МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Тарих-и Рашиди» – Моғол-
станда өмір сүрген тарихшы, ғұла-
ма-ойшыл Мұхаммед Хайдар Дулат-
тың еңбегі. Кітапта XIV-XVI ғасыр-
лардағы Моғолстан тарихы баянда-
лады.
Тарихи еңбек 1542-1546 жыл-
дары Кашмирде парсы тілінде жа-
зылған. Кітап екі дәптерден тұрады.
Алғашқы дәптерде Моғолстанды
билеген Шағатай әулеті хандарының
тарихы суреттелсе, екінші есте-
лік дәптерде Мұхаммед Хайдардың
Кашмир ді жаулап алғанға дейінгі
тарихи оқиғалары сөз болады. «Та-
рих-и Рашиди» – Қазақ хандығының
құрылуы туралы мәлімет беретін аса
құнды еңбек. Онда Жәнібек пен Ке-
рейдің Қазақ хандығының негізін
қалағандығы туралы айтылады. Сон-
дай-ақ кітапта қазақ хандарының бір
ғасырға жуық тарихы да қамтылған.
Қазақ тарихына қатысты жерле-
рін парсы тілінен орыс тіліне алғаш
В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал
қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді.
Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне
моғолдар арасына кең тараған дулат
әмірлерінің тағылымдық өнегелерін,
ерлік істері мен деректерін, тарихи
құжаттарды, әсіресе тарихшылардың
жазбаларын кеңінен пайдаланған.
(«Сен білесің бе?» энциклопе-
диясы /Құраст. Қ.Ж. Райымбе-
ков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы:
«Аруна» баспасы. – 700 бет.)
«Тұлғаның парасатты ақылы
туралы»
«Парасатты ақыл – нағыз ерлік-
тің жол сілтеушісі. Ақылдылық пен
парасаттылықтың пайдасы оқ пен
семсерден артық. Жебе қаншалықты
айбатты болғанымен, нағыз жеңіске
тек ақыл ғана жетелейді».
(Дулати М.Х. Тарих-и Раши-
ди (хақ жолындағылар тарихы) /
Жалпы ред. Ә. Дербісәлі. – Алма-
ты: М.Х. Дулати қоғамдық қоры,
2003. – 616-б.)
«Адамның бойындағы сегіз
Достарыңызбен бөлісу: |