М.Қ. Әбусейтова; Қазақшалаған Ә.М. Ибатов,
З. Жандарбек, А.Ш. Нұрманова» кітабынан,
191-194 бб.)
Әдебиеттер
1. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 6-том.
Қожа Ахмет Йасауи. Даналық
кітабы. Ахмет Йүгнеки. Ақиқат сыйы /Құрастырушылар: А. Әлібекұлы, С. Дәуітұлы,
Б. Сағындықұлы. – Алматы: Таймас, 2008. – 488 б.
2.8. Ахмед Иүгінекидің
тәрбиелік мұралары
Ахмед Иүгінеки (XII ғасырдың
соңы, Түркістан өңірі – XIII ғасыр-
дың басы, сонда) – ортағасыр-
лық ақын, хакім, ойшыл, ағарту-
шы. Иүгінеки (қазақша Жүйнек)
қаласында туып-өскен. Ахметтің
туған жері Түркістанға қарасты
«Иугнәк» деген қыстақ. Қазақтар
ол жерді Жүгенек деп атаған. Ах-
мет жас шағында араб, парсы ті-
лін терең меңгерген білімді, ғұлама
бол ған.
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры,
өмір сүрген ортасы туралы дерек-
тер тым тапшы. Зағип болып туып,
фәни жалғанның жарық сәулесін
көрмей бақиға озған Ахмед жас-
тайынан ілім-білімге құмартып,
түркі тілдері мен араб тілін жетік
меңгерген. Шариғат қағидаларын
жан-жақты зерттеп-танып, терең
іліміне сай «Әдиб Ахмед» деген
құрметті атқа ие болған.
Ақыл-ойы толы сып, діни та-
нымы әбден кемел ден ген шағын-
да Ахмед Иүгінеки қысқаша та-
қырыптарға бөліп, ислам құн-
дылықтарына негіз дел ген өлең-
жырларын өмірге кел тіре бас-
тайды. Кейін бұл жәді гер лік-
тердің басы біріктіріліп, «һиба-
тул-хақаиқ» («Ақиқат сыйы») деп
аталатын дидактикалық өлең дер
жинағына айналған.
Ахмет
Иүгінекидің
«Ақиқат
сы йының» түпнұсқасы біздің за-
манымызға жетпей, біржолата жо-
ғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки
мұрасының XIV-XV ғасырларда жа-
салған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі
үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі –
1444 жылы Самарқанда Арыслан
131
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәй-
нүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Жур-
жани Құсайын көшіріп жазған нұсқа.
Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа
түскен нұсқаның жалпы көле мі –
508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы
Айя-София кітапханасы қорында
сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480
жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың
ұйғыр және араб жазуымен көшір-
ген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Пар-
сыша, тәжікше түсініктемелері бар,
Стамбұлдағы Айя-София кітапха-
насында сақтаулы бұл жәдігерлікті
Н. Әсім 1915 жылы, ал Қ. Махму-
дов 1972 жылы алғаш жария лаған.
«Ақиқат сыйының» үшінші араб-
ша нұсқасы XIV ғасырдың соңында
немесе XV ғасырдың басында 524
жол өлең көлемінде көшірілген. Ол
Стамбұлдағы «Топ-Қапы» сарайында
сақтаулы. Сол сияқты «Ұзын көпір-
дегі Сейіт Әлі» деген кісінің кітап-
ханасынан табылып, Анкара кітап-
ханасына табыс етіліп, кейін мүлдем
жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки
мұралары туралы дерек бар [1, 94-б.].
Анкарадағы Маариф кітапха-
насынан табылған (көлемі 4 бет), Бер-
лин Ғылым Академиясында сақтаулы
тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-
жосықтары Ахмет Иүгінеки еңбек-
терінің қаншалықты кең көлемде та-
ралғанын дәлелдей түседі. «Ақиқат
сыйының» бірнеше нұсқасын та-
уып, зерттеп, жариялауда Н. Әсім,
Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ре-
сей), Т. Ковальский (Польша), Дени
(Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айда-
ров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б.
Сағындықов (Қазақстан), Н. Малла-
ев, қаласының Қ. Махмудов, С. Мут-
талибов (Өзбекстан), т.б. шығыстану-
шы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед
Иүгінеки «Ақиқат сыйының» XIV
ға сырдағы түпнұсқасының фотокө-
шірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне
қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен
аударылып, 1985 жылы жарық көрді.
Ахмед Иүгінеки өз шығармала-
рында дүние жаратылысы мәселе-
лерін ислам қағидалары негізінде
түсіндіреді. «Барлық нәрсе бір Ал-
ланың еркінде» екендігін және оның
даралығын дәріптейді. Сол үшін
де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ,
ол өмірмен алмасып отырады дей-
ді: «Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ
қылып, екінші бар етерсің» немесе
«Өліні тірі, тіріні өлі етеді». Ал өмір
сүрудің өлшемін білім арқылы бел-
гілейді. Яғни, білімдіден пайда бар,
пайдалы нәрсе – тірі, ал пайдасыздық
– бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім
арқылы мәңгілік өмірге қол жеткі-
зуге болады, өйткені «білімдінің өзі
өлуі» мүмкін, бірақ «аты өлмейді».
Ахмед Иүгінеки үшін білім – көп
білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал
ақиқаттың негізі Аллада болса, оны
да «білім арқылы тануға» болады.
«Бақыт жолы білім арқылы білінеді».
Білім ойдан, ізденуден шықса, оның
пішіні – сөз. Тіл – жаратушымен
132
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
байланыстырушы
құрал,
адам
«күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну
арқылы құлшылық етеді». Бірақ сөз
адамға пайдасымен қатар зиянын да
тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның
өзіне байланысты. Сөз адамның ой-
лау қабілеті мен адамгершілік бейне-
сін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пай-
далы мен пайдасыздың, ақиқат пен
жалғанның нарқын өкініш айыра-
тындығын «Қандай іс істесе де білім-
сіздің еншісі – енші, оған одан басқа
өкініш жоқ», «Көп сөйлеген көп
өкінеді», «Ашкөздіктің соңы – өкі-
ніш, қайғы-қасірет» деген жолдары
арқылы байқатады. Өкініш мұнда
этикалық нормалардың ара жігін
ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйе-
не отырып, біз Ахмет Иүгінекидің
этикалық көзқарастарын анықтай
аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл
дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі
де өзгереді. «Жас қартаяды, жаңа ес-
кіреді», «Барлық толған нәрсе азая-
ды, түгел кемиді». Сол себепті бұл
дүниенің қызығы да жалған, өткінші.
Мұнда «менікі» деген жоқ. Өйткені
«менікі дегенің» ертең «өзгелердің
еншісі» болып шығады. Сондықтан
дүниеқорлық пен ашкөздік адамға
бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай бер-
сең, ол сенің тек «уайым-қайғыңды
көбейтеді», «одан да еңбек ет» деп
тұжырымдайды. Кішпейілділік пен
жомарттықты, сабырлылық пен көн-
бістікті мадақтайды.
Ахмед Иүгінекидің гуманизмі діни
этикалық қағидалармен қабысып жа-
тады. Яғни, зұлымдық зұлымдықты
тудырады деген қағиданы хадисте-
рінің қазығы ете отырып, кешірімді
болғанды хош көреді: «Бір айыпқа
бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз
қалады» дейді. Бірақ дүние мен адам-
дардың кемелсіздігіне орай айтылған
«Мың досың болсын мейлі, біреуі
де адал емес», «Дүние бір қолмен
бал, бір қолмен у ұстатады» неме-
се «Шырақ, сырың өзіңде сақталып
тұрмаса, досыңда сақтала ма?» деген
сөздерінен үмітсіздік сарындар да
аңғарылып қалады. Ахмет Иүгіне-
кидің нақыл сөздері түркі жұртында
бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде
сақталып, айтылып келеді.
Адамзат тарихындағы өркениет
ғылымның дамуымен өлшене тіні
белгілі. Ғылымның дамуындағы не-
гізгі сипаттамалар мен заңдылықтар
әлеуметтік-мәдени контексте қа-
растырылып, ғылымның мақса-
ты, алынған нәтижелерінің ма ңыз-
дылығы анықталады.
Қоғам және оның мәдени жағдайы
ғылыми-зерттеушілік
процестерге
бағынышты. Дарындылар шығар-
машылығы әлемдік мәдениеттің да-
муы, жетістіктер шыңының әрбір
тарихи прогресінің өлшемі болып
табылады. Осы шығармашылықта
барлық құнды және маңызды, адам-
заттың ғылымдағы, өнердегі, тә-
жірибелік қызметтегі жетістіктері
көрініс табады. Олардың идеялары,
өнер туындылары, азаматтардың ұм-
133
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
тылыстарын білу арқылы, біз олар-
дың сол дәуірдегі дүниетанымын та-
нимыз. Өз дәуірінің танымал тұлға-
лары қалыптастырған шығарма-
шы лық еңбектері өзі өмір сүрген
ке зеңнің бейнесін береді. Ал ғылым
жаңа идеяларды алға жылжытушы
ғалымдар қызметінің нәтижесі бо-
лып табылады. Олардың мақсаты
біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық
ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше
өнім, яғни жаңа ғылыми білімдер
қалыптастырады. Саяси ғылымдар
мен саяси білім беру жүйесінде сая-
си ілімдер тарихы жеке ғылым және
оқу пәні болып табылады. Берілген
саясаттанулық дисциплина шеңбе-
рінде осы ғылымның пәні ерекше
түрде зерттеледі. Саясат туралы те-
реңдетілген білімді берудегі тари-
хи процесінің логикалы-түсініктік
көзқарастары көрініс табады. Саясат
пен билік, мемлекет пен саяси жүйе,
саяси теориялардың тарихы туралы
теориялық білімнің пайда болуы мен
дамуының тарихы қамтылады. Сон-
дықтан саяси ілімдер тарихының
пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен
саяси қайраткерлердің пікірлері мен
ұстанымдары жеке теориялар дең-
гейінде дами түседі. Саяси ілімдердің
өткені мен қазіргісін саясаттанулық
талдаудың жалпы жиынтығында ол
ерекше орынға ие. Саяси ойдың қа-
зіргі ілімдері мен теорияларының да-
муына ортағасырлық Шығыс ойшыл-
дарының еңбектері айтарлықтай
ықпал етті. Олар әл-Кинди, әл-Биру-
ни, әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Ибн
Сина, Омар Хайям, Низами, Әлішер
Науаи, т.б. ғұлама-ойшылдарымыз
осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің
саяси көзқарастары саяси ілімдер та-
рихында кеңінен қолданылады. Енде-
ше, осы зерттеуімізде Ахмед Иүгіне-
ки жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің
ғылыми мұрасы адамзаттың саяси
ойларының дамуына өз әсерін тигі-
зетіндігі және шығармадағы әлеу-
меттік-саяси көзқарастар туралы жа-
зылады. Ғылыми еңбек өлең түрінде
жазылған дастан және оның негізгі
мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидак-
тикалық ойларға құрылған филосо-
фиялық толғау болып табылады және
имандылық пен адамгершілік туралы
ойларға тола танымдық және наси-
хаттық сипаттарға ие.
Ахмед Иүгінеки билік үшін күрес-
кен, халықты басқаруға ұмтылған,
оларға үстемдік жүргізгісі келген са-
ясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылы-
ми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы
дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз
ортасының білімпазы есебінде ол
«Әдиб Ахмед» деген атақты да иеле-
неді. Бұл арабшадан аударғанда «тәр-
биелі, оқымысты, жазушы, әдебиет-
ші» деген мағынаны береді. Сонымен
қатар, ол Иүгінекидің лақап аты
ретінде де қолданылған. Түркістан
шаһарының күнбатыс бүйірінде көне
Иүгінек (Югнек) қыстағында туып-
өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хи-
134
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
батул-хакаик») дастанымен даңқы
жайылған Ахмед Иүгінеки (Югнеки)
ертедегі түркі поэзиясының көрнек-
ті өкілі сипатында әлемдік әдебиет
жұртшылығына көптен таныс. Оның
өмірі мен шығармашылығы жөнінде
түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнау-
лы зерттеулер жазған. Ахмед Иү-
гінеки есімі энциклопедиялар мен
әдебиет тарихы кітаптарында да
тұрақты аталады. Зерттеушілер Ах-
мед Иүгінекидің туған, өлген жыл-
дарын дәл басып айта алмайды. Ақын
жөнінде мағлұмат тым аз сақталған.
А. Иүгінекидің өмір кешкен заманын
ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасыр-
дың басы деген тұжырым шындыққа
жақын болса керек.
Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жет-
кен деректер Ахмедтің көзі көрмей-
тін зағип болғанын, өзінің зерек, зер-
делілігінің арқасында ғана ізденіп,
білім жиғанын, түркі тілдерін, араб
тілін меңгергенін, өз кезінің ең бі-
лімдар адамдарының бірі болғанын
мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес
жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы»
дастанының көшірме нұсқалары
Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапха-
наларында сақталған. Ақын шығар-
масындағы алғашқы сөзін мейірімді,
рахымды Аллаға шексіз мадақ айту-
мен бастап, Мұхаммед Пайғамбар
(с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сон-
дықтан, Ахмед Иүгінекидің әлеумет-
тік көзқарастарындағы ең басты және
негізгі орын әлемді жаратушы Алла
тағалаға арналады. Ол адамзаттың
ақиқатқа жету жолында осы қоғам-
ды жаратушы Алла деп тануын және
барлық әлеуметтік болмыстың база-
лық негізі ретінде есептейді. Бұл ерек-
шелік Ахмед Иүгінеки заманында өмір
сүрген ойшылдар М. Қашғари, Ж. Ба -
ласағұн, Ахмед Йасауи еңбектерін-
де дидактикалық сипаттағы өлеңнің
бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен
надандықтың зияны туралы ақыл
сөздерден басталады. Екінші бөлім-
де тілдің маңызы, сөйлеу мәдение-
тін дамыту жөнінде кеңестер берсе,
үшінші бөлімде дүниенің бірқалыпта
тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз
болады. Дастан жомарттықты, қа-
рапайымдылықты,
сыпайылықты,
өр шілдікті дәріптеп, менмендік пен
надандықты, сараңдық пен дөрекі-
лікті айыптайды. Автор сол заман-
дағы адамдардың осы іспеттес ұнам-
ды, ұнамсыз моральдық-этикалық
ерекшеліктерін атап қана қоймай,
сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы
қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сон-
дай-ақ оның теріс қасиеттерін жою
жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер
мен ұсыныстар береді («Егер өкімет-
ке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық
болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа
да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді
алдымен ойлап ал», т.б.). Осындай
ұлағатты ойлар бейнелі салыстыру-
лар мен теңеулерге, нақылдар мен
135
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мақал-мәтелдерге толы. «Білімдінің
сөзі үгіт-насихат, үгіт-өнеге», – дей-
ді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт
жолы білім арқылы білінетіні, білімді
азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз
наданның құны жоқ екендігі туралы
баян етеді. Демек, білімді салғырт-
сынбай үйрену арқылы қоғам өмірі-
нің алға жылжитындығына көзімізді
жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал
ету тек білімдінің қолынан келетінді-
гін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму
сатыларына, әсіресе біздің өткен та-
рихымыздағы қоғам мүшелері үшін
данышпандардың сөздері жоғары
дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең,
тол ғауларда елдің қорғаныс қабіле-
тін нығайту, ел іргесін берік ағайын-
дар ұжымымен күшті болуы наси-
хатталды. Өмір туралы, атамекен,
туған елдің әлеуметтік және қоғам-
дық жағдайы жырланып, жағымды,
жағымсыз тұстары, қатерлері мен
мүмкіндіктері суреттелген керемет
туындылары бүгінгі күнге дейін жет-
кендігі көңілімізді қуантады. «Егер
өкіметке қолың жетсе, мақтанба»,
«Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге
де, жасқа да құрмет көрсет» деген пі-
кірлері сол кезеңдегі басшыларға ай-
тылған кеңесі секілді.
Осыдан «Ақиқат сыйында» ай-
тылатын лидерлік феноменіне қызы-
ғушылығымыз туындайды. Әлеумет-
тік процестегі басшы, лидердің орны
мен ролі, тарихтағы объективті және
субъективті факторлар диалектикасы
мен қоғамдық өмір диалектикасын
айқындау шығарманы оқу барысынан
кейін орын алады.
Бүгінгі күнде лидерлік мәселе-
сі барлық ғылымдарда толыққанды
зерттелуде. Мәселен, психология
лидердің тұлғалық ерекшеліктерін
зерттейді. Әлеуметтану лидерлік-
ті әлеуметтік жүйенің негізінде қа-
растырады. Әлеуметтік психология
лидерлікті әлеуметтік және психоло-
гиялық факторлардың өзара қызмет-
тік процесі ретінде зерттейді. Ал сая-
саттану саяси лидерлікті билік фено-
мені ретінде қарастыра келе, оның та-
биғатын, қызмет ету механизмдерін,
қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен
бірге, тиімді басқарудың әдістері мен
тәжірибелік ұсыныстары айқындала
түседі. Жалпы қазіргі әлемдегі қоғам-
дық дамудың маңызды мәселесі ре-
тінде саяси лидерлікті түсіну болып
табылады. Саясат өзіндік қажеттілік-
тері мен мүдделері, идеалдары, бі-
лімдері, тәжірибесі, құндылықтары,
эмоциялары мен мәдениеті бар су-
бъектілер мен объектілерден құра-
лады. Сонымен бірге, лидерліктің
саяси салада саяси басқару негізінде
түсінілетіні белгілі. Саяси лидерлік-
тің мәселесі нақты саяси шарттар
мен бостандықтар қалыптасқанда
ғана айқындала түседі. Қазіргі оқыр-
ман А. Иүгінекидің осы көзқарасы
арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін
қажет ұстаным екенін айқындап,
оның қазіргі күндегі негізгі биліктік
136
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз.
Осы түсінікке сипаттама беруде ли-
дерлікті ұстап қалу және иеленудегі
заңдылықтар А. Иүгінеки пікірінше,
жайсаңдық пен құрмет етушіліктен
ажырамайды. Ал оның ажырамас
негізгі алғышарттары ретінде қазіргі
қоғам саяси плюрализм, көппартия-
лық, партияішілік және партияның
сыртқы қызметін таниды. Еңбектегі:
«...дүниенің зұлымдық пен жаман-
дыққа толуы, құлшылықтың риякер-
лікке айналуы, мұсылмандардың көр
еліктеушілікке (тақлит) салынуы,
мешіттердің қаңырап қалуы, шарап-
ханалардың толып-тасуы, ғалымдар-
дың амал-істен, захидтердің күнәдан,
даналардың (арифтердің) «ракс пен
самадан» (зікір салудан) қолы ти-
меу, жамандық-індеттің жайылуы»
сияқты наразылықтары мен жан
айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік
тұрақсыздығынан көрініс береді [2,
347-б.].
Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты
қалыптастырудың негізгі факторы
ретінде саяси тұрақтылықты атай
аламыз. Саяси тұрақтылықты қам-
тамасыз ету саяси институттардың
маңызды қызметі болып табылады.
Осы мақсаттарды орындауда билік
орындары түрлі саяси механизмдер-
ді қолданады. Тұрақтылық түсіні-
гін саяси жүйеде қолдану барысын-
да ол ішкі және сыртқы өзгерістер
шарттарында өз құрылымын сақтап,
тиімді қызмет пен дамуға жол аша-
тын ұғымды білдіреді. Теорияға сәй-
кес, тұрақты саяси құрылым қоғам-
ның көп бөлігі сол жүйені қолдауда
жоғары деңгей танытумен қатар, би-
лік пен халық арасындағы қатынас-
тардың келісімді түрде жүргізілуін
айшықтайды. Қоғамдық өзгерістер
мен тұрақтылықтың арақатынасы
мәселесі саяси ғылымдардағы өзек-
тілердің бірі болып саналады. Сая-
си және әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз ету реформаларды бұқа-
раның толық қолдауы арқылы орын
алады. Кез келген жүйенің абсолют-
ті түрде тұрақтылығы ғылыми және
тәжірибелік тұрғыда дәйектелмеген-
діктен, ол мүмкін емес. Сондықтан
оны құрайтын элементтерінің толық
қозғалысына кедергі келтірумен бір-
ге, сыртқы ықпалдардан ажырайды.
Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда
тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі
жүйелері де айқындалған. Кемең-
гер ғұламаның жоғарыда айтылған
ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам
үшін ең негізгі қажеттілік саяси
тұрақтылық екенін түсінеміз. Шығар-
маға қатысты адамзаттың материал-
ды және рухани саласындағы эталон-
дық құндылықтар жүйесіндегі же-
тістік жиынтығындағы мәдениетін де
атап өте аламыз. Мәдениет жетістік-
теріне жету жолында бұл шығармада
көптеген ой-пікір лер айтылған. Сон-
дықтан ғұламаның әлеуметтік-са-
137
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
яси көзқарастарында сол кезеңнің
саяси мәдениетіндегі олқылықтар
туралы айтылып, оң нәтижелерге ұм-
тылуды қоғам мүшелеріне жүктейді.
Ақын мәдениеттің жалпы органи-
калық бөлігін құрайтын түсініктерді
қалыптастыруға арнайды.
Сонымен бірге, «Ахмедтің дү-
ниеге көзқарасының бұқарашылық
сипа ты мына тұжырымдардан жақсы
байқалады: «Әкімдердің игі жұмсақ,
ақ көңіл екен деп сеніп қалуға бол-
майды, олардан әрдайым сақтанып
жүру керек, өйткені олардың қо-
лында шексіз күшті билік бар: кей-
де тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бей-
күнә қалжыңының өзі оның басын
жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен
қалжыңнан аулақ бол» деп келтіреді.
Ахмед Иүгінекидің этнопедаго-
гикалық ой-толғамдары кейде нақты
әлеуметтік жағдайлардан тыс пайым-
далғанмен, бұларда адамгершілік
ізгі мұраттардың, жалпыадамзаттың
мінез-құлық нормалары мен қағида-
лардың гуманистік көріністері айқын
аңғарылады. Ата-бабаларымыздың
өмір-танымы мен өсиетін меңгеру,
тілін түсіну тез арада тындыра са-
латын шаруа емес. Ол тыңғылықты
іздену мен қажырлы еңбекті талап
етеді. Бұл тағылымдық мұраның бү-
гінгі жас тарды патриоттық сезімде
тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап
өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қаза-
қстанның даму шарттарында отан-
сүйгіштікке тәрбиелеу маңызды.
Сон дықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің
Қазақстандағы патриотизмді тәрбие-
леу мен қалыптастыруда құнды еңбек
екенін атап өтуіміз қажет. Осыған
байланысты қазіргі Қазақстандағы
қоғамды біріктірудегі негізгі фак-
тор және тұрақтылықты қамтамасыз
ету мен мемлекеттілікті бекітуде па-
триотизмнің орны зор. Оның тарихи
қайнар көзі тіл мен дәстүрде бекітіл-
ген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен
ұлттық мемлекетті құру шарттарын-
да патриотизм мемлекет дамуының
жалпыұлттық сәттерін танытатын
қоғамдық сананың бір бөлігі болып
табылмақ.
Тұлға оның ізденісіне еркіндік
және жеке таңдау құқығы берілген-
де ғана тәрбиесі дамиды. Тәрбиені
стандарттау тұлғаның даму мүмкін-
діктерін шектейді. Бұл әсіресе өзінің
құндылық бағдарын қалыптастыр-
ған студент-жастарға қатысты. Сон-
дықтан оқытушылардың басты наза-
рында оқу-тәрбие процесінен бұрын
студенттің тұлғалық белгісі тұруы
тиіс.
Патриотизмге тәрбиелеу жұмы-
сы – мемлекеттілікті бекітудің және
еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсізді-
гін қамтамасыз ететін негізгі шарт-
тардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде
жүріп, саяси әлеуметтендірудің ин-
ституттары арқылы өз бағыттарын
айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Жал-
138
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
пы «Ақиқат сыйы» дастанының
негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат
сөздерден құралғандығы туралы бар-
шамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол
мұрасы бүгінгі қоғам үшін, оның
ішінде сая си ілімдер тарихы үшін үл-
кен табыс деп атауымызға болады.
Ахмед Иүгінекидің жоғарыда
талданған шығармасы өзінің әлеу-
меттік-саяси көзқарастарымен қа-
зіргі саяси ғылымдардағы жоғары
мәні өшпейтін құнды мұра болып
қалыптасатынына толықтай сеніміміз
бар. Қорыта келе, қазіргі гуманитар-
лық ғылымдарды жаңа идеялармен
толықтыруда Ахмед Иүгінекидің
«Ақиқат сыйы» еңбегін кең дәрежеде
пайдалана аламыз және оның орны
ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |