Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет55/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   145
сәулеттік материалтану

70
 
Алюминий ерітіндісінен мұқаба, шатыр, фасадты қаптау үшін сәулет 
бөлшектері, ілме төбелер, сонымен қатар үшқабатты жеңіл 
жылытқышпен қабырғалы және шатырлы панельдер жасайды. 
Мыс – ауыр (тығыздығы — 8 800 кг/м
3
) түсті металл, жылу 
өткізгіштігі жоғары жұмсақ және иілгіш және беріктігі төмен. Оның 
электрөткізгіштігі жоғары, сондықтан оны таза түрінде электр 
шинасы мен сым жасау үшін қолданады. Ол ұзақмерзімді, өңделуі 
оңай, ауа-райы жағдайына тұрақты, басқа материалдармен үйлеседі. 
Одан қазіргі әдемі шатыр қаптауларын жасайды. Уақыт өте келе 
мысты коррозиядан сақтайтын оксидті қабат пайда болады. Мыстың 
алтын беті қоңыр түске ие болып, қарая бастайды; бірнеше жылдан 
кейін мыс толықтай малахитті-жасыл зеңжармен жабылады.Ол өте 
әдемі, сондықтан оны ежелден бері ғимараттарды безендіру үшін 
қолданады. 
Негізінен мырышты әртүрлі ерітінділерде қолданады. Мыстың 
қалайы, алюминий, марганец немесе никельмен ерітіндісі қола деп 
аталады. Қола – жоғары механикалық қасиетке ие коррозиялы 
тұрақты металл. Оны санитарлы-техникалық арматураны жаса үшін 
қолданалады. Мыстың мырышпен ерітіндісі жез деп аталады. Ол 
жоғары механикалық қасиет пен коррозиялық тұрақтылыққа ие, 
балқыту, қысым мен кесумен өңделеді. Одан табақтар, жолақтар, 
құбырлар, сымдар, ілмекті арматура (кран, шұра), көркем өнімдер 
жасайды.
Қалайы – жұмсақ, коррозияға тұрақты,толықтай 7 280 кг/м

металл.Қалайы дәнекер ретінде болат пен мысты қалайылау мен түсті 
ерітінді құрамында қолданылады. 
Қорғасын – жұмсақ, иілгіш, ауыр металл (тығыздығы - 11 340 
кг/м
3
). Ол жақсы құйылады және сырғиды, күкірт пен тұз 
қышқылының әсеріне қарсыласады. Созудағы беріктік шегі – 20МПа-
ға дейін, қаттылығы – 5,9. Қорғасын рентген сәулесін және гамма-
сәулелерді өткізбейді.Ол құрылыста арнайы құбыр, антикоррозиялық 
жабынды, дыбыс және гидроизоляция мен кейбір оңай еритін 
ерітінділердің құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. 
Мырыш – ашық-сұр-көгілдір түсті, тығыздығы 7 000 кг/м
3
, бөлме 
температурасында және 200 °C сынғыш және 100... 150°С дейін ысуда 
иілгіш болады. Болат өнімдерін мырыштау үшін (шеге, бұрандама, 
құбыр, шатыр), сонымен қатар, ол ерітінділрр құрамында да 
қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет