156
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие
туралы тағылымдық мұралары
дық санасын оятуды, тәрбиелеуді
мақсат етеді. «Бай баласы мен жарлы
баласы» – Ыбырай шығармаларының
биік шыңы.
Ол, біріншіден,
озық ойларының
жемісі әңгіме оқушысын еңбек ету-
ге, өмір сырын ұғына түсуге бағыт-
тайды. Үсеннің іс-әрекетін жазушы
сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді
салыстыра отырып,
олардың адам-
дық қасиеттерін еңбекке қатысына
қа рай бағалайды. Бұл әңгімеден сол
дә уірден өмір көріністерін,
көшпелі
тұр мыстың шынайы бейнесін көреміз.
«Ыбырай Алтынсариннің
педагогика тарихындағы орны»
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы
педагог, қазақ балалар әдебиетінің
негізін салушы, тіл тазалығы үшін
күрескен кемеңгер.
Көрнекті әде-
биетші ғалым Қ. Жұмалиев өзінің
«ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әде-
биеті» деген ғылыми-зерттеу еңбе-
гінде педагог-жазушыға: «ХІХ ға -
сырда қазақ даласынан шығып,
орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жет-
кен
оқымысты, халық ағартушылар
дәрежесіне көтерілген ағартушы-пе-
дагог әрі ақын-жазушы Ыбырай Ал-
тынсариннің өз халқының келешегі
үшін істеген еңбегі зор», –
деп баға
береді. Оның еңбектері жан-жақты
зерттеліп, ондаған ғылыми-зерттеу
еңбектер жазылған. Өзінің өнегелі
өмірі, тынымсыз ізденісі, жан-жақты
таланты
арқылы танылған Ыбырай
Алтынсарин шығармаларының педа-
гогика тарихында алатын орны ора-
сан зор.
Достарыңызбен бөлісу: