Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет145/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   195
кітап тарбие туралы

Көрнекілігі: Қазақстан Респуб-
ликасы Конституциясы баптарынан 
үзінді, «Бала құқықтары туралы» 
Кон венция, нақыл сөздер.
Жұмыс формасы: командалық 
сайыс.
Қатысушылар: 8-сынып оқушы-
лары, қазылар алқасы, ата-аналар.
Жүргізу реті.


250
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Сынып жетекшісі: Құрметті 
қо нақтар, оқушылар! Біздің еліміз –
бүкіл әлем қауымдастығы мойын-
дап отырған тәуелсіз, егемен мемле-
кет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. 
Президент Н.Ә. Назарбаев: «Заңды 
білу – заман талабы» деген болатын. 
Көптеген азаматтар санасында құқық 
ұғымы – жазалау, соттау, құқық 
бұзылуы ұғымына байланысты тү-
сінеді. Ал құқық – әлеуметтік әді-
леттілік, теңдік, ізгілік және қоғамға 
негізделген тәртіп ережелері. Бүгінгі 
тәрбие сағатымызда құқық ұғымын 
мемлекет тәртібі, құқық адамдар 
арасындағы, өндірістік қарым-қа-
тынасты реттеуші құрал ретінде қа-
растырамыз. Ол үшін мектебіміздегі 
8-сынып оқушылары өзара коман-
далық сайысқа түсіп, құқық туралы 
өз білім-біліктілігін ортаға салады. 
Олар – 8, «А» сыныбының құрама ко-
мандасы «Жас заңгер» тобы және 8, 
«Ә» сыныбының құрама командасы 
«Бала би» тобы.
Қазылар алқасында:
1. Мектеп директорының тәрбие 
ісі жөніндегі орынбасары.
2. Мектеп инспекторы немесе 
құқық қорғау органының өкілі.
3. Ата-аналар комитетінің өкілі.
4. Оқушылардың өзін-өзі басқару 
ұйымының өкілі (Сынып жетекшісі 
әрқайсысын таныстырады).
Ал енді сайысымызды бастаймыз.
Командалар топтарымен алдын ала 
белгіленген орындарға жайғасады.
Сайыстың 1-бөлімі «Ой сергіту».
Толық жауап берілген кезде баға-
лануы «5» балл.
Әр топқа 11 сұраққа жауап 
дайындау ұсынылады. Уақыт мөл-
шері – 5 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет