Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Тағалау – өнімге белгіленген форманы беру үшін тоқпақтың  қайталамалы соғысы әсерінен металлдың деформациялану процессі. Штамптау



Pdf көрінісі
бет52/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   145
сәулеттік материалтану

Тағалауөнімге белгіленген форманы беру үшін тоқпақтың 
қайталамалы соғысы әсерінен металлдың деформациялану процессі.
Штамптау – болат тоқпақ соғысы әсерінен штамп формасын 
толтыратын тағалаудың түрі. Суық және ыстық көлемді штамптау 
болады. Штамптау өте жұқа өлшемді өнімді алуға мүмкіндік береді. 
Пресстеу матрица тесігі арқылы бітеу формада болатын өнімді 
басудан тұрады.Бұл тәсілмен шыбықша, диаметрі кішкентай 
құбырлар мен әртүрлі фасонды профильдер жасайды. 
Суық профильдеу – прокат орнақтарда табақ немесе домалақ 
болаттың деформациялану процессі. Табақ болаттан көлденеңде 
әртүрлі конфигурациямен бүгілген профильді алады, ал дөңгелек 
біліктен – тығыздалған суық майысқан арматураны. 
Қазіргі құрылыста биік тұрғын үйлер, өнеркәсіп мекемелері, көпір 
салу және т.б. үшін салмақ түсетін болат конструкция ретінде 
белсенді қолданылады. Болат, сонымен қатар, шатыр, құбыр, 
сым,әртүрлі бекіту элементтерін жасауда және темірбетонның негізгі 
бөлігі ретінде қолданылады.Сондықтан өнеркәсіп болат өнімінің кең 
номенклатурасын шығарады. 
Құрылыста прокатты табақ болат пен әртүрлі профильдер 
қолданылады: 
төртбұрыш, 
дөңгелек,табақ,бұрышты,қоставрлы, 
швеллер, құбырлы (6.5 сур.). Бөрене, ферма, бағана, шатыр мен басқа 
да құрылыс конструкцияларын жасау үшін пайдаланылады. 
Прокатты табақ болаттарға келесілер жатқызылады: қалыңдығы 4-
тен 160 мм-ге дейін табақты болат, қалыңдығы 0,5-тен 4,0 мм-ге дейін 
жұқатабақты болат,шатыр болаты, жұқатабақты мырышталған, 
толқынды және бұдырлы болат.Прокатты бұрыш болаттар бұрышты 
теңбүйірлі 
және 
теңбүйірсіз 
болат, 
әртүрлі 
қоставрлы 
бөренелер,швеллерлер түрінде шығарылады. 


66
 
6.5 сур. Болат профильдері: 
1 — қоставр; 2 — швеллер; 3 —теңбүйірсіз бұрыш; 4 —
теңбүйірлі бұрыш; 5 — табақты; 6 — жолақты; 7 —дөңгелек 
Металлжабынқыш ултракүлгін сәулелер әсеріне тұрақтылығы 
жоғары 
болатын 
полимерлі 
жабумен 
профильденген 
болат 
мырышталған табақ түрі.Көлденең штамптаумен алынатын профиль 
табиғи жабынқышға ұқсатылады. 
Құрылыста қолданылатын болаттан жасалған майда заттарға әртүрлі 
шегелер, бұрандамалар, бұраншеге, темір бұйымдар (ілмек,тұтқа, құлп) 
және т.б. жатқызылады. 
Тұтас созылатын және пісірілетін болат құбырларды сумен 
жабдықтау, жылыту, магистральды газ және мұнай құбырында 
қолданады. 
Дөңгелек болат және кезекті профильді болат темірбетонда арматура 
ретінде қолданылады. Арматура – темірбетон конструкциясын алу үшін 
бетонға салынатын болат білік пен сымдар.Ол бетонмен конструкция 
қызметінің бүкіл уақытында сенімді жұмыс істеу керек. Арматура 
жұмыс және монтажды деп бөлінеді. Жұмыс арматурасы жүктемені 
қабылдайды, ал монтажды оның дұрыс орналасуын қамтамасыз 
етеді.Жұмыс арматурасын негізінен созу күшімен зақымдалған 
зоналарда орналастырады. 
Арматуралық болатты жасау әдісі, профиль мен қолдану шарты 
бойынша классификациялайды. Жасаудың негізгі технологиясына 
қатысты ол ыстықтай тапталған білікті (А әрпімен белгіленеді) және 
суық тапталған сымды (В әрпімен белгіленеді) болып бөлінеді.Профиль 
бойынша білікті және сымды арматура тегіс және кезекті профильді (6.6 
сур.) бола алады. Соңғысының өз бетінде бүйірлердің болуының 
арқасында бетомен ұласуы жақсы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет