Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет34/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   145
сәулеттік материалтану

41
 
4.2 сур. Тиімді қуыс кірпіш пен блоктар 
Жартылай кепкен пресстеу кірпішін ылғалды ғимараттың іргесі, 
фундаменті мен сыртқы қабырғасында қолдануға болмайды. 
Сыртқы қабырғалардың массасын азайту мен жылуизоляциялық 
қасиетін арту үшін жеткілікті беріктікте тығыздығы аз тиімді 
керамикалық материал қолданады. Оларға қуыс керамикалық кірпіш пен 
тас (4.2 сур.) жатқызылады. Қуыс кірпішті ғимараттың ішкі және сыртқы 
қабырғасын тұрғызу, сонымен қатар қаңқалы ғимараттың қоршау 
конструкциясын толтыру үшін қолданады. 
Қабырға көтерудің қуысты керамикалық материалдарымен бірге 
іріформатты керамикалық тас («жылы керамика») түріндегі қуысталған 
керамиканы да қолданады, оның принципиалды ерекшелігі материалдың 
ерекше құрылымынан тұрады. Сазға жану барысында өнімнің жылу 
қорғауын жақсартатын майда бітеу қуыстар жасайтын ерекше 
құрауыштар қосады (оларда жылуөткізгіш коэффициенті ең төмен). Олар 
бір уақытта жеңіл болады, қабырғасы қарапайым кірпішке қарағанда 
айтарлықтай жылдам көтерілетін (өнім ұзындығы қабырға қалыңдығына 
сай) үлкен көлемді өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. 
Бүйірлі шектерде жік пен жотаның болуы вертикалды ерітінді 
тігістерін жасау қажеттілігінен арылтады, ол төсеудің жылуқорғау 
қасиетін қосымша жақсартады, себебі «суық көпірі» болмайды және 
ерітінді шығыны едәуір төмендейді.
Жабын материалдарына керамикалық жабынқыш – ескі жасанды жабын 
материалы жатқызылады. Әрбір халықтың жабынқышының формасы мен 
түсі әртүрлі. Әлі күнге дейін жабынқыштың ежелгі түрін 
қолданады:науаша,
толқынды және т.б. 


42
 
Шикізат ретінде кірпішті саздар пайдаланылады, бірақ олардың 
әзірлену сапасы жоғары болу керек. Жабынқыш шатыры декоративті, 
берік, отқатөзімді және өте ұзақмерзімді. Бірақ оның массасы жоғары 
және орналастыруда еңбекті көп қажет етеді, шатыр тіреуіш жүйені 
талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет