Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУЛЕР



Pdf көрінісі
бет58/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   145
сәулеттік материалтану

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУЛЕР
 
7.1.


74
 
Қатайтылған қоспаға созылымдылық қасиетін беру мақсатында су 
қосу арқылы қайта араластыру тығыздылықтың төмендеуіне алып келеді. 
Тұтқыр заттардың тығыздылығы уақыт өте өзгереді, сондықтан 
оларды бекітілген стандарттарға сәйкес, қатайтудың белгілі уақытымен 
жиналған тығыздылығы бойынша бағалайды. 
Суға қатынасына тәуелді тұтқыр заттарды топтарға бөледі. 
Ауа тұтқыр заттары қатайтуға, тығыздауға және тығыздықты тек
ауа ортасында ұзақ уақыт сақтауға қабілетті болып келеді (гипстік 
ангидритті тұтқыр заттар, ауа әктасы, магнезитті тұтқыр заттар, ерітілетін 
шыны). Мұндай материалдарды тек жерүсті ғимараттарында және су 
әрекеттеріне ұшырамайтын мекемелерде пайдаланады. 
Гидравиликалық тұтқыр заттар тығыздауға және тығыздықты тек 
ауада ғана емес, сонымен бірге суда ұзақ уақыт сақтауға (немесе тіпті 
арттыруға) қабілетті болады. Оған портландцемент және оның түрлері,
аллюминий тотықты цемент және оның түрлері, гидравликалық әктас,
романцемент жатады. Бұл бұйымдардың тығыздылығы ауа тұтқырларына 
қарағанда әлдеқайда жоғары болып келеді, сондықтан олар құрылыста 
кеңінен қолданылады. Оларды жерасты, жерүсті құрылыстарда 
пайдаланады. 
Автоклавты тығыздаудағы тұтқыр заттар
автоклавтарда 
қыздырылғн қаныққан бу ортасында ғана тиімді тығыздайды (t = 
175...200°С, бу қысымы — 8... 16 атм). Бұл әктасты - кремний тотықты 
және әктасты-қожды тұтқыр заттар, нефелинді цемент және т.б. Олар 
басқа шарттарда тығыздалуы мүмкін, бірақ автоклавты тығыздау 
режимінде айтарлықтай жоғары тығыздылық өсімін береді. 
Дербес топты қышқылға төзімді тұтқыр заттар құрайды, олар 
ауада тығыздалғаннан кейін қышқылдардың әрекетінен ұзақ уақыт 
бойы тығыздықты сақтай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет