152
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
шығармаларын, орыс және дүние жүзі
ағартушы-педа гогтарының еңбекте-
рін,
ұлы адамдардың өмірі жайын-
дағы кітаптарды алып, бас алмай
оқыған. Мерзімдік басылымдарды
оқып тұрған. Өз бетімен көп ізденіп,
білім қорын молайта келе, Ыбырай
өзінің алдына тілмаш болуды емес,
туған халқына пайдалырақ басқа бір
қызмет істеуді мақсат етіп қояды.
Оның ынтасы ағартушылыққа ауады.
1860 жылы Жайықтың шығысын-
дағы қазақтар үшін төрт бастауыш
мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі
сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім
болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бі-
рақ мектеп бірден ашыла қоймайды.
Бұл аралықта Ыбырай ел ішінде
мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз
баланы өз үйінде оқытады. Торғай
мектебі 1864 жылы ғана ашылады.
«Осы жылы қаңтардың 8-і күні көп-
тен күткен ісім орнына келіп, мектеп
ашылды. Оған 14 қазақ баласы кір-
ді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен
балаларды оқытуға қойға шапқан аш
қасқырдай қызу кірістім», – дейді [1,
254 б.].
Ыбырай мектептегі сабақ пен тәр-
бие жұмысын сол кездегі орыс мек-
тептері үлгісінде құрады. Сабақты
қазақ және орыс тілінде жүргізе
отырып, ол балаларға орыс тілін үй-
ретуге, пән негіздерінен білім беруге
тырысады. Тәрбие жұмысын адам-
гершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп
шығаруға бейімдейді. Ыбырай мәде-
ниет пен білім жолында халқының
өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл
оны жігерлендіре түседі. «Қазақтар
мені құшағын жая қарсы алды. Мекте-
пке балаларын беруге ынталы адамдар
то лып жатыр», – деп жазды [2, 254 б.].
Ыбырайдың ағартушылық, де-
мократтық көзқарастары осылайша
қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әді-
летсіздік пен адам бойындағы ұнам-
сыз мінездерге қарсы күресу үшін
ол ел
ішінде білім, өнер тарату ісін
кеңейте беру керек деп ұғады. Сол
ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісі-
не, бала оқыту жүйесін жақсартуға
жұмсайды.
1876 жылы Ыбырай Петербург,
Қазан қалаларына барады. Орыстың
ағартушылық жүйесін, орыс ағарту-
шыларының еңбектерін зерттейді.
Қазақ тілінде оқу құралдарын жасау-
ды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай
Торғай облысы мектептерінің инс-
пекторы қызметіне тағайындалады.
Бұл оның ағартушылық қызметінің
кең өріс алуына жол ашады. Ол еуро-
палық үлгідегі мектептер ашу ісімен
шұғылданады.
1879-1883
жылдар аралығын-
да Торғай облысының төрт уезінде
(Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе)
жаңа мектептер ашады. 1883 жылы
Торғай қаласында қолөнер мектебі
ашылды. Ол қазақ даласындағы тех-
никалық білім беретін тұңғыш оқу
орны болды. Ыбырай қыз балаларды
оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі.
153
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
1887 жылы Ырғызда қыздар мек-
тебін ұйымдастыруы – оның ағар-
тушылық аса зор еңбегі. Қазақ да-
ласында мектептер санының артуы-
на байланысты Ыбырай мұғалімдер
даярлайтын мектеп ашуды қолға
алды. 1881
жылы Омбы қаласында
тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана
шектеліп қалмады. Ол сол мектеп-
тердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына
айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін
жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл
ретте ол мұғалімнің атқаратын ролін
жоғары бағалады. «Халық мектепте-
рі үшін ең керектісі – мұғалім», – деп
жазды ол. «Тамаша жақсы педаго-
гика құралдары да, ең жақсы үкімет
бұйрықтары да, әбден мұқият түрде
жүргізілетін инспектор бақылауы да
мұғалімге тең келе алмайды», – деп
келтіреді.
Ыбырай туған халқын ерекше сүй-
ді, оның болашағына зор сеніммен
қарады. Сондықтан халық ағарту ісін
айрықша шабытпен жүргізді. 1883
жылы Торғай облысының әскери гу-
бернаторына жолдаған баяндамасын-
да ол: «Қазақтарға – осы дарынды,
ақыл-есі мол халыққа – кешікпей
рухани және қоғамдық даму жолына
түсетін дұрыс бағыт беру – қалай де-
генмен де аса қажет болып отыр», –
деп жазды.
Мәдениетті де талант-
ты педагог-жазушы әрі мінезге бай,
адамгершілік, жолдастық қасиеті мол
Ыбырай орыс зиялыларының арасын-
да мейлінше беделді, сыйлы болған.
Оқулық жасау жолында оқулыққа
Ыбырай мектепте қазақ балалары-
на білім мен тәрбие берудің басты
құралы деп қарайды. Ол балаларға
ана тілін таза және ұқыптылықпен
үйретеді, шағын көркем шығармалар
арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа
баулуды көздейді. Ыбырай балалар-
ды мазмұны олардың білімін көтере-
тін, тақырыбы оларды қызықтыратын
кітаптарды... қазақтың өз тілінде...
басып шығару керек деп білді. Өзі
1876 жылдан бастап «Қазақ хресто-
матиясын» жазуға кірісіп, оны 1879
жылы
Орынборда бастырып шығар-
ды. «Бұл кітапты кұрастырған да
мен, – деп жазды. Ыбырай хресто-
матиясының алғы сөзінде, – бірінші-
ден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш
шыққалы отырған жалғыз кітаптың
орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеле-
ніп жүрген қазақ балаларына оқу кі-
табы бола алу жағын көздедім» деген
болатын [3, 254-б.].
«Кел, балалар оқылық», «Қазақ
хрестоматиясы», «Мұсылмандық тұт-
қасы», т.б. балаларға арналған өлең-
дер мен шағын әңгіме-новеллалар
және оқу құралдарын құрастырды.
Олардың бірқатарын өзі жазды, біра-
зын халық педагогикасы үлгілерінен
жинақтаған. Әдістемелік еңбектерін-
де қазақтың халық әдебиетінің үлгі-
лерін де іріктеп кіргізді.