Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет42/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   195
кітап тарбие туралы

КҮЛТЕГІННІҢ 
ӨСИЕТ МҰРАЛАРЫ
Ерлік-отансүйгіштік тәрбие
 туралы айтқаны:
10. Қаған болып, жоқ, кедей ха-
лықты көп көтердім,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым.
Осы сөзімде өтірік бар ма?
Түрік бектері, халқым, бұны тың-
даңдар!
Түркі халқын жиып,
Ел болғандарыңды мұнда бастым.
Жаңылып, кешкендеріңді де мұн-
да бастым.
(«Қазақ халқының философия-
лық мұрасы. Орта ғасырдағы түр-
кі ойшылдары. Жиырма томдық 
шығармалар жинағы» кітабынан, 
Т.5., 16-б.)
Серт беру, берген сертінде тұру
сөз байласу, уәдеде тұру; ел үшін 
кек алу
27. Түркі халқы үшін 
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым. 
Інім Күлтегінмен бірге, 
Екі шадпен бірге
Өліп-тіріліп жерді ұлғайттым.
Біраз ұлғайтып, біріккен халықты 
от-су қылмадым.
28. Жер-сайда босыған халық
Өліп-жетіп, 
Жаяу-жалпы
Келіп жатты.
Халықты көрмек боп:
Терістікте – оғыз халқына қарсы,
Шығыста – қытай, татабы халқы-
на қарсы,
Түстікте – табғашқа қарсы
Көп қолмен он екі жорық жа-
садым.
(«Қазақ халқының философия-
лық мұрасы. Жиырма томдық 
шығармалар жинағы» кітабынан, 
Т.5., 22-23 -бб.)
Қайрат-жігер, ерлік, 
батырлық туралы өсиеттері
11. Түркі халқы жойылмасын, – 
дейді,
Ел болсын – дейді.
Әкем Елтеріс қағанды,
Шешем Елбілге қатынды
Тәңірі төбесіне ұстап
Жоғары көтерген екен.
Әкем қаған он жеті ер ертіпті.
(«Қазақ халқының философия-
лық мұрасы. Жиырма томдық 
шығармалар жинағы» кітабынан, 
Т.5., 19-б.)


86
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
54. Бүкіл түркі халқына 
Қарулы жау келтірмедім,
Атты әскер жолатпадым,
Елтеріс қаған жауламаса,
55. Оған еріп мен де жауламасам,
Елім, халқым жойылар еді.
(Оның) әрекетінің нәтижесінде,
56. Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет