9
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі
және оның қоғамдық мәні
асырылды. Сонымен қатар балалар-
ды рудың дәстүрлерімен, діни түсі-
ніктерінің ережелерімен таныстыр-
ды.
Алғашқы қауымдық құрылыста
отбасы болмаған кезде балалар руға
ортақ болды.
Балаларды тәрбиелеу
мәселесімен ру мүшелерінің ерекше
тәжірибелі, құрметті адамдары, ақ-
сақалдар айналысты. Кейіннен мо-
ногамиялық отбасы пайда болғанда
балаларды тәрбиелеу мәселесімен
отбасы айналысты. Дегенмен, отбасы
тәрбиесінің нәтижелерін ру, тай-
паның ақсақалдары бақылап отырды.
Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта бол-
ғандығы өзінен-өзі түсінікті болды.
Тәрбие талаптары барлық балаларға
бірдей дәрежеде кеңінен тарады.
Қоғам дамуының алғашқы са-
тысында, алғашқы қауымдық құ-
рылыс кезінде адамдардың өмір жағ-
дайлары өте ауыр болды, сондықтан
да адамдарға өмір сүру үшін бәрі бір-
ге болу, тек қана ұжымдық түрде бо-
лып еңбек етудің қажеттілігі байқал-
ды.
Бұл қоғамда бәрі ұжым болып
еңбек етті, әлеуметтік теңсіздік, тап
деген болмады, адамдар ортақ үйлер-
де тұрды және бала тәрбиелеу ісі де
барлық руларға ортақ болды.
Тапсыз қоғамда барлық балаларды
бірдей тәрбиеледі, өздеріне лайықты
іс-әрекетке ерте қатыстырды. Жас
кезінен бастап олар азық өндіруге қа-
тысты – жеуге болатын өсімдіктерді,
жемістерді жинады. Жас шамасына
қарай олар үлкендермен бірге еңбек-
ке араласты. Үлкендермен бірге және
олардың басшылығымен балалар мен
жеткіншектер өмірге қажетті еңбек
ептіліктері мен дағдыларын меңгер-
ді. Қыз балалар мен ер балалардың
тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер
болды. Жоғарыда айтылғандай, ер
балалар ерлермен бірге балық аулау-
мен, аңшылық кәсіппен айналысты,
оларды күресе білуге, садақпен ата
білуге, ептілікке баулыды; қыз бала-
лар үй
шаруасына әйелдерге тамақ
даярлауға, киім тігуге, ыдыс-аяқ жа-
сауға қатысты. Барлық балаларды
жануарларды күтуге, егіншілікпен
айналысуға үйретті, қолөнердің да-
муымен оларды өнерге баулыды.
Жекеменшіктің, құлиеленушілік-
тің және моногамиялық отбасының
пайда болуымен алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырауы басталды.
Жеке неке пайда болды. Отбасы ең
негізгі қоғамдық құрылыстардың бірі
болды, өз бетімен шаруашылықты
жүргізді, сонымен қатар бала тәрбие-
сімен айналыса бастады.
Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқа-
ралық түріне айналды. Пайда болған
үстем таптар (көсемдер,
ақсақал-
дар) ақыл-ой білімін дене еңбегінен
бөлуге ұмтылды. Алғашқы білімнің
негіздерін (жер өлшеу, өзендердің
тасуын алдын ала түсіндіру, адамдар-
ды емдеу тәсілдері және т.б.) өзде-
рінің қолдарына жинақтап, оларға
өз үстемдігін жүргізді. Ой еңбегі
10
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
мен дене еңбегінің арасында айыр-
машылықтар байқала бастады. Осы
білімнің алғашқы түсініктерін оқыту
үшін арнаулы мекемелер (мектептер)
ұйымдастырылды. Дене еңбегімен
негізінен бұқара халықтың балалары
айналысты. Ондай отбасыларда бала-
лар еңбекке ерте араласты, ата-аналар
өз тәжірибесін үйретіп отырды. Мек-
тептерде жүргізілетін
ұйымдасқан
тәрбие бірте-бірте үстем тап өкілде-
рінің ісі бола бастады.
Қоғамдық ортада тәрбиенің пай-
да болуы туралы мәселені ғалымдар
бірнеше бағытта сипаттайды. Бұл
мәселені түсіндіруде ғалымдардың
арасында әр түрлі көзқарастардың
болуына қарамастан, алғашқы адам-
дардың экономикалық өмірі мен
еңбек әрекетінің және қоғамдық да-
мудың ең алғашқы даму сатысында
бала тәрбиесінің арасында өмір сүр-
ген
тығыз байланысты жоққа шыға-
ру көзқарасы тән. Еуропа ғалым-
дарының тәрбиенің пайда болуы ту-
ралы кейбір тұжырымдары адамның
дамуы жайындағы вульгарлық-эво-
люциялық түсініктердің ықпалымен
қалыптасқан, ол негізінен тәрбиенің
әлеуметтік мәнін жоққа шығаруға,
оның үрдісін биологияландыруға
алып келеді деген ұстанымда болды.
Жануарлар дүниесіндегі жи-
нақталған нақты материалдарға не-
гіздей отырып, аға ұрпақтың кейінгі
ұрпаққа қоршаған ортаға бейімделу
дағдысын беру қамқорлығын осы
тұжырымдамалардың жақтаушылары
Ш. Летурно, А. Эспинас, т.б. жану-
арлардың
инстинкт жағдайындағы
іс-әрекетін алғашқы адамдардың
тәрбиелік тәжірибесімен бірдей деп
қарастырады және тәрбиенің негі-
зіне адамдардың ұрпақ жалғастыру
инстингті ұмтылыстарына жатады,
табиғи сұрыптау заңдылығы әрекет
етеді деген теріс қорытынды жа-
сайды. Тәрбиенің пайда болуының
негізгі шарты алғашқы қоғамдағы
адамдардың
еңбек іс-әрекеті және
қалыптасқан қоғамдық қатынастар
болып табылады.
Тәрбиенің пайда болуы туралы
әлемдік ғылымда бірнеше тұжырым-
дама ұсынылады. Ондай көзқарастың
дәстүрлі түрлерінің біріне эволюция-
лық-биологиялық теорияны (Ш. Ле -
турно, Дж. Симпсон, А. Эспинас) жә-
не психологиялық теорияны (П. Мон-
ро) жатқызуға болады.
Эволюциялық-биологиялық тео-
рияның өкілдері алғашқы қауымдық
құрылыс кезіндегі адамдардың тәр-
биелік іс-әрекетін жоғары сатыдағы
жануарлардың ұрпақ қалдыру ту-
ралы инстинкті қамқорлығымен бай-
ланыстырады. Белгілі ғалым П. Мон-
ро негіздеген психологиялық теория
бойынша, тәрбиенің пайда болуын
балаларда санасыз инстинктің үлкен-
дерге еліктеуінің байқалуы деп тү-
сіндіреді. Екі теорияда бір-біріне ұқ-
сас тұжырым қалыптасты: алғашқы