62
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
наның басшылығымен, бақылауымен
әр түрлi іс-әрекетке (оқу, еңбек,
ойын, эстетикалық, т.б.) үнемі қа-
тыстырылады.
Баланың отбасындағы орындай-
тын
тапсырмалары, оның деңгейi –
педагогикалық процестiң бiрлiгi. Бұл
деңгей арқылы ата-ананың ұйым-
дастыру және бағыттаушы ролiн,
ата-ана мен бала арасындағы өзара
қатынастың сипатын, бала тәрбиесi-
не әсер ететiн отбасының мақсатты
адамгершілік бағыттарын, баланың
отбасындағы араласатын іс-әрекеті-
нің алуан түрлiлiгiн және ата-ананың
тәрбие
құралдарын, әдiстерiн, тәсiл-
дерiн пайдалана алу қабiлеттерiн,
баланың белсендiлiгiнiң дәрежесiн
көруге болады.
Ата-ананың тәрбие жұмысының
сапасын оқушының күн тәртiбiн
ұйымдастыруынан көруге болады,
онда отбасы тәрбиесiнiң маңызды
ерекшелiктерi
көрiнiс табады, от-
басының әдет-ғұрыптарының бiр
бөлiгi болып табылады. Күн тәртiбi
баланың уақыт аралығындағы іс-әре-
кетiнен тұрады: дене және еңбек
қызметi, ой белсендiлiгi, бос уақыт,
дер кезiнде тамақтану, гигиена, ұйқы.
Олардың арақатынасы баланың
жасына, оның жеке тұлғасының
психикалық ерекшелiктерiне және
тiлек-қалауларына
байланысты өз-
герiп отырады. Баланың бос уақыты
оның күн тәртiбiнiң құрамды бөлiгi
болып табылады. Оқушының бос
уақытын пайдалануы, оның іс-әре-
кетiнiң түрлерi отбасының тәрбие
мүмкiндiктерiнiң айқын көрсеткiшi.
Отбасының бос уақыттағы бiр-
лескен іс-әрекетiнiң оқушы үшiн
маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің
өзара әрекеттестiгi ретiнде, түсiнiсу,
сезiм әсерлерi негiзiндегi бiр-бiрiне
ықпал етедi.
Қарым-қатынас кезiнде
іс-әрекетпен, тәжiрибе мен сезiм әсер-
лерi қатар жүреді. Ата-ана мен ба-
ланың арақатынасы отбасы өмiрiнiң
айқын көрiнiсi, оның микроклиматын
қалыптастырып, отбасының даму
мүмкiндiктерiмен сипатталады. Пе-
дагогикалық процестiң қызметiн-
дегi іс-әрекеттiң маңыздылығын,
жеке тұлғалық өмiрлiк болашағын
анықтаудағы мақсаттылық сипатын
көрсете отырып, оның нәтижелiлiгi
оқушының белсендiлiк дәрежесiмен
айқындалады.
Ата-ана
мен бала арасындағы,
балалардың арасындағы өзара қа-
тынас педагогикалық процестiң
тәрбиелiк механизмдерi болып та-
былады. Олар жеке тұлғалыққа мән
берiп, көзқарастардың дамуына, ба-
лалардың мiнез-құлқына, олардың
адамдарға деген қатысына әсер етедi.
Отбасындағы өзара қатынас сипа-
ты
әдет-ғұрыптармен, ата-ананың
өзiнiң бұрынғы отбасынан алған
тәрбие-нұсқауларымен, темперамент
ерекшелiктерiмен, ерлi-зайыптылар-
дың эмоциялық деңгейiмен, олардың
адамгершілік және педагогикалық