Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


тов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті» кіта-



Pdf көрінісі
бет46/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195
кітап тарбие туралы

тов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті» кіта-
бынан, 128-б.)
Сұлулық-сымбат тәрбиесі
 туралы:
«Қорқыт туралы қазақтың қария 
сөздері»
Ерте кезде бір ханның әдемі сұлу 
қызы болған. Хан ол қызды ешкім-
ге көрсетпеу үшін, түн теңізінің 
жағасына бір сарай салып, қасына 
ерген қырық қызымен сонда апарып 
орналастырады. Қызға күн, ай сәуле-
сі түспес үшін оны қараңғы сарайдың 
ішінде ұстаған. 
Қолөнер туындыларындағы 
әдемілік туралы
Белгілі тарихшы Әбілғазының 
айтуы бойынша, Қазанбектің жақсы 
көретін әрі ордасының көп тұрған 
жері, батырдың сиынып, ас-садақа 
беретін орны Қазығұрт тауы болған. 
Ескі аңыздар бойынша, осы тауда 
ертеде ұлы адамдар тұрған киелі 
үңгір болған екен. Батырлар осын-
да «Алтын қабақ» атысқан. Ақын-
дар домбыра, қобыз тартып, жыр 
шығарған. Қорқыт ата осы Қазығұрт 
тауына жиі келіп, Қазанбекті мақтап 
өлең айтқан. Сонымен, бұл жырда 


92
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
сол дәуірдің ең маңызды деген мәсе-
лелерінің бірі жырланған.  («Қорқыт 
Ата» кітабынан, 46-б.)
Бесік тәрбиесі 
жайындағы өсиеті
«Дерсе ханұлы Бұқашжан ту-
ралы жырда», әсіресе бір балаға зар 
болған әке-шешенің мүшкіл халі 
жөніндегі хикаялар жиі ұшырайды. 
Әрине, мұның өзіндік себептері бар. 
Патриархаттық-рулық қауымының 
ұғымы бойынша тек еркек кіндікті 
бала ғана отбасының, ру-тайпаның 
жалғасы, қауымның болашақ тірегі 
саналған. Сол себепті той-жиындар-
да ер баласы бар аталар ең сыйлы 
орынға отырып, оған зор қошемет 
көрсетілетін болған. Сонымен, өзінің 
перзенті жоқтығына қорланып, Дерсе 
ханның әйеліне айтқаны:
«Хан қызы! Орнымнан тұрайын ба?
Жағаңнан, алқымыңнан алайын ба?
Табанымның астына салайын ба?
Қара болат өз қылышым
Қолыма алайын ба?
Әз кеудеңнен басыңды кесейін бе?
Жан тәттісін саған білдірейін бе?
Алқызыл қаныңды жер үстіне тө-
гейін бе?
Хан қызы, себебі неден еді, айтшы 
маған,
Қатты қысым көрсетем енді саған». – 
Дерсе ханның әйелі сонда:
– Ей, Дерсе хан! Мені азаптама, 
ісініп ащы сөздер сөйлеме; орныңнан 
тұр; ала ордаңды жер үстіне тікті-
ріп, аттан айғыр, түйеден бура, қой-
дан қошқар сойдыр; Ішкі оғыздарды, 
Тысқы оғыздарды жи; аш көрсең
тойдыр, жалаңаш көрсең, киіндір; 
борыштыны борышынан құтқар; 
төбедей қылып ет үй, көлдей қылып 
қымыз саудыр; ұлы той жаса, ті-
лек тіле, бәлкім, бір аузы дуалының 
алғысы келіп, Тәңірі бізге бір батпан 
ұл берер, – деді. 
Ақыры әйелінің кеңесі бойынша, 
Дерсе хан аш-жалаңаштарға қыруар
көп қайыр-садақа беріп, ата-баба-
сының аруағына сиынып, Тәңірден 
бала тілейді. Күндердің күнінде әйелі 
босанып, ұлды болады. Бала он бес 
жасқа толады. Бір күні достарымен 
асық ойнап жүргенде ханның семіз-
діктен құтырған бұқасы босанып 
кетіп, балаларға тап береді. Бар-
лық балалар қашып кеткенде, Дерсе 
ханның ұлы қорықпай, дәу бұқаны 
жұдырықпен ұрып жығады. Содан 
бала Бұқаш аталып кетеді. Бұған риза 
болған әкесі ұлына енші беріп, оны 
бектер қатарына қосады. Бірақ Дер-
се ханның күншіл нөкерлері әкесін 
баласына қарсы айдап салады. Бір 
күні Дерсе хан аң аулап жүріп, өз ба-
ласын өзі атып кетеді. Бір сұмдықтың 
болғанын жүрегі сезген анасы өзінің 
қырық нөкер қызымен баласын іздеп 
жолға шығады. Айдалада қызыл қанға 


93
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
боялып, өлім аузында жатқан ұлын 
көріп, сол арада боздап жылайды.
Қара қима көздерің,
Ұйқы алыпты, ашсайшы!
Тәңірі берген тәтті жан,
Сайраңдамай, қайтсайшы!
Әз кеудеңде жан болса,
Ұлым, хабар берсейші!
Қара басым – құрбандық
Болсын саған, сезсейші!
Қазылық жаудың көп суы
Ағар екен, ақпасын!
Қазылық жаудың көк шөбі
Шүйгін екен, тапталсын!
Жүйрік сенің киігің,
Жортпасын енді, тас болсын!..
Ақыры, анасы баласын ақ сүтімен 
емдеп, ұлы аман қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет