Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет98/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   195
кітап тарбие туралы

(Досмұхамедұлы Х. Оқушылар 
гигиенасы. – Алматы, 1925. – 168 б., 
4-5 бб.)
«Қоғамдық мәдениет» туралы
«Мектептерімізге «кітап» арқылы 
ғана білім беру жетіспейді, тұр-
мыс-тіршілікпен іс жүзінде бай-
ланысты болуы керек, қоғамдық мә-
дениетті үйретуі керек. Мектептен 
шыға салып, жаңа жолмен өмір сүру-
ге даярлық алып шығуы қажет».
(Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. 
Избранные. – Алматы, 1998. 
– 383 б., 79-б.)
«Балалар психологиясы 
туралы»
«Балалар психологиясы – жас ба-
ланың өз мүмкіндігіне қарай жақсы бі-
лім алуына жасалынатын баспалдақ. 
Сондықтан педагогиканың ғылыми 
принциптеріне сүйенсек, оқулыққа 
деген оқушының қызығушылығын 
арттыру қажет-ақ. Бұнда терең білім 
алуға ұмтылдыру, жалықтырып ал-


189
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мау қағидаларын сақтаудың маңызды 
екендігі ашылады. Оқушыға білім 
беруде мынадай негізгі оқыту қағи-
даларын ескеру қажет: ғылыми, көр-
некілік, бірізділік, жас шамаға лайық-
тылық, беріктілік, нақтылық»
(Нұрпейісов К., Құлкенов М., 
Хабижанов Б., Мектепов А. Халел 
Досмұхамедұлы және оның өмірі 
мен шығармашлығы. – Алматы: 
Санат, 1996. – 176-б., 114-б.)
Баланың есте сақтау қабілеті
 туралы
«Ес процесін психологтар бірне-
ше түрге бөледі: көзбен көру, есту, 
эмоция, қозғалыс, т.б. деп шартты 
түрде атайды. Бір оқушы көзімен 
көрсе тез түсініп есінде қалдырады. 
Екінші бала құлағы арқалы естігенді 
тез есінде сақтайды, келесі біреулер 
дауыстап, не іштей оқығанды есінде 
жақсы ұстайды. Енді біреулер көру 
мен естуді қатар пайдаланып, есін-
де жақсы сақтайды. Міне, осындай 
ерекшеліктерді оқыту процесінде 
ескеруді қажет ететін факторлар деп 
сипаттама береді».
Сабақ үстінде материалды бе-
рік түрде есте қалдыру көбіне оның 
мазмұнына байланысты. Мысалы, 
жердің, таудың, өзеннің, көлдің, қа-
ланың, ауданның аттарын жеке алып 
жаттау дұрыс емес. Себебі олардың 
аттарын белгілі бір оқиғаға бай-
ланыстырып есте қалдыру қажет 
(ғалым қазіргі психологиядағы ассо-
циациялық теорияны негізге алады). 
Оқушылар материалды саналы түр-
де меңгеріп, талдап, талқылап, маз-
мұнына түсініп барып есте сақтау 
керек. Кейбір материалдар: көбейту 
кестесі, химиялық формулаларды 
бір рет оқып есте сақтау қиын. Сон-
дықтан бірнеше рет қайталап меха-
никалық есте сақтауды қажет етеді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет