114
Қысу беріктігі бойынша ауыр бетондар В5 - В60 аралығындағы
кластарға, суыққа төзімділігі бойынша F35- F600 аралығындарғы
маркаларға, су өткізбеушілігі бойынша W2- W10 аралығындағы
маркаларға жіктеледі. Олардан ішкі қабырғалардың көтеретін панельдерін
және ірі блоктарды (сыртқы және ішкі қабырғалар үшін), сонымен бірге,
цементті темірбетон құрылымын сәтті алмастыратын панельдерді де
дайындайды.
Борпылдақ толтырушыдағы (керамзитте, аглопоритте, қожды
кеуектаста) силикатты бетондар, көбік және газ тудырушылары бар кеуек
силикатты бетондар ғимараттардың қоршау
құрылымдарын дайындау
үшін пайдаланылады.
11.2.
ГИПСТІК ЖӘНЕ ГИПС-БЕТОНДЫ БҰЙЫМДАР
Гипстік бұйымдарды гипс пен су қоспасынан, ал гипстік-
бетонды бұйымдарды гипс, су және толтырушы қоспасынан
дайындайды. Тұтқыр зат ретінде құрылыс және жоғарытығыздықты
гипсті, ангидритті цементті және гипсцементті-пуццоланды затты
пайдаланады. Толтырушылар ретінде минералды материалдар:
кварцты құм, отын және металлургиялық қалдықтардан,
кеуектастан, туф, керамзит, аглопорит және органикалық
материалдардан (оларды кейде толтырғыштар деп те атайды)
тұратын ірі және жеңіл майда толтырушылар қолданылады: ағаш
жоңқалары, қағаз макулатурасы, қамыс түтіктері мен сабақтары,
зығыр діңше және т.б. Толтырушылар мен толтырғыштар бұйымның
орташа тығыздығын арттырады немесе төмендетеді, тұтқыр зат
шығынын қысқартады, сынғыштықты азайтып, жылуоқшаулағыш
және дыбысоқшаулағыш қасиеттерді төмендетеді.
Гипс — ауалық тұтқыр зат, сондықтан гипсті және гипсбетонды
бұйымдарды көбінесе ғимараттардың ішкі көтермейтін бөліктері
үшін қолданады. Гипстен жасалған бұйымдар тұтас және босденелі,
армирленген, армирленбеген болуы мүмкін.
Гипстік бұйымдардың орташа тығыздығы жоғары емес (1 100... 1
400 кг/м
3
), өндіріс технологиясы да күрделі емес, жанбайды, шудан
жақсы оқшауланған, механикалық өңдеуден өтеді. Бірақ гипстік
бұйымдарда елеулі кемшіліктер бар: төмен су өткізбеушілігі, ылғал
тартқыштығы, сынғыштығы және иілудегі тығыздығы төмен. Гипстен
жасалған бұйымды ауаның ылғалдылығы 60% асатын ғимараттарда
қолдануға болмайды. Суға төзімділігін арттыру үшін оның құрамына
ұсақталған доменді түйіршіктелген қожды және пуццоланды
портландцементті қосады. Бұйымның сынғыштығын жою үшін
жасанды түрде армирленген материалмен беріктендіреді. Мысалы,
гипстік құрғақ сылауда арматура рөлін сырқы картонды қабықша
|