Басқа пәндермен байланысы:
философия, әлеуметтану, психоло-
гия, педагогика, физиология, этнопе-
дагогика, валеология.
1. Отбасы – тәрбие факторы. От-
басындағы тәрбие мәселесін филосо-
фия, психология, педагогика, демо-
графия, құқық, әдептану, тарих, т.б.
гуманитарлық ғылымдар аясында те-
рең зерттеулер нәтижесінде бірнеше
анықтамаларды кездестіруге болады.
Философиялық тұрғыдан «отбасы»
дегеніміз қоғамның ажырамас құрам-
ды бөлігі, өмірде зор мәні бар шағын
ұйымы деп саналса, әлеуметтану
ғылымында отбасы ерлі-зайыптылар-
дың құрған кішігірім тобы деп
анықтама берілген. Оның мүшелері
бір-бірімен тұрмыстық, моральдық
жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету
қарым-қатынаста болып, әлеуметтік
құрылыс ретінде қоғамның экономи-
калық базисінің дамуына байланысты
өзгертіп, жекелей дербестікте болады
деп көрсетеді.
Ал педагогика, психология ғы-
лымдарында отбасы ата-ана мен ба-
лалар арасындағы, ерлі-зайыптылар-
дың және басқа да отбасы мүшеле-
рінің қарым-қатынасының тарихи
нақты жүйесі болып табылады. Оның
ерекшелігі тұрмыстың ортақтығы,
өзара көмек және рухани жауапкер-
шілік арқылы байланысқан. Қоғам-
мен, бүкіл қоғамдық қатынастардың
жүйесімен тығыз байланыста бола
тұрса да, отбасы – қоғамдық өмірге
қарағанда адамдардың белгілі дәре-
жедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы тәрбиесі проблемалары
шетел ғалымдары В.И. Зацепиннің,
Г.К. Матвеевтің, Ю.И. Семеновтың,
Н.Е. Соловьевтің, ал елімізде С. Қа-
лиевтің, М. Жарықбаевтың, К.Ж. Қо -
жахметованың,
Ж.Б.
Қоянбаев-
тың, К. Бейсенбиеваның, Б. Аяға-
нованың еңбектерінде жан-жақты
қа растырылады. Ғалымдардың тұ-
жы рымдалары бойынша отбасы –
адамдардың, яғни некелік негізде
қосылған ері мен әйелдің, олардың
туған немесе тумаған балаларының,
кей кезде басқа да бірге тұратын
жақын адамдарының қарым-қа-
57
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
тынастық, бірлестік формасы. Ав-
торлардың ойынша, бұл анықтама
барлық отбасының кез келген даму
кезеңдерінің мәні мен сипаттарын
қарастырады.
Дүние жүзіндегі әрбір халықтың
өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол
сияқты қазақ отбасы да өзіне тән ерек-
шеліктермен сипатталады. Қазақ-
тың отбасы мәселесіне байланысты
бұрын-соңды жазылып, кезінде баспа
бетін көрген үлкенді-кішілі ғылыми
мақалалар мен монографиялық еңбек-
тер, әдеттік құқық туралы жинақтар
мен қазақтың ауыз әдебиеті – фоль-
клор деректері де көптеп табылады.
Мәселен, ғұлама ойшылдар Қорқыт-
тың, Асан қайғының, әл-Фараби-
дің, Қожа Ахмет Йасауидің, Кей
Қауыстың отбасы тәрбиесі туралы
айтқан құнды пікірлері баға жетпес
еңбек болып табылады. Мұнда от-
басында балаларды тәрбиелеуге ерек-
ше мән беріледі. Отбасындағы тәрбие
тағылымдық, өнегелік қағидаларға
негізделіп, ата-ананың балаға деген
қатынасын анықтайды. Отбасының
бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне
адамгершілік, ізгілік, құқықтық, т.б.
өзара жауапкершіліктеріне, түсінік-
теріне, сонымен қатар эмоционалдық
жақындықтарына негізделеді. Бір
жағынан отба сы – адамдардың өзінің
ішкі өмірін, құпияларын, сырларын
қарсы тұрған сыртқы әсерлерден
қорғайтын бірлес тік.
Сонымен қатар, отбасы қоғамдық
қарым-қатынасқа, оның барлық өмі-
рінің үрдісіне ықпалын тигізе алады.
Отбасы адамдардың қажеттілікте-
рін қанағаттандырып қана қоймай,
бірқатар әлеуметтік функцияларды
орын дайтын қоғамның әлеуметтік
құрылымы, бір элементі болып та-
былады.
Отбасы мүшелері бір-бірімен
тығыз байланыста, ерекше жанашыр-
лық, сүйіспеншілік сезімде болады.
Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына
елеулі атсалыса алады. Бұл жерде бір
немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып
іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда:
әке мен шешенің, балалардың, ағалар-
дың және қарындас, сіңлілердің ролі
негізделеді. Ал үш ұрпақты отбасы-
да ата мен әженің, ене мен атаның,
күйеу бала мен келіннің, қайны мен
балдыздардың ролі қосылады.
Отбасындағы ата мен баланың
қарым-қатынасына әдептілік сипатта
болады. Ана баланы өмірге әкеледі,
ақ сүтін беріп, әлдилейді, өсіреді. Ал
әке мен бала арасындағы қарым-қа-
тынасқа әр түрлі көзқарастар мен
тұжырымдар бар. Біреулер балаға
әкесі әйелі арқылы байланысады
десе, екіншілері әке мен баланың
байланысы тек экономикалық және
эмоционалдық көмекте дейді, ал
үшіншілері «Әкенің баласына деген
ниеті, жасаған жақсылығы – олардың
анасын сүюі» деген ойда. Қалай бол-
са да әкенің ролі ананың ролінен кем
58
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
болмауы керек. Ол тек әр адамның
жауапкершілік сезіміне байланысты
болады.
Отбасы, қай кезеңде, қай қоғамда
болмасын өсiп келе жатқан ұрпақтың
тәрбиесi мәселелерiн шешуде үлкен
мүмкiндiктерге ие болған. Қазiргi
заманғы отбасында жас ұрпақтың
тәрбиесi мәселелерiн шешудегi
ерекшелiгi – ата-ананың бiлiм және
жалпы мәдени деңгейiнiң жоғары бо-
луымен сипатталады.
Балалардың отбасындағы тәрбиесi
оның белгiлi бiр тұрақты әлеумет-
тiк институт ретiнде анықталады, ол
отбасы мүшелерi арасындағы өзара
қатынастардың қалыптасуы мен да-
муына септiгiн тигiзетiн адамдардың
жақындығы, туыстық қатынастар,
тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесiнiң
артықшылығы да осы қатынастарда,
оны тәрбиенің ешқандай да түрi ал-
мастыра алмайды.
Олай болса, отбасы – болашақ
азаматтың әлеуметтену жолындағы
алғашқы бағыт-бағдар беретін ор-
тасы. Ол балаға моральдық қалпы ту-
ралы алғашқы түсiнiктер бередi, оны
еңбекке баулып, өз-өзiне қызмет ету
дағдыларын қалыптастырады. Ата-
ананың iс-әрекетi мен мiнез-құлқы,
өмiр сүру салты арқылы балаға дү-
ниетанымдық, адамгершілік, әлеу-
меттiк-саяси құндылықтар берiледi.
Отбасы тәрбиесiнiң қоғамдық
және мемлекеттiк тәрбиеге қараған-
да артықшылығы басым. Алайда
қазiргi қоғамдық өмiрде болып жат-
қан әлеуметтiк, экономикалық және
демографиялық өзгерiстер отбасына
белгiлi бiр қиыншылықтар туғызады.
Яғни, нарық қатынастарының дамуы
нәтижесiнде отбасында айтарлықтай
адамгершілік тұрғыдан ересектердiң
де, балалардың да жаңа құндылық
бағыттарын қалыптастырып, отбасы
өмiрiне елеулi өзгерістер әкелді.
Ата-ана мен мұғалiмдердiң мiндетi –
қоғамдық
қатынастардың
жаңа
жүйесi ұсынып отырған әлеуметтiк
мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мек-
теп пен отбасы балаларды тауар мен
ақша қатынастарының мәдениетiне
үйрету жұмыстарын ойластыру қа-
жет, сондай-ақ алып-сату пайда табу
немесе пайдақорлық емес, ол жалпы
игiлiк үшiн және өз қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру үшiн құқықтық екi
жақты қызмет көрсету екенiн түсiн-
дiру. Ата-ананың маңызды мiндетi
балаларымен бiрiккен коммерция-
лық қызмет-әрекетке қатысып, оны
бақылау, оларды баланың адалдығын,
адамгершiлiгiн, ұқыптылығын да-
мытатын қызмет көрсетудiң әр түрiн
орындауға үйрету. Нарық отбасы
мүшелерiнiң алатын орнына жа-
нама әсер етедi, олардың өмiрiне
жаңа әлеу меттiк бағдарлар енгiзедi.
Қоғамдық және мемлекеттiк тәрбие
беделiнiң төмендеуi отбасы өмiрiнiң
тәрбиесіне қиындық әкелді.
Бүгінгі күні қоғам дамыған сайын
отбасындағы бала саны азайып ке-
59
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ледi. Аз балалы отбасында, негiзiнен
бiр баласы бар отбасында, iшкi от-
басылық тәрбиенiң ең басты жағдайы
жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы.
Бiр баланың тәрбиесi қосымша пе-
дагогикалық күш салуды талап етедi.
Жалғыз балаға деген ата-ананың,
әжесi мен атасының артық көңiл
бөлуi оны белсендiлiгiнен айырып,
оның эгоистiк қасиеттерінің қалыпта-
суына әсер етеді.
Толық емес отбасыларда, ата-
анасының бiреуi жоқ болған отба-
сыларда тәрбиелiк мәселелердi ше-
шуде кейбiр адамгершілік-психоло-
гиялық ыңғайсыздықтар болуы мүм-
кiн. Мұндай отбасылардың көбiнде
ана және бала ғана болады.
Отбасы тәрбиесiнiң проблема-
сы – ананың отбасы тұрмысынан қолы
босамауы. Ананың уақыты жетпеуi
көбiнесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқ-
ты тәрбиелiк ықпалдың нәтижесiз
әдiстерiн пайдалануға мәжбүр бо-
лады. Микроклиматы жағымсыз, от-
басы өмiрi ұрыс-керiске, ата-ананың
бiр-бiрiне, балаларына деген шағым-
дарына, айқай-шуға, қорлық сөздер
мен iс-әрекеттерге толы отбасында әр
түрлі проблемалар туындайды.
Ата-ана құқығынан айырылғалы
тұрған ата-аналар әлеуметтiк және
педагогикалық проблемалар туды-
рады. Мемлекет оларды ата-аналық
құқықтарынан айырғанда балалар-
дың мақсат-мүддесiн басшылыққа
алады. Алайда, бұл ретте олардың
өмiрi өз мәнiн барынша жоғалтады,
өйткенi өмiр сүру мен дамудың ма-
ңыздылығы кемиді.
Елдегi түбегейлi әлеуметтiк-эконо-
микалық өзгерiстерге, жекеменшiктiң
пайда болуына, жеке адамның баю
мүмкiндiгiнiң тууына байланысты
материалдық жағынан ауқатты от-
басылар пайда бола бастады. Мұндай
отбасыларда тәрбие белгiлi бiр проб-
лемаға кездеседі. Көбiнесе мұндай
отбасындағы бала балалық ұжым-
дардан алшақ болады, оның ерекше
сезiмi қалыптасып, қоршаған адам-
дарға деген жөнсiз наразылық эгоиз-
мі тууы мүмкiн.
Отбасының жоғары материалдық
ауқаттылығы (материалдық жағ-
дайы ның төмен болуы да) отбасы
жұмысын ұйымдастыруда қолайсыз
жағдайлар туғызады. Мектеп пен от-
басы әдiстемелерiн нақтылап, оның
кемшіліктерін түзете отырып, бұл
проблемаларды жеңуге тырысу қа-
жет.
Осылайша, демократиялық қо-
ғамда ата-ананың бала тәрбиесiн-
дегi қызметi толығымен қалпына
келетiнiн есте ұстауымыз керек.
Алайда қазiргi кездегі қоғамдағы
әлеуметтiк-экономикалық жағдай-
лар да бала тәрбиесiне қиын-
шылықтар туғы зып отыр. Ата-ана,
отбасы тәрбиесiнiң ма ңыздылығы
баланың құндылық бағыттарын,
оның моральдық қасиеттерiн қа-
лыптастыруға негіз болады.
60
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
Достарыңызбен бөлісу: |