144
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Сол мұралардың жалпы нобайы Асан
қайғының өмір сүрген дәуірін Ноғай-
лы немесе Алтын Орда кезеңімен
байланыстырады» деген деректер
келтіреді [2, 197-б.].
Асан қайғының шын мәнінде де
ХV ғ. Алтын Орда ханының, соның
iшiнде Ұлығ-Мұхаммедтiң кеңесшiсi
болған дерекке жанасады.
Қазан қа-
ласынан Дештi-Қыпшақ жерiне қай-
тып оралған Асан қайғы Алтын Ор-
даның орнында пайда болған ұсақ
хандықтардың өмiрi ұзаққа созыл-
майтынын болжай бiлген. Асан қайғы
Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған
қазақ руларының Әбiлқайыр хан-
дарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ
сұлтандардың қазақтарды Жайық пен
Жем бойына қоныстандырмақ ниет-
терiн құптамайды. Асан қайғы өз
халқының «Жерұйығын» Шу, Сарысу
бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге
тiкелей араласады. Сондағы дiтте-
генi ежелгi түркі, қыпшақ даласынан
безбеу, ел iргесiнiң берiк,
ағайын
ұжымының күштi болуы, «Ел бiр-
лiгiн нығайту, халық ауызбiршілiк-
те болса, мемлекеттiк билiк те берiк
болады, ондай ел ешкiмге есе берiп,
жеңiлмейдi» деген тоқтам.
Оның түркілік тәрбие туралы тол-
ғауларында адамға деген мейiрiм-
дiлiк, қайырымдылық, сүйiс пен-
шiлiк қай жағынан болса да бiрiн-
бiрi толықтырып жатады, туған-
туыстармен тiл тигiзiп қырқыспай-
тын, бет жыртысып көңiл қал-
дырмайтын татулық сезiмi айқын
бiлiнедi. «Мiнезi жаман адамға
ендi қайтiп жуыспа.
Тәуiр көрер
кiсiңмен жалған айтып суыспа»
деген өсиеттi жырлайды. Жырау
бiрде: «Ғылымым жұрттан асты
деп, кеңессiз сөз бастама» дейдi.
Сөз астарында өзiм болдымдыққа
салынып тоқмейiлсiме, жеңiл мiнез-
дiлiкке ерме деген уағыз сарыны
аңғарылады. «Есенiңде, тiрiңде, бiр
болыңыз бәрiңiз» деп халықты бiр-
лiкке шақырады. Онсыз «Қилы-қи-
лы заман болар, қарағай басын
шортан шалар» деп ертеңгi күнге
бұлыңғырлық төнiп қалар деген
болжамын еске салады. Адамдық
ұстаным – борышты мiндеттердiң
жауапты саласы. Оны бұзушылық –
ойшыл үшiн жат құбылыс. Абыз
әдептiлiк сұранысын былай түйiн-
дейдi:
«Естi көрсең кем деме, бәрi тұйғын табылмас»;
«Нәпсi алдаушы дұспанның, насихатын алмағұл,
Бақыты
оянған ерлердiң, әрбiр iсi оң болар»;
«Сөз сөйлесе жөн бiлiп, не десе де жарасар»;
«Ауылдағы жамандар, ел қадiрiн не бiлсiн!»
145
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Болатын адам, өсетiн ел тәуiр
көретiнмен жалған айтып суыспайды,
болмайтын нәрсеге кiжiнісiп, желке
құрыстырып ұрыспайды.
Әдептiлiктiң әр қыры мен сыры –
бақыт көрiнiсiне лайық. Дегенмен,
бақыт – адамға деген ерекше сыйласу
мен махаббат сезiмнiң үйлесiмi мен
иiрiмi. Бақытты жандар ғана өзара
түсiнiсе де, жақындаса да, бiрiге де
алады.
Асан қайғының түркілік тәрбие
туралы жыр толғау ларында көшпен-
ділер даласының сұлулығы, жер
байлығы, аң-құстардың тыныс-тiр-
шiлiгi, олардың географиялық ме-
кен-жайы, күйi тiлге тиек болады.
«Аққу – құстың төресi, ен жай-
лап көлде жүредi» деген шумақтан
сұлулықтың сүйкiмдiлiктi ұштай-
тынын пайымдаймыз. Көркемдiктiң
жан семiртетiнiн, сүйкiмдiлiктiң тән
тазалығына еритiнiн «Бұл
заманда
не ғарiп» деген өлеңiнен аңғарамыз.
Жыраудың «Иiсмайын жамандап,
жұпар қайдан табасың? Көлдiң суын
жамандап, Едiл қайдан табасың?» де-
генi атамекендi ардақтай бiлуге паш
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: