36
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
балалар қатарына жатады. Кейбір
мектеп мұғалімдерінің қиын бала-
лармен жұмысы сынып алдында
жүйке
жұқартатын әңгіме, жазалау,
т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте
бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже
бермейді, керісінше қиын жеткін-
шектердің мұғалімге, мектепке кек-
тенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі.
Мұғалімдер қиын жеткіншектерге
өзінің кері көзқарасын жасырмаған-
да, олармен кикілжіңге келеді. Де-
виантты мінез-құлықты жеткіншекке
қолданылатын тәрбиелік профилак-
тикалық іс-шаралар – тұлғаға әсер
ету, әлеуметтік педагогикалық түзету
іс-шаралары, кері әсерлі ортаны са-
уықтыру.
Жасөспірімдік шақ (15-17 жас)
кезеңін зерттеуге бағытталған көп-
теген теориялары бар. Жасөспірім-
дік шақ бала мен ересектік шақтың
аралығы, баланың ересектерге тәу-
елділігімен сипатталады, ересектер
баланың өмірлік іс-әрекеті мазмұны
мен бағытын белгілейді. Жасөспірім-
дік шақтың аса маңызды міндеттері
– мамандық таңдау, еңбек пен қоғам-
дық-саяси қызметке даярлану, неке-
лесуге, өз отбасын құруға әзірлену.
Өзара байланысты бұл міндеттердің
жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты
талап етеді.
Адамның
жалпы ақыл-ой қабі-
леті 15-17 жасқа қарай қалыптасып
болады. Сондықтан оның бала кез-
дегідей шапшаң өсуі байқалмайды,
алайда ол одан әрі жетіле береді.
Жасөспірімдік шақ – жеке адам-
ның толысуы мен қалыптасуының
аяқталатын кезеңі. Жыныстық то-
лысуға байланысты өз ағзасы мен
сырт келбетіндегі үлкен өзгеріс-
тер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі
байқалады. Сондықтан жасөспірім-
дік шақ ымырасыз келеді. Жасөспі-
рімге
өзін көрсетуге ұмтылу, өзін
жан-жақты ашуға құштарлық тән.
Олар өз мамандығын таңдап алуға
тырысады. Мамандыққа ықы ла-
сының бірте-бірте қалыптасуы түр-
лі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін
арттырады. Оларға іс-әрекетті өз
бетінше орындауға мүмкіндік беріп,
дұрыс бақылау мен педагогикалық
басшылық жасау керек. Бұл кезеңде
сезім, достық қарым-қатынастар да-
миды, оның қатарына ғашықтық, өза-
ра сенім, қайырымдылық, бірін-бірі
сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін
бірігіп орындау, жолдасының кем-
шілігін айтып,
жоюға көмектесу де
жатады. Бұл кезде жастардың міне-
зінде түрлі өзгерістер пайда болды.
Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы
киіміне, дене қимылына көңіл бөле-
ді. Ер балалар әдемі киініп жүруді
ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің
барысында осы ерекшеліктер еске
алынады. Сонымен мектепке дейінгі
балалық шақтан жасөспірімдік шаққа
дейін балалардың бейімділігін және
қабілетін, мінез-құлқы мен темпе-
раментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана
37
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
үнемі еске алып, олардың дұрыс да-
муына, қалыптасуына жүйелі түрде
ықпал етуі қажет.
Педагогтар негі-
зінен баланың дербес ерекшелігіне
тәрбие процесінде, даму кезеңінде
назар аударады. Дербес ерекшелік-
терге түйсік, қабылдау, ойлау өз-
гешеліктері, жеке адам бойындағы
мінез-құлық, темперамент, қабілет
жатады. Жүйке жүйесінің типтік қа-
сиеттері – адамның жеке психоло-
гиялық
мінез-құлығының, темпера-
ментінің, қабілетінің табиғи негізі.
Мұғалім балалардың жеке ерекше-
ліктерін жете білуі қажет. Жүйке
жүйесіне байланысты темперамент
типтерін басшылыққа алмай, тәр-
бие процесін ұйымдастырып, жүзе-
ге асыру мүмкін емес. Жеке адам-
ның дүниені сезгіштігі және қабыл-
дағыштығы темпераментке тәуелді.
Дербес қабілеттерінің дамуы жеке
адамның табиғи мүмкіншіліктеріне
байланысты. Әрбір адамның қасиет-
терін қалыптастыру мен дербес ерек-
шеліктерін дамытуды жан-жақты
және үйлесімді тәрбиелеу дейді.
Жүйке жүйесіне байланысты темпе-
рамент
типтерін басшылыққа алып
отыру керек. Темперамент деп жеке
адамның қылығы мен түрлі іс-әре-
кеттерінен көрінетін дара өзгешелі-
гін айтады. Психология ғылымында
темперамент 4 типке бөлінеді:
холе-
рик, сангвиник, меланхолик, флегма-
тик. Оларды тәрбиелеу – баланың
дамуына ықпал жасап, даму дәре-
жесіне сүйену. Мұғалім сабақ үстін-
де, тәрбие барысында (ойын, еңбек,
қоғамдық жұмыстар, т.б.)
балалар-
дың мінез-құлықтарын ескеріп, тем-
пераментін тәрбиелейді. Сангвиник
баланың іс-әрекетін бақылап, берген
тапсырманың орындалуын қадағалап
отыру керек. Меланхоликті белсенді-
лікке, ынтымақтастыққа, ұжымшыл-
дыққа тәрбиелеген жөн.
Тәрбиеші мына жағдайларды ес-
керуі қажет:
• баланың өз мүддесін ғана ойла-
уын болдырмау;
• өз мүддесін ұжым мүддесімен
ұштастыра білуге үйрету;
• баланың әр түрлі жағдайда бола-
тын өзгерістерді басынан өткізе білу-
ге баулу.
Аталған тәрбиелік ұстанымдарды
мектептің сынып жетекшілері мен
тәрбиешілері үнемі назарда ұстауы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: