94
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
«Алмагеске түсініктеме», «Геомет-
риялық сызықтар жасаудың әдіс-
тері», «Астрология», «Китаб әл-му-
сиқи әл-кабир».
Түркі ғалымдардың ішінде дүние
жүзіне мәлім екінші ұстаз
әл-Фа-
рабидiң тағылымдық мұраларында
түркілік тәрбиенің негізі қаланған.
Оның
жан мен тәннiң пайда бо-
луы жайындағы трактатында өзiнен
бұрынғы Платонның «Жан тәннен
бұрын пайда болады» деген пiкiрiн
жоққа шығарып, жан мен тән бiрге
дамиды, тәнсiз жан жоқ, жан – тән-
нiң тiршiлiк қасиетi, адамның тәнi де,
жаны да өткiншi деп ой топшылайды.
Адамның айналаны тануы бес сезiм
мүшесi арқылы iске асатынын, оның
өзi сыртқы және iшкi жан қуаты бо-
лып бөлiнiп, сыртқы жан қуаты жет-
кiзген мәлiметтердi ойда қорытып
сыртқа шығару (ой) ми мен тiлдiң
iсi дейдi.
Адамның жануарлар дан
ерекшелiгiнiң өзi ойлай, сөйлей
алуын да деп қарайды. Әл-Фара-
бидiң тағылымдық мұраларында
жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымы-
на берілген анықтамада: «Жақсы мі-
нез-құлық пен ақыл-күші бұлар адам-
шылық қасиеттер болып табылады.
Егер осы екеуі бірдей болып келсе,
біз өз бойымыздан және өз әрекетте-
рімізден абзалдық пен кемелділікті
табамыз және осы екеуінің арқасын-
да қайырымды адам боламыз», – деп
келтіреді [1, 20-б.].
Ғұлама данышпанның дүние
жүзіне танымал «Қайырымды қа-
ла тұрғындарының көзқарасы ту-
ра лы трактат»
деген еңбегiнде
жан құбылыстарының әр түрлi кө-
рiнiстерiне қысқаша сипаттама бе-
редi. Ол тану процесiн екi кезеңге
бөледi де, бiрiншiсiн сезiмдiк ке-
зең деп атаса, танып-бiлудiң негiзгi
түйсiк-сезiмiнде, ойлау процесiн
туғызуға түрткi болады деп қарайды.
Оның iзгi қала тұрғындарының
қажыр-қайраты мен ерiк-жiгерiн
рухани
қасиеттi қалыптастырудың
негiзгi факторы дейдi. Батырлық, ер-
лiк iс-әрекеттер ерiк-жiгердiң жақсы
сапасы болса, ал мейірiмсiздiк,
қорқақтық, дүниеқорлық, нәпсiқұ-
марлық адам бойындағы ұнамсыз
жан қасиеттерi деп қарайды. Яғни,
адам жанының ерекше қасиеттерiн
санамалай келiп, адамның жануар-
дан айырмашылығы саналы iс-әре-
кетiне байланысты. Адам қоғамнан
тыс тiршiлiк ете алмайды, сондықтан
ол басқалармен
қоғамда қарым-қа-
тынасқа түсу арқылы әрекет етедi.
Осы әрекеттесу кәсiптiк ерекшелiк-
тердi туғызады, түрлi топқа, қоғам-
дастыққа бiрiгедi. Демек, қарым-қа-
тынас iзгiлiкке, қайырымдылыққа
құрылуы керек. Адамдар қоғамда
бақытты өмiр сүруi үшiн өзара көмек-
тесетiн iзгi қоғам құруы керек. Он-
дағы адамдар бiр-бiрiмен ынтымақты
байланыс жасауы тиiс дейдi. Iзгiлiктi
адам бойына дарыту тәрбие,
өнеге
95
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
арқылы iске асырылады деп тәрбие
мәселесiне басты орын бередi.
Әл-Фараби еңбек бөлiнісiне қарай
қала тұрғындарын кедейлер, шәкiрт-
тер, әкiмдер деп үшке бөледi де,
дене еңбегi кедейлерге, ал ой еңбегi
шәкiрттер мен әкiмдерге тиiстi деп
қарап, бiлiм алу, ел басқару iсi де
халыққа адал қызмет бiрiншi орында
тұруға тиiс деп есептейді. Әл-Фараби
ұлы
ағартушы болғандықтан, адам-
ды тек оқу-бiлiм арқылы жақсартуға,
жетiлдiруге болады, оқу-бiлiм барша
халыққа ортақ нәрсе деп қарайды.
Оның
отансүйгіштік
тағылым-
дарының бірінде: «Қайырымды қала
қолбасшысының елді қорғаудағы 12
ерекше қасиетіне тоқталады, оның
негізгілері:
– көкірек көзі ояу;
– қиындықты жеңе білетін;
– нәпсіге берік;
– рухы биік;
– намысты, батыр болуы қажет»,
деп келтіреді [2, 125-б.].
Біз әл-Фарабидің тағылымдық
мұраларын талдай отырып, ғұла-
ма-ойшылдың халық туралы ойлары,
түркілердің ардақтайтын моральдық
құндылықтарының ішінде түркілік
рухқа негiзделгенін айта аламыз. Жас
ұрпақты ерлікке,
жауынгерлік рухқа
баулуда аталған «Қайырымды қала
қолбасшысының елді қорғаудағы 12
ерекше қасиеті» қазіргі кезде де өзі-
нің құндылығын жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: