Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет29/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   195
кітап тарбие туралы

4. Отбасы тәрбиесіне сипатта-
ма. Отбасындағы бала тәрбиесiнiң 
жетiлуi 
әлеуметтiк-педагогикалық 
және материалдық сипаттағы көпте-
ген жағдайларға байланысты. Олар-
дың бiрi – оқушы тәрбиесiндегi от-
басы мен мектептiң ынтымақтастық 
қарым-қатынасы. Бұл арақатынас от-
басының педагогикалық процесiнiң 
күйi туралы ақпарат болған жағдайда 
ғана жемiстi бола алады.
Педагогикалық процестiң сипат-
тамалары отбасындағы тәрбие әреке-
тімен байланысты болады. Соның не-
гізінде отбасындағы педагогикалық 
процестiң тәрбиелiк мүмкiндiк-
терiнiң деңгейiн айқындауға болады 
(жоғары, орташа, төмен).
Жоғары деңгей – барлық негiзгi 
көрсеткiштер толығымен көрiнiс 
тап қан отбасылар. Ата-ананың әлеу-
меттiк жауапкершiлiгi мен педагоги-
калық мәдениетi дамыған, олардың 
педагогикалық 
ынта-ықыластары 
бар. Балалары белсендi, дамыған, 
ұйымдасқан, алдында белгiлi бiр мақ-
саттары бар. Отбасында оқушының 
күн тәртiбi сақталады, оның өмiрi әр 
түрлi іс-әрекетке толы. Отбасындағы 
арақатынас демократиялық тұрғы-
да негiзделген. Мұндай отбасылар-
да өзара түсiнiстiк және қамқорлық 
рухы басым; балалардың әкесi мен 
анасының қызметi жайлы хабары 
бар, олардың қиыншылықтары мен 
жетiстiктерiн де бiледi; баланың 
мектептегi жағдайы да отбасында 
еркiн талқыланады; ата-ана баланы 
жүйелi оқу іс-әрекетiне үйретедi, күн 
тәртiбiн дұрыс құруға көмектеседi, 
оқуда қиыншылықтар туған кезде 
көмек көрсетедi; әкесi мен анасы ба-
ланың сабақтан тыс уақытына көңiл 
бөледi; баланың бос уақытын ұйым-
дастыруына қатысып, оған мақсат-
тылық пен тиімділік элементтерiн 
енгiзедi. Отбасында бiрiгiп iстелiнген 
еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық 
шаралар, кiтап оқу – күнделiктi және 
жиi болып тұратын құбылыстар. 
Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық 
мәдениетке бағыттап оқыту мен тәр-
биелеу мәселесiне әлеуметтiк-жауап-
кершiлiгін түсінеді.
Орташа деңгейде отбасының пе-
дагогикалық процесi, жалпы алғанда, 
қанағаттанарлық күйде, алайда кей-
бiр элементтерi, белгiлi бiр мөлшер-
де түзетудi қажет етедi. Ата-ана бала 
тәрбиесiне жауапкершiлiкпен қараса 
да, олардың педагогикалық мәде-
ниетi жеткiлiксiз: олар көбiнесе тәр-
биеде аз әдiстерiн қолданады (наси-
хат әңгiмелер, өнегелік сөздер, т.б.), 
үй тапсырмасын тексеру анда-санда 
ғана жүргiзiледi. Балалар белсендi, 
бiрақ жеткiлiктi ұйымдаспаған және 
мақсаттары анық емес. Отбасын-
дағы өзара қатынас демократиялық 
принциптерге негiзделген, алайда 
авторитарлық бедел қалады. Отбасы 


64
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
сипатындағы ортақ нәрсе – педаго-
гикалық процестi ұйымдастыруда әр 
түрлi қиыншылықтардың болуы. 
Ата-аналар баланың оқу іс-әре-
кетiне көңiл бөлгенiмен, олардың 
тиiстi педагогикалық мәдениетi жоқ. 
Оқудың маңыздылығын мойындай 
отырып, олар баланы күштеу және 
қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүр-
леуге тырысады. Баланың оқуға де-
ген қызығушылығын дамыту, балаға 
көмек көрсету ата-ана үшiн қиындық 
туғызады. Олар, сондай-ақ, баланың 
сабақтан тыс іс-әрекетiн ұйым-
дастыруға қиыналады. Бос уақытты 
бiрге өткiзу кездейсоқ болады. Онда 
жүйелiлiк пен педагогикалық бағыт-
тылық жоқ. Авторитарлық, оқушыға 
ықпал етудiң педагогикалық негiзi 
жоқ тәсiлдерiн қолдану, әкесi мен 
анасы арасында бөлiсу отбасында 
орын алады. 
Төмен деңгей отбасының іс-әре-
кетiнде алауыздықпен, ата-ананың 
нашар педагогикалық мәдениетi, 
бала тәрбиесiне деген жауапкершi-
лiктің жоқтығы, педагогикалық са-
уатсыздығымен сипатталады. Бала-
лардың үлгерiмi төмен, олар үшiн 
отбасылық өмiрдiң қызығы жоқ, ба-
лалардың әуестiктерi кездейсоқтық 
сипатқа ие, жасөспiрiмдер ортасының 
оларға кері әсерi өте үлкен. Ата-ана-
лар өз мiндеттерiн тек қана оқушыны 
қаржы жағынан қамтамасыз ету және 
бақылаудың жалпы қызметтерiн 
атқару деп түсiнедi. Олар мектеппен 
жүйелi түрде байланыс жасамайды, 
педагогтар кеңесiн ескермейді. Оқу-
шының оқудағы, тәртiбiндегi кемші-
ліктерді мұғалiмдердiң төмен жұмыс 
iстеуiмен түсiндiредi. 
Отбасының тәрбие жұмысын 
зерттеудi ұйымдастыру өте маңызды. 
Ол мектеп құжаттарын (оқушылар 
сипаттамасы, сынып журналы, ме-
дициналық карталар) зерттеу мен 
талдаудан басталады. Бұл әдiстi қол-
данғанда алдын ала жоспарланған 
мәселелер бойынша материалдар жи-
нау. 
Отбасы туралы алғашқы мәлiмет-
тердi «Менiң отбасым», «Бiздiң от-
басымыздағы демалыс күнi», «Менiң 
үйдегi мiндеттерiм», «Оқушының от-
басындағы бiр күнi» атты шығарма-
ларды жаздыру арқылы алуға болады. 
Оқушыларға сұрақтар беру олар-
дың ойымен шынайы ақпарат алу, 
шығармалар арқылы ата-аналардың 
азаматтық көзқарасы, отбасының ру-
хани өмірі, оның мүшелерiнiң өзара 
қатынасы, балаларға деген қатынасы 
туралы бiлуге болады. 
Шығармадағы отбасы туралы 
мәлiметтердi ата-анадан (ата-аналар 
жиналысында өткiзiлгенде) сұ рақ-
жауап арқылы алынған материал-
дармен салыстырып, қайта тексеру 
керек. Бұл екi әдiстi (шығарма мен 
сұрақ-жауапты) оқушылар мен ата-
анадан объективтi ақпарат алу үшiн 
бiр уақытта өткiзу керек. Жетiстiктер 
мен кемшiлiктердiң себептерi айқын-


65
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
далып, мектеп пен отбасының бiр-
лескен қызмет-әрекетiнiң болжамы 
анықталады. 
Отбасы – iштей тұрақты, тұйық 
ұжым. Сондықтан оны зерттеуде бел-
гiлi бiр қиыншылықтар ұшырасады. 
Отбасының сипаттамасы туралы 
мәлiметтер алу мақсатында бақылау-
лар мен әңгiме жүргiзу әдiстерi қол-
данылады. Әңгiме кезiнде мақсатты 
түрде белгiлi бiр жоспарды ұстану 
керек. Ата-анамен әңгiмелесу өнерi 
мұғалiмнен өте жақсы дайындықты 
талап етедi. Әңгiмелесiп отырған 
адамның бет әлпетiнен, қойылған 
сұрақтарға қатынасынан оның пси-
хологиялық жай-күйiн бiлуге болады. 
Отбасы мүшелерiнiң арақатына-
сы мәселелерiн анықтаудың аталған 
әдiстерден басқа тағы бiр жолы 
«Менiң отбасымның суретi» әдісін 
сәби және жасөспiрiм жаста өткiзу 
тиiмдi. Оқушыларға «Өз отбасыңның 
суретiн сал», «Біздің үйіміз» деген 
тапсырмалар берiледi. Бұл әдiстiң 
артықшылығы сонда, балалар өз су-
реттерiнде отбасы мүшелерiнiң арақа-
тынасы туралы ақпаратты өз бетiн-
ше, өз қалауымен бейнелей алады. 
Алайда оның объективтiлiгi күмән 
келтiруi мүмкiн, оған бiрнеше себеп 
бар: көзбен көру-моторлық сипаттың 
жетiспеуi (бала адамдардың суретiн 
сала алмайды, сондықтан өз отба-
сын салудан бас тартады), кейде бала 
өзiнiң қалауларын, тiлектерiн шын-
дық, ақиқат ретiнде беруге тырысады 
(отбасында жоқ мүшенiң суретiн са-
лады – оның ата-анасы ажырасқан). 
Сондықтан «Отбасы суретi» арқылы 
алынған ақпаратты басқа да әдiстер-
мен толықтыру қажет.
Осы ұсынылып отырған от-
басының диагностикасының әдiстерi 
мұғалiмге объективтi ақпарат алуға 
және бөлек алынған немесе тұтас 
сынып отбасыларының ұжымы ре-
тiндегi отбасының тәрбиелiк сипа-
тын қарастыруға, оқушылардың от-
ба сыларымен жұмысында әдетте 
кездесетiн мәселелердi табуға, ата-
аналарға бала тәрбиесiн жетiлдiрудiң 
белгiлi бiр тұстарын түзетуге, көмек-
тесуге мүмкiндiк бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет