Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет33/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   145
сәулеттік материалтану

40
 
Қабырға материалдары (кірпіш пен тас) қабырға қалау үшін, сонымен 
қатар қабырғалық панельдер мен блоктар әзірлеу үшін қолданылады. 
Керамикалық кірпіш екі түрде шығарылады: қарапайым (250 х 120 х 
65 мм) және модульді(250 х 120 х 88 мм) (4.1 сур.).Кірпіш шегінің келесі 
аттары қабылданған: ұя, керте және үшкір қыр. Бір кірпіш массасы 4 кг 
аспау керек болғандықтан, модульді кірпішті қуыстармен жасайды. 
Жартылай кепкен пресстеу кірпіші де қуыстармен жасалады (бірақ 
ондағы қуыстар конусты және бітеу). 
Керамикалық кірпіштің тығыздығы 1 600... 1 900 кг/м
3
,кеуектілігі - 
28.35%, су сіңіргіштігі – 8%-дан кем емес. Кірпіштің негізгі сипаттамасы 
– оның қысу мен бүгу сынақтары нәтижесі бойынша анықталатын 
беріктік бойынша маркасы.Беріктік бойынша келесі маркалар бекітілген: 
М100, М125, М150, М175, М200, М250, М300. Суыққа төзімділік 
бойынша маркалар: F15, F25, F35, F50. 
Қарапайым керамикалық кірпіш жоғары физико-механикалық 
көрсеткіші мен ұзақмерзімділігі арқасында ғимараттардың сыртқы және 
ішкі қабырғасы, фундаметтер, түтін құбыры мен басқа да 
конструкциялардың қазіргі құрылысында кең қолданылады. 
4.1 сур. Керамикалық кірпіш: 
а —пластикалық жасалған толық құйма: 1 — ұя, 2 — керте, 3 — үшкір 
қыр; б — жартылай кепкен пресстеу 
КЕРАМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС 
МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ 
а 
б 
▪ 
шикізат массасын берік әзірлемесе, онда әктастың ұсақталмаған 
кесектері қалуы мүмкін, олар күйдірілгеннен кейін және кірпіштің 
ұзақ уақыт бойы суда болуында көлемі бойынша үлкеюі мүмкін, 
нәтижесінде ол жарылу мен өнімнің зақымдануына алып келеді. 
Жарылу орнында ақ ұнтақ немесе ақ қамыртектес масса жақсы 
көрінеді. Ол жасырын дефект «бұртима» деп аталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет