-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет