31
Органогенді шөгінді түрлер жойылған жануарлар мен өсімдік
организмдерінің ірі жиынтығынан жасалады: әктас-ұлутас,кальций
карбонатынан жасалатын бор,диатомит, ұсақ кеуекті шөгінді тау
жынысы, опока.
Шөгінді тау түрлері тұтқыр заттарды (цемент, гипс, әктас және т.б.),
керамика,бетон алу үшін шикізат болып табылады, және сонымен қатар,
әрлеу материалдары ретінде қолданылады.
Метаморфты түрлер. Метаморфты түрлер қысым, температура мен
су ерітінділері әсерінен магмалық және шөгінді түрлердің өзгеруі
нәтижесінде жер қыртысының қалыңдығында пайда болды.Бұл ретте
бастапқы түрдің минералды құрамы, жасалуы, қасиеті, кейде химиялық
құрамы да өзгерді. Бағытталған қысым кристаллдардың деформациясына
алып келді, сондықтан бір түрлер тақта тасты (қабатты) құрылымға ие
болды және жеке қабаттарға бөлінуге (тақтатас, асбест, гнейс) қабілетті
болды, ал қалғандары беріктік, тығыздық пен атмосфералық
тұрақтылықтың жоғары көрсеткіштеріне ие болды(кварцит, мәрмәр).
3.2.
МАТЕРИАЛДАР МЕН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ
Архитектуралық міндеттерге байланысты тас түрін, оның бетінің
фактурасын, қаптау өлшемін таңдайды. Сөйтіп, айтарлықтай деңгейде
сәулеттік ғимаратты қабылдауға түрдің түсі мен текстурасы әсер
етеді.Мысалы,қою түсті қаптаулы ғимарат (лабрадорит, қою гранит)
алып болып көрінеді және ашық түсті түрмен (әктас, мәрмәр немесе
құмдақ) салыстырғанда қараңғы сияқты.
3.2.1
Тас материалдарын өңдеу
Өңдеу түрі бойынша дөрекі өңделген тас материалдары, сонымен
қатар даналы заттар (блоктар, тақтайлар) және профильденген бөлшектер
(бағана,балясина,терез алды тақтайы және т.б.) болып бөлінеді. Дөрекі
өңделген тас материалдарына құм (дән өлшемі 0,14...5,00 мм), қиыршық
тас, шағыл (5..70мм),шойтас – бұрыс формадағы тастың ірі бөлшектері
мен қабатты түрлердің сыну арқылы алынатын бұрыс формадағы
тақтайлар (тақтатас).
Даналы өнімдер әртүрлі фактураға ие және түрпілі және жарғыш
болып бөлінеді. Түрпіліге араланған, ультрадыбыспен өңделген,
тегістелген, жылтыр және жылтылдаған жатады; жарғыш фактурасына –
«жартас», адырлы, кедірлі,
ізбедерлі, таңбалы және термоөңделген.
|