Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет69/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   195
кітап тарбие туралы

АХМЕД ИҮГІНЕКИДІҢ 
ТӘРБИЕЛІК 
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Ақиқат сыйы» кітабы – тарихи 
тағылымдық, тәрбиелік шығарма. 
Түпнұсқасы сақталмаған. XIV-XV 
ғасырларда жасалған 3 түрлі кө-
шірмесі бар. Оның ішінде ең ескісі – 
1444 жылы Самарқанда Арсылан Қо-
жа тархан Әмірдің жазу шебері Зәй-
нүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Жур-
жани Құсайынның көшіріп жазған 
нұсқасы.
Хатқа түскен нұсқасының жалпы 
көлемі – 508 жол. Бұл мұра қа-
зір Стамбұлдағы «Айя-София» кі-
тапханасы қорында сақтаулы. Екін-
ші нұсқасы Стамбұлда 1480 жы-
лы «Шайх зада Абд ар-Раззақ-
тың» ұйғыр және араб жазуымен 
кө шір ген, 506 жолдан тұратын үлгісі. 
Парсыша, тәжікше түсініктемеле-
рі бар, Стамбұлдағы «Айя-София» 
кітап ханасында сақтаулы бұл жә-
дігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал 
Қ. Махмудов 1972 жылы жариялаған. 
«Ақиқат сыйының» үшінші араб-
ша нұсқасы XIV ғасырдың аяғында 
немесе XV ғасырдың басында 524 
жол өлең көлемінде көшірілген. Ол 
Стамбұлдағы «Топ-Қапы» сарайын-
да сақтаулы. Сол сияқты «Ұзын 
көпірдегі Сейіт Әлі» кітапханасынан 
табылып, Анкара кітапханасына та-
быс етіліп, кейіннен мүлдем жоғалып 
кеткен Ахмет Иүгінеки мұралары ту-
ралы да дерек бар.
Анкарадағы Маариф кітапхана-
сынан табылған (қол. 4-бет), Берлин-
дегі Ғылым академиясында сақтаулы 
тұрған (1 бет) өзге нұсқалары кең 
көлемде таралғанын дәлелдейді. 
XV ғасырдағы түпнұсқасын да-
ғы фотокөшірмесі, транскрипциясы, 
қа зақ тіліндегі қара сөзбен жол-
ма-жол және өлең түріндегі аудар-
масы 1985 жылы жарық көрді. Бел-
гілі филологтар «Ақиқат сыйының» 
Ә. Құ рышжанов, Б. Сағындықов қа-
зақша тәржімасын жасаған. 
(Отырар. Энциклопедия. – 
Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 


139
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет