Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет62/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   145
сәулеттік материалтану

79
 
Сөндірілген әкпен салыстырғанда, ұсақталған қайнатылған әктастың 
су қажеттілігі аз, ол жылудың үлкен мөлшерін бөледі, бұл кебу үрдісін 
нығайтады. Ұсақталған әктастағы бұйымдардың тығыздығы және суға 
төзімділігі жоғары болады. 28 тәуліктен кейін олардың тығыздығы 1 ...5 
Мпа құрайды. 
Әктастың маңызды қасиеттеріне жатады:
■ 
белсенділік (белсенді, СаО және MgO сөндіруге қабілетті пайыздық
құрам);
■ 
жану толымсыздығындағы және асыра жандырудағы түйір мөлшері; 
■ 
сөндіру уақыты;
■ 
тығыздық (әктасты ерітінділерде ол төмен, сондықтан әктас 
тығыздылығы бойынша маркаларға жіктелмейді, химиялық құрам 
көрсеткіштері бойынша сұрыптарға бөлінеді).
Ауа қоспасын қалау және сылау ерітінділерін, жасанды тасты 
материалдарды дайындауда қолданады: әктасты-құмды (силикатты) 
кірпішті, силикатты және пеносиликатты бұйымдарды, қожбетонды 
блоктарды, бояу құрамдарын аралас тұтқыр заттардың құрамдас бөлігі 
ретінде (әктасты-қожды, әктасты-пуццоланды) және т.б. Ауа әктасының 
негізіндегі бұйымдарды ғимараттардың жерүсті бөліктерінде 
пайдаланудың құрғақ режимімен қолданады. Оларды ылғалды 
мекемелерге іргетас қалауда қолдануға болмайды, себебі олардың суға 
төзімділік деңгейі төмен. 
7.2.3. Магнезитті тұтқыр заттар
 
Магнезитті тұтқыр заттар ретінде магний оксидінен тұратын ұнтақ 
тәрізді материалдар аталады. Оларға күйдіргіш магнезит және күйдіргіш 
доломит жатады. Күйдіргіш магнезитті табиғи магнезиттен алады, күйдіргіш 
доломитті табиғи доломиттен алады. Күйдіргіш доломиттің белсенділігі
күйдіргіш магназитпен салыстырғанда төмен болып келеді. 
Бұл тұтқыр заттарды сумен емес, хлорлы немесе күкірт қышқылды су 
ерітінділерімен ерітеді. Тұздар MgO ерітінділігін арттырады және оның 
сумен өзара әрекеттестігі де жоғарылайды. Жоғары тығыздықты бұйымдар 
алынады (40.60 МПа қысымында – күйдіргіш магнезитте; 10.30 МПа – 
күйдіргіш доломитте). 
Магнезитті тұтқыр заттар ағаш жоңқаларымен, басқа органикалық 
толтырғыштармен шіруден қорғау арқылы тығыз тіркесе алады. Бұл тұтқыр 
заттарды ксилолит едендеріне (ксилолит грек тілініне аударғанда — «ағаш-
тас»), баспалдақтарына, тақталарына қолданады
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет