Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет30/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   195
кітап тарбие туралы

5. Мектеп пен отбасының әре-
кеттестiгi. Қазiргi уақытта мектеп 
пен отбасы ынтымақтастық әреке тi-
нiң келесi бағыттары айқындалған: ата-
аналармен ұйымдастырушылық-пе-
дагогикалық жұмыс; ата-аналардың 
педагогикалық сауаттылығын да-
мыту; ата-аналармен баланың оқу үл-
герiмi мен тәрбиесiн жақсарту үшiн 
жүйелi жеке-дара жұмыстар жүргiзу. 
Ата-аналармен ұйымдастырушы-
лық-педагогикалық жұмыс ата-ана-
лар комитетi (жалпы мектептiк, сы-
ныптық), ата-аналар жиналысы 
жә не конференция, педагогикалық 
кон силиум арқылы жүзеге асады. 
Ата-аналар комитетi – ең белсен-
дi, ықыласты деген ата-аналардан 
тұратын қоғамдық орган, ол жалпы 
мектептiк (жалпы мектептiк ата-ана-


66
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
лар комитетi) немесе сыныптық жи-
налыстарда (сыныптық ата-аналар 
комитетi) сайланады. Ол 5-6 адам-
нан (өзара негiзгi мiндеттердi бөлiп 
алатын төраға және 4-5 мүшесiнен) 
тұрады. Керек болған жағдайда ата-
аналар комитетiнiң жанында кеңес-
тер, комиссияның ынталы топтары 
құрылуы мүмкiн. 
Мектептің 
ата-аналар 
коми-
тетi – сынып жетекшiсiнiң оң қолы. 
Сыныптың барлық күнделiктi жұ-
мысы (ұйымдастырушылық, орын-
даушылық, бастамалық, тәрбиелiк, 
бақылаушылық, үгiттеушiлiк) сынып 
жетекшiсiнiң шебер әрi бағыттау-
шылық ықпалымен ата-аналар коми-
тетiнiң көмегiмен жүзеге асырылады. 
Ата-аналар комитетiнiң мүшелерi 
сынып жетекшiсiне мектеп пен оқу-
шылардың отбасылары арасындағы 
байланысты орнатуға, сыныптан тыс 
тәрбие жұмыстарын (мерекелердi, 
кештердi, саяхаттарды, театрға бару
т.б.) өткiзуге көмектеседi. Олар пе-
дагогикалық жағынан кемшiлiгi бар 
балалардың ата-аналарымен арнайы 
жұмыс жүргiзе алады. 
Ата-аналар комитетi жұмысының 
жемiстi болу шарттары – оның мү-
шелерiнiң ата-аналар ұжымының ал-
дында есеп беруi, оның іс-әрекетiне 
дем беру (алғыс хат, грамота, жұмыс 
тәжiрибесiн талдап қорыту және ар-
найы бюллетеньдер шығару арқылы), 
сынып жетекшiсiмен үздiксiз ынты-
мақтастық әрекет.
Мектептiң отбасымен ұйымдас-
тырушылық-педагогикалық жұмыс-
тар жүйесiнде мектеп кеңестерiнiң 
қызмет-әрекетi ерекше орын алады, 
олардың қызметтерi сан түрлi болып 
келедi. Олар ата-аналардың мектеп-
пен байланысын нығайтуға, олардың 
педагогикалық сауаттылығын ұйым-
дастыруға ықпал етiп, кейбiр от-
басыларға тәрбиеден көмек көрсетедi 
(көп балалы отбасыларға, жағдайы 
нашар отбасыларға).
Кей мектептерде құрамына жер-
гiлiктi әкiмшiлiк өкiлдерi, кәсiп-
орын, фирма, мәдени-ағартушылық 
ұйымдар, мәдени-ұлттық орталық-
тар басшылары кiретiн қамқорлық 
кеңестерi қызмет етедi. Қамқорлық 
кеңестер мектепке жөндеу және жаб-
дықтау жұмыстарында, тiлек-қалау-
лары бойынша клубтарды ұйым-
дастыруға, кәсiби бағыттарында, 
еңбекке орналасуда, мектеп бiтiру-
шiлердiң одан әрi бiлiмiн жалғастыру-
да демеушiлiк көмек көрсетедi.
Мектеп пен отбасының іс-әрекет-
терiнiң ұйымдастырушылық-педа-
гогикалық формаларына, сондай-ақ 
ата-аналар жиналыстары мен кон-
ференциялары жатады. Олар жалпы 
мектеп бойынша да, жеке сыныптар 
бойынша да өткiзiледi. Жалпы мек-
тептiк ата-аналар жиналысы немесе 
конференцияларда отбасы мен мек-
тептiң оқыту-тәрбие жұмыстарын 
жетiлдiрудiң өзектi мәселелерi тал-
қыланады. Мектептегі ата-аналар 


67
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
жиналысы әдетте жылына 2-3 рет 
өткiзiледi. 
Отбасы мен ұйымдастырушы лық-
педагогикалық жұмыстың ең тiкелей 
формасы жеке сынып оқушылары 
ата-аналарының жиналыстары. Мұн-
дай жиналыстарда сынып жетек-
шiлерi оқушылардың үлгерiмi мен 
тәртiбiнiң сынып өмiрi жайлы, ұжым 
мiндеттерi туралы, т.б. ақпарат бередi. 
Жиналыстар отбасы мен мектептiң 
тәрбие жұмысында ортақ мақсаттар-
ды анықтау үшiн өте маңызды. Жи-
налыстарды оқушылармен бiрiгiп өт-
кiзген тиiмдi. Ата-аналар жиналысы 
әр түрлi болуы мүмкiн: тақырыптық, 
жиналыс-практикумдар, қорытынды, 
тоқсандық, жылдық, топтық, әңгiме-
лесу-жиналыстар, т.б. Жылына бiр 
рет сынып немесе мектеп деңгейiн-
де диагностикалық негiзде ата-ана-
лар жиналысын (немесе конферен-
цияларды) өткiзген дұрыс. Себебі 
бұл процестiң жетекшi (өзгермелi) 
сипаттары арқылы мектептегi жә-
не отбасындағы шынайы жайды 
анықтау үшiн қажет. 
Отбасында бала тәрбиесiне кө-
мек көрсетудiң ықпалды тәсiлi – ата-
аналардың педагогикалық сауа-
тын дамытуды ұйымдастыру. Мек-
теп ата-аналардың педагогикалық 
сауа тын дамытуды ата-аналар жи-
налысын, консультациялар, сұрақ-жа-
уап кештерiн, әкелер конференциясы, 
т.б. өткiзу арқылы ұйымдастыруға 
тырысады. Бұл орайда, әрбiр мек-
теп өз жағдайына, «Отбасы суретi» 
ерекшелiктерiне, оқушылар тәр-
биелiлiгiне сәйкес ата-аналардың 
педагогикалық сауатын дамытудың 
нақты жүйесiн жасайды. Көбiнесе 
оқушылар ата-анасы мен бала тәр-
биесiн жақсартудағы педагогикалық 
консультациялар және практикалық 
кеңестер қолданылады.
Ата-аналарға отбасы тәрбиесiн 
жақсарту мақсатында жеке көмек 
көр сетiп, ықпал жасай отырып, мұ-
ғалiм педагогикалық әдептiлiк сақтау 
керек. Мұғалiмдердiң ата-аналарға 
оқушылардың мектептегi «жаман» 
тәртiбiне шағымдануы әрқашан да 
терiс бағаға ие болады. Мұндай шағым-
данулардың еш нәтижесi болмайды, 
керiсiнше олардың тигiзер зия ны
өте зор. Белгілі педагог А.С. Ма-
каренко мұғалiмдердi ата-аналар-
ды мектепке шақыртудан, балалар 
тәртiбiне шағымданудан сақтан-
дырған: «Кей ата-ана мұндай әңгiме-
ден кейiн қолына қамшы алады, ал 
кейбiреуi болса еш нәрсе iстемейдi 
де, нәтижесiнде барлығы бұрынғы 
қалпында қалады», – дейдi.
Ата-аналар оқушылардың оқу 
еңбегiнiң әр түрлi шараларын өткiзуге 
қатыстырылады (пәндiк тақырыптық 
кештер, танымдық ойын-сауық ойын-
дар, үйiрмелiк сабақтар, т.б.). Көпте-
ген мектептерде «Ашық есiк күндерi» 
дәстүрге айналған, бұл күнi ата-ана-
лар сабақтарға қатысып, сабақтағы 
өз балаларын бақылауға, олардың 


68
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
белсендiлiк деңгейiн және оқу мате-
риалын игеру тереңдiгiн бағалауға 
мүмкiндiк берiледi. Олар бұл күнi: 
пәннiң ерекшелiгiн ескере отырып үй 
жұмысын қалай орындау керек, оқу-
шы пән бойынша оқу жұмысының 
қандай тәсiлдерiн игеру тиiс, осы 
пәндi игеруде қандай қиыншылықтар 
туындайды және оқушыға оларды 
жеңу үшiн қалай көмектесу керек, 
т.б. өзектi мәселелердi шешуде көмек 
ала алады. Ата-аналарға отбасы тәр-
биесiнiң тәжiрибесiмен алмасудың әр 
түрлi формалары ұсынылады. 
Отбасын мектеп жұмысына тар-
тудың нәтижелi формасының бiрi 
«кiшi педагогикалық кеңестер», 
ата-аналардың белсендi мүшеле рiмен 
бiрiгiп мұғалiмдердiң нақты бiр 
сыныптың оқу-тәрбие процесiнiң әр 
түрлi мәселелерi бойынша кеңестер 
өткiзуге болады. 
Осылайша, мектеп пен отбасының 
сынып жетекшiсi арқылы ретте-
летiн педагогикалық процестерiнiң 
арақатынасы мұғалiм қызметiнiң 
диагностикасы негiзiнде қойылған 
мiндеттерiмен анықталады. Сынып 
жетекшiсi қалыптастырған мақсат 
пен мiндеттер оның оқушылар мен 
олардың отбасыларымен әрі қарай 
жұмысының бағыттарын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет