Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет84/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   195
кітап тарбие туралы

2.12. Абай Құнанбайұлының 
тәрбиелік мұралары
Абай 
Құнанбайұлы 
Семей 
облысы, Абай ауданында 1845 
жылы 10 тамызда дүниеге келген. 
Абайды әкесі Құнанбай Семейдегі 
Ахмет-Риза медресесіне оқуға бе-
реді. Ол кезде жас шәкірт Шығыс 
ғұламалары мен түркі ойшыл-
дарының шығармаларымен та-
нысып, өзі де соларға еліктеп өлең 
жаза бастайды. Ақынның бізге 
жеткен мұралары өте аз. Көптеген 
шығармалары ұмытылған, жо-
ғалған. Шығармаларының негізгі 
тақырыбы елдің әлеуметтік жағ-
дайы, тәрбие, дін, табиғатты сурет-
теудегі эстетикалық бейнелеудің 
ұлттық сипатын қолдануы, ұлағат-
ты тәрбиелік сөздерден тұрады.
Халықтық педагогика туралы ке-
меңгер ой-тұжырымдарымен белгілі 
Абай Құнанбайұлы тәрбие, дін, саясат, 
қоғам, әлеумет, өмір философиясы 
секілді келелі мәселелерді қамтиды. 
Оның тағылымдық мұраларының 
мәні жеке тұлғаның өз еліне, жеріне, 
бауырларына, ұлтына адал еңбек ету-
ге тәрбиелеумен сипатталады. Сон-
дықтан ақын шығармаларының негіз-
гі бағыты ұлт болмысын айқындауға 
құрылған. Себебі Абай шығарма-
ларында «отаншылдық» немесе «па-
триот» сөздері нақты кездеспесе де, 
оның отаншылдық идеяны насихат-
тайтын өсиеттері көп. Сонда да әлі 
күнге дейін біз оны қазақ халқының 
патриот ақыны деп айтылуына жеткі-
лікті көңіл аудармаймыз. Бұл тұрғы-
да зерттеуші ғалым М. Мырзахметов: 
«Абайдың халық арасындағы орасан 
зор ықпалы бар әдеби мұрасын әлеу-
меттің ой-санасын, азаматтық сезімін 
ұштап жетілдіру бағытында, қазақ 
елін топқа, тапқа жіктемей, ағарту-
шылар ұстанған таным тұрғысынан 
танытуға ұмтылады. Абай – бүкіл 
түркі атаулының ұлтжанды қамқор-
шысы» деп келтіреді [1, 71-б.].
Шын мәнінде, түркі халықтары 
Абай өмір сүрген дәуірде қиын-
қыстау кезеңді басынан өткізген бо-
латын. Бұл кезеңде қазақ халқының 
іргесі сөгіліп, елді әркім билеп, Ресей 
империясының озбыр саясаты және 
жергілікті болыс-билердің солақай 
іс-әрекеті елдің тыныштығын бұз-
ған аумалы-төкпелі заман болатын. 
Ақын ның өзі бұл кезеңді: «Қалың 
елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»,– 
деп сипаттайды.
Мұның мазмұны ел бірлігін
оқу-білімді, отаншылдық тәлім-тәр-
биені, ағартушылықты насихаттау-
мен түсіндіріледі. Сонымен бірге 
Абай Құнанбайұлының ерлік дәс-
түрінің төмендігінен: «Кетті бірлік, 
сөнді ерлік» деп, өз заманындағы ер-
лік пен батырлықтың қадір-қасиеті 
кетіп, халық арасында надандықтың 
орын алып, отаншылдық рухтың 


161
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
беделінің төмен түскеніне налып, 
толғана ой айтады. Демек, Абай 
Құнанбайұлының ел бірлігі, батыр-
лық туралы айтқан түркішілдік идея-
лары әлі де болса өз құндылықтарын 
жойған жоқ деп білеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет