Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет36/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   195
кітап тарбие туралы

Әдебиеттер:
1. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары /Оқу құралы. Құрастырушылар М.Жол-
дасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек. – Астана: «KUL TEGIN», 2001. – 356 б.
2.1. Анахарсистің тағылымдық-
тәрбиелік мұралары
Анахарсис (б.д.д. 620-555 жж.) –
сақ дәуірінің белгілі ойшылы, 
данышпан, философ. Грек ғалым-
дары мен философтарының еңбек-
терінде оның трактаттарынан 
деректер келтірілген. Еуропа ға-
лымдарына «Анноға» арналған 
сөзі, «Патшаның ұлына» айтылған 
тағылымдық өнегелері, «Медокқа» 
арналған трактаты қазіргі кезде де 
қолданыста бар. 


78
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Ежелгі түркі ойшылдарының бірі, 
біздің дәуірімізге дейінгі 620-555 
жылдары өмір сүрген Анахарсистің 
(Анарыс деп атайды) тағылым дық 
мұраларындағы түркілік тәрбие 
идеяларының орны ерекше. Әйгілі 
Платон еңбектерінде Анахарсис ту-
ралы: «Анахарсис – аңызға айналған 
скиф, өзінің Грекияға жасаған сая-
хаты кезінде даналығымен танымал 
болған және Солонның ықпалымен 
өмірін философияға арнады» дейтін 
деректер бар.
Скифтердің есімі тарихта тек 
әскери жорықтармен ғана қалған 
жоқ, ұлы даналардың Отаны ретінде 
мәлім болды. Бұл болжам туралы де-
ректерде: «Анахарсис скиф патшасы 
Спаргапистің шөбересі, Ликтің неме-
ресі, Гнурдың баласы» деп келтіреді.
Геродот және Страбон оны «жеті 
ғұламаның» бірі деп есептеп, со-
лардың қатарына қосқан. Ол қоғам-
дық түзіліс сұрақтарымен көп ай-
налысқан. Пәлсапашы пікірінше, 
әділ өмірдің орнауы, болуы үшін 
жақсы заңдардың болуы жеткілік-
сіз, онда сонымен қатар сол заңдар-
дың қорғаушыларының болуы да
маңызды деп есептеген. Қызметіне, 
қоғамдық ортадағы орнына, манса-
бына қарамастан, заң алдында бар-
лық адамдар тең болуы қажет де-
ген. Халық жиналысының жұмы сын
бақылап тұрып, бірде Анахарсис 
таңғалғандығын жасырмастан былай
депті: «Элладалықтар өте қызық
екен, олар өте ақылды сөздер айт-
қанымен, барлық маңызды сұрақтар 
мен мәселелерді ақымақтар шеше-
ді екен» деп, «Адам қандай да бір 
маңызды іске кіріспестен бұрын өз 
жүйкелерін тәртіпке, қалыпқа келті-
ру үшін өз көңіл күйін көтеруі тиіс. 
Күрделі, үздіксіз жұмысты атқару
үшін демалыс керек», – дейді.
Адам бойындағы жақсы мен жа-
ман нәрсе не деген сұрақты қоя
отырып, өзі оған былай жауап бе-
реді: «Анахарсис саны бар сапасыз
достарға ие болғанша, аз да бол-
са нақты, өзің сенім арта алатын 
шынайы бір досыңның болғаны 
артық деп тұжырымдаған. Нарық, 
оның пікірінше, адамдардың бі-
рін-бірі алдап-арбауы, тонауы, ұр-
лық жасауы үшін арналған орын. 
Ал ол алдап-арбау өлі адамдарды ма, 
жоқ тірі адамдарды ма деген сұраққа 
Анахарсис сұрақпен жауап береді: 
«Ал қайықтағыларды қай топқа жат-
қызуға болады?» – дейді, ал «Көре 
алмаушылық және қорқыныш адам
бойындағы ең жаман қасиеттердің 
бірі: қызғаншақтық адамның өз дос-
тары мен таныстарының кірісін са-
науға әкеліп соқтырса, қорқыныш
адам бойына үмітсіздікті ұялатады», – 
деп келтіреді.
Геродоттың Анахарсис туралы
қалдырған мәліметтеріне көз жүгір-
тіп көрелік: «Анахарсистің тағды-
рынан» көргеніміздей, скифтер өз-
ге елдердің салт-дәстүрлері мен
әдеп-ғұрыптарын қолданудан мақ-
сатты түрде бас тартып отырған. 


79
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Ол көптеген елдерді аралап, түрлі
мәдениеттермен, салт-дәстүрлермен
танысып, көріп-білгеннен кейін,
ақырында өз еліне қайта оралып
отырған. 559 ж. өзінің шынайы досы, 
өмірдегі ұстазы Солон қайтыс бол-
ғаннан кейін Анахарсис өз Отанына
қайтып оралған. Геллеспонт арқылы
жүзіп отырып, Кизикке келген ке-
зінде кизиктіктердің Аналар құ-
дайының құрметіне жасап жатқан 
мерекелерінің үстінен түседі. Ана-
харсис сол жерде Анаға егер өз еліне
қайтып оралса, құрбандық шалуды
дәл осы жердегідей етіп жасауға
уәде етеді. 
Ол Скифияға қайтып оралған кезде 
Гилеяға тереңінен бой ұрып, барлық
құдайларға арналған әдеп-ғұрыптар-
ды, бағыштамаларды жа сап, соларды
орындай бастайды. Ол өзі Кизикте 
көрген мерекелеуді өз елінде де дәл
солай етіп жасайды. Ол ғұрыптар-
ды жасау барысында Анахарсис өз 
денесіне құдайлардың кішкене етіп 
жасалған бейнелерін тағынып, тим-
пандарды (мыс ыдыстар) соғады. 
Анахарсистің мұндай іс-әрекет-
терін көрген скифтіктердің біреуі 
дереу ол туралы Савлияға жеткізіп 
барады. Мұны естіген Савлия де-
реу Анахарсис болған жерге келіп, 
оны өз көзімен көрген кезде садақпен 
атып өлтіреді. Сондықтан да қазір 
біреу-міреу Анахарсис туралы бір 
нәрсе сұрайтын болса, ол өзге ел-
дің әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрін 
қолданғандықтан, ешкім ол туралы 
еш нәрсе білмейтіндіктерін айтады. 
Анахарсистің тек Геродотқа ғана 
емес, сонымен қатар басқа да қазір-
гі заманғы оқырмандарына да белгілі 
болғандығын Понт Эвксинскийдің
жалпы сипаттамасында келтірілген
мына сөйлемдерден көруге болады: 
«Понттарда өз ақылдылығымен
көзге түсетін бірде-бір тайпа жоқ, 
сондай-ақ скиф тайпасынан шыққан 
Анахарсистен асатын білімді, ғұлама 
ер адамды да білмейміз». 
Диоген Лаэртскийдің «Пәлса-
падағы атақтылардың ілімдері мен
өмір сипаттамалары» атты еңбегінде
«Скиф Анахарсис» деген арнайы та-
рау бар, онда скифтік ғұлама туралы
нақты мәліметтер мен ақпараттар бе-
рілген. Онда мынадай мәліметтерді 
оқуымызға болады: «Скиф Анахар-
сис Гнурдың ұлы. Оның анасы грек 
қызы болғандықтан, ол екі тілді қоса 
меңгерген. Ол скифтік және эллиндік
мәдениет, олардың әдеп-ғұрыптары
туралы, өмірдегі құнсыздықтар жай-
лы, сонымен қатар сегіз жүз әске-
ри істер туралы өлең жазған» дейді. 
Өзінің мәнерлі де шешен сөйлеуінің 
арқасында «скифтік өмір сүру салты» 
туралы мақалдардың пайда болуы-
на септігін тигізген. Кейінірек біз
Анахарсистің шамамен б.д.д. 594 ж. 
Афиныға келіп, атақты ғұлама пәл-
сапашы Солонмен кездескенін біле-
міз. Гермипптің айтуынша, ол Со-
лонның үйіне келгеннен кейін оның 
бір үй қызметкеріне Солонға Ана-
харсистің келгендігін, оның қонағы


80
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
болып, өзін көргісі келіп тұрған-
дығын жеткізуді өтінеді. Солон оған 
қонақжайлық қатынастардың оның
елінде баршаға бірдей дәрежеде
көрсетілетінін айтады. Оның бұл
сөзіне Анахарсис Солонның өз елін-
де тұрғандығын, сондықтан өзімен 
қонақжайлық байланыс орнату қа-
жеттігін айтып жауап береді. Осы 
сөздерден кейін Солон оны қабыл-
дап, өзінің ұлы достарының бірі
етіпті. 
Анахарсис Грецияда Солон б.д.д. 
559 ж. қайтыс болғанға дейін отыз
жылдан астам өмір сүреді. Осы
аралықта ол Лесбоста, Фивыда, Ко-
ринфте, Фокиде, Беотияда, Сицилия-
да, Египетте, Персияда болады. Ан-
тикалық зерттеу көздерінің ақпарат-
тарына сүйенсек, Анахарсистің өз
ақылдылығымен, тапқырлығымен, 
ғұламалылығымен аты шыққандығы
соншалық, ол Грецияның жоғары
басқару ұйымының – Ареопагтың
мүшесі болған. Ол олимпиадалық 
ойындарда сөз алып, бірнеше мәрте
марапаттауларға ие болған. 
Анахарсистің қанатты сөздері, 
афоризмдері, мәнді сөздері, ұтым-
ды жауаптары осы іспеттес болып
келеді. Мүмкін бұлардың барлығы
бірдей скифтік ойшылға тән емес 
те шығар. Бірақ олардың басым бө-
лігі сол дәуірге тиесілі, сол кездегі
скифтіктердің салт-дәстүрлерімен 
таныстырып өтеді. Кейінгі жеткізіл-
ген Анахарсистікі болып табыла-
тын хаттар (б.д.д. ІІІ ғ.) оған жақын 
ойшылдардың пікірлерінің ұштаса-
тындығын көрсетеді. Аңыз бойынша, 
Анахарсис айналатын шеңбер мен 
желкен және тіреуіш ойлап тауыпты 
деседі. Геродоттың айтуы бойынша, 
Скифияға оралған соң ол өз отан-
дастарына антикалық мәдениетті
уағыздауға кіріседі, алайда сонысы
үшін өзі қаза табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет