141
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие
туралы тағылымдық мұралары
Білімді әйел – ер, надан еркек – әйел.
Сүйекке – май, адамға білім керек.
Ердің көркі – ақыл, сүйектің көркі – май.
Білімсіз кісінің жайы майы жоқ сүйек сияқты.
Майы жоқ сүйекке кім қол ұсынады.
Білім алған ер халыққа белгілі болады.
Білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты.
Білімді адамның өзі өлгенмен аты өлмейді.
Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік.
Білімді
бір кісіге, білімсіз мың кісіге тең келе ме?
Білімнің теңін теңдей ала ма?
Енді ойлап, сынап, байқап көріңіз,
Білім сияқты пайдалы өзге не нәрсе бар?
Білімнің арқасында ғылым жоғары көтерілді.
Білімі жоқ төмен құлдырады.
Білім ал салғыртсынбай үйрен, Алланың елшісі:
«Білім кімде болса – соны ізде», – деді.
(«Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 6-том.
Қожа Ахмет Иасауи. Даналық кітабы. Ахмет Иүгінеки.
Ақиқат сыйы /Құраст.: А. Әлібекұлы, С. Дәуітұлы,
Б. Сағындықұлы. – Алматы: Таймас, 2008. – 488 б., 348-349 бб.)
«Парасатты адам» туралы
«Парасатты адам –
танымның тереңдігімен, жанының жалындылығымен
ерекшеленбей тұра алмайды. Оның жүгі ауыр, жолы ұзақ. Ол көтеретін жүктің
аты – адамгершілік. Бұл жүк емей немене? Бұл жолдан оны ажал
ғана айыра
алады...»
«Адамгершілік пен ізгілік» туралы
«Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды-қанмен
қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы – осы».
Достарыңызбен бөлісу: