Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет32/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   195
кітап тарбие туралы

2. Сынып жетекшiсiнiң жұмы-
сындағы оқушылардың жеке тұл-
ғасын қалыптастыру. Оқушы-
лардың адамгершілігі, әдептілігі 
және мәдениеттілік деңгейі тәр-
биенiң нәтижесі болып табылады. 
Адамгершілік адамның iс-әрекетi 
мен қылықтарынан көрiнетiн қор-
шаған ортаға деген қатынасын біл-
діреді. Қарым-қатынас дегенiмiз – су-
бъектiнiң қоршаған ортамен қалауы 
бойынша анықталатын байланысы. 
Сондықтан оқушының қандай құн-
дылықтарды таңдап алуы сынып же-
текшiсi мен пән мұғалiмдеріне тәуел-
ді.
Зерттеушiлер қатынастар жүйесi-
не әр түрлi құрылымдарды енгіз-
ді. Әрбiр қарым-қатынас тәрбиенің 
өнегелерін игеру дегендi бiлдiредi, 
алайда мұндағы ең бастысы тәжіри-
белердің мағынасын түсiну, сезiну 
болып табылады. Қазақ ғалымдары 
Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С.А. Ұзақ-
баева, Г.К. Нұрғалиева, К.Ж. Қожах-
метова, Қ. Бөлеев, т.б. жеке тұлғаның 
қасиеттерiн құндылық қатынастар-
дың қалыптасу нәтижесi деп түсiн-
дiредi. 
Жеке тұлғаның ең басты қасиет-
терiн осылайша бөлу өте маңызды, 
өйткенi қоршаған ортаға, адамға, 
материалдық және рухани дүние-
ге деген қатынастың қалыптасуы 
барысында адамгершіліктің барлық 
тұстарын қамту мүмкiн емес. 
Тәрбие нәтижелерi туралы сөз 
етер болсақ, жеке тұлғаның басты 
қасиеттерiнiң қалыптасуы туралы ай-
туға болады:
1. Басқа адамға деген қатынас – 
гуманизм.
2. Өз-өзiне деген қатынас – қа дiр-
қасиет.
3. Еңбекке деген қатынас – ең-
бексүйгiштiк, еңбекқорлық.
4. Ұжымға деген қатынас – ұжым-
шылдық.
5. Отанға деген қатынас – отан-
сүйгiштiк, патриотизм.
6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа 
қамқорлық.


72
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
7. Көркемдiкке қатынас – көркем-
дiктi эмоциялық-эстетикалық түрде 
қабылдау қабiлетi.
Жеке тұлғаның осы бiр қасиет-
терiн қалыптастыру – қоршаған орта 
туралы бiлiмдердi өнегелiлiк түрде 
түсiнiп-сезiну. Сондықтан оқушылар-
дың қоршаған орта туралы бiлiмдер 
жинағын адамгершілікпен сезiнуi 
тәрбие жұмысының басты мақсаты 
болып табылады.
Оқу материалының, әрбiр са-
бақтың өзiндiк тәрбиелiк маңызы бар 
екенi белгiлi. Олардың әрқайсысы 
оқушылардың қоршаған ортаға де-
ген, құндылық қатынасын қалып-
тастыруда басқа адамның жеке 
тұлғаға құрметінен бастап, болмысты 
эмоциялық-эстетикалық қабылдауға 
дейiнгi құндылық сапаларын тәрбие-
лейді. Бiлiмдердi терең меңгеруге, 
оларды өнегелiлiк түрде түсiнiп, сезi-
нуге, оқушыларды адамгершілік-құн-
дылыққа үйрету іс-әрекеттi ұйым-
дастыруымен сипатталады.
Пән мұғалiмдерiнің оқушыларды 
тәрбиелеуі сынып жетекшiлерiнің 
басшылығына тәуелді. Осылайша
олар сыныптағы тәрбие жүйесін жү-
зеге асырады. Сонымен, сынып же-
текшiсi дегенiмiз – оқушылар тәр-
биесiн реттеушi мұғалім. Мектептiң 
тәрбие мiндеттерiне сүйене отырып, 
өз сыныбындағы оқушылардың ерек-
шелiктерi мен тәрбиелiлiк деңгей-
лерiн ескере отырып, осы мәселенi 
шешуге пән мұғалiмдерi, оқушылар-
ды, ата-ананы, т.б. бірлікте тәрбие 
жұмысын ұйымдастырады.
Сынып жетекшiсiнiң жұмысында 
сыныптан тыс тәрбие көрiнiс таба-
ды. Сынып жетекшiсi қызметi 1934 
жылы енгiзiледi. Қазiргi уақытта 
оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, 
оның қабiлеттiлiгiн дамытудағы ролі 
жоғары болып табылады. Бұл рет-
те, сынып жетекшiсi – пән мұғалiм-
дері мен ата-ананың әрбiр оқушыға 
ықпалын үйлестiретiн тәрбиені 
ұйымдастырушысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет