12
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
жерге үйіп тастап, одан не алғысы
келетінін
білмейтін архитектормен
салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа
берілетін білім, іскерлік, дағдыны,
тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспар-
лы, мақсатты тәрбие жұмысын жүр-
гізеді.
Чех педагогі Я.А. Коменский:
«Тәрбие мақсаты және міндетте-
рі, маңызы, жүзеге асыру жолдары
адамның қоғамда алатын орнымен
анықталу керек», – десе, енді бір пікі-
рінде: «Келесі ғасырдың қандай бола-
тындығы сол ғасыр үшін тәрбиелен-
ген азаматтарға байланысты. Дүние
даналардың көптігімен бақытты», –
деген идеясын айтты. Осы ойларын
«Аналар мектебінің» кіріспесінде
өрбітеді. Ғалымның ойынша «Тәрбие
– адамды қалыптастыратын және же-
тілдіретін үйлесімді процесс».
Я.А. Коменский тәрбие мақсатын
төмендегідей негізгі элементтерге
бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу –
«ғылыми білім»;
• қоршаған ортаға ізгілік қатынас –
«адамгершілік»;
• құдайға құлшылық ету – «діни
тәрбие»;
• тән саулығы – «дене тәрбиесі».
Әлемге танымал швейцар педагогі
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты
балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-
ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты
және үйлесімді
дамыту қағидаcын
ұсынады. Неміс педагогі А. Дистер-
вег педагогикалық мәселелерді ше-
шудегі сословиелік және шовинистік
саясатқа қарсы күресіп, «Мектептің
міндеті – адамзатты және өз халқын
сүйетін саналы азаматтарды тәрбие-
леу» деген құнды пікірлерімен педа-
гогика тарихында оның есімі алтын
әріптермен жазылған болатын. Яғни
тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы,
адамгершілігі жоғары тұлғаны тәр-
биелеу деген ойды жетілдіре түседі.
Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой,
еңбек тәрбиесімен тығыз байланыс-
ты қарастырады. Белгілі педагог
П.П. Блонский тәрбие мақсаты балаға
жалпыадамзаттық және ұлттық мә-
дениетті меңгеруге көмектесу, жеке
тұлғаның жалпыадамзаттық идеал-
дарын қалыптастыру деген болатын.
1941-1990
жылдардағы педаго-
гикалық әдебиеттерде «жан-жақты
дамыту» ұғымына ақыл-ой, поли-
техникалық, оқу және өндірістік
еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене
және эстетикалық тәрбие салалары
енгізілді. КСРО педагогі А.С. Ма-
каренко тәрбиенің мемлекеттік мін-
деті негізінде педагогикалық мін-
дет қойып, педагогтардың жұмы-
сын бақылауға алуға болатындығын
атап көрсетті. Ол «Тәрбиенің негізгі
мақсаты баланы жан-жақты дамы-
ту» деген ұсынысты қолдады, ал
В.А. Сухомлинский оны жүзеге асыр-
ды. Тәрбие мақсаты туралы озық
идеялар
қазақ халқының ағарту-
13
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
шылары мен ойшылдарының еңбек-
терінде негізгі орынға ие болды.
Қазақ халқының ағартушы-педаго-
гі Ыбырай Алтынсариннің «өмір-
дің негізгі мәні – еңбек, ол адамның
адамгершілік қасиетін жетілдіреді,
өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш
адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек,
мағынасыз бейнетқорлық адамның
жігерін мұқалтады, өз еңбегінің
қызығын көре білу – кісіліктің басты
белгісі» деген кемел ойының өзіндік
орны ерекше болып табылады. Ал
Абай Құнанбайұлы «талап, еңбек,
терең ой, қанағат, рақым» сынды
жеке тұлғалық жақсы қасиеттер-
ді қалыптастыру мақсатын қойып,
«өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,
бекер мал шашпақ» деген секілді зи-
янды әдеттерді жоюға шақырады.
Қазақ
халқының біртуар азаматы
Мағжан Жұмабаев: «Көркем денелі,
түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл таба-
тын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы
үн, әдемі түрден жақсылық пен ізгі-
лік алып, жаны толқынарлық болса,
баланың дұрыс тәрбие алып, шын
адам болғандығы», – деп келтіреді.
Ғалым Мәтжан Тілеужанов өзі-
нің «Қазақ тағылымы» атты моно-
графиясында қазақ тағылымының
негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Олар «ар-ождан тазалығын сақтау;
ақыл-ойлы, парасатты болу; бар-
лық әрекетінен – сөйлеген сөзінен,
қарым-қатысынан, көзқарасынан ғиб-
рат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш
жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иман-
ды, инабатты, қайырымды болу; жас
ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау;
халық дәстүріне
берік болу; оны
жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрсе-
лерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір
сырлы болу; халқының рухына кір
салмау; ел берекесін сақтап, оның
баюына үлес қосу. Сонымен, дәстүр-
лі педагогикада жас ұрпақты тәрбие-
леудің негізгі мақсаты «жан-жақты
үйлесімді дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру» деп көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: