Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет32/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145
сәулеттік материалтану

39
 
Өнімдер ленталық пресстерде жасалады. Иірлік көмегімен (винтті 
конвейер) сазды масса беріктенетін және пресстің жасалатын бөлігі – 
үзілмелі діңгек түріндегі мүштік арқылы басылатын пресстің тарланатын 
бас жағына ауысады. Мүштікте басылатын лентада канал жасайтын 
(қуыс кірпіш, құбырды осылай алады) керн (қуыс жасайтын кіндік 
темірлер) орналасуы мүмкін. Сазды лента жеке қам-кірпіштерге 
бөлінеді, олардың мөлшері келешек өнім мөлшерінен кішкене ғана үлкен 
болуы керек, себебі кептіру мен күйдіру процесінде саз отырады.
Кептіру – кірпіш өндірісіндегі маңызды, әрі қиын саты. Шикізатты 
кептірудің 
ең 
маңызды 
қиыншылығы 
сазда 
ылғал 
өткізу 
қиындатылғандығымен 
(саз 
– 
су 
өткізбейтін 
материал) 
түсіндіріледі,сондықтан кептіру ұзақ жасалады. Қам-кірпіштің 6...8% 
ылғалдығында оны күйдіруге беруге болады.
Күйдіру үшін әртүрлі конструкциядағы пештерді қолданады. Күйдіру 
температурасы шикізат массасының құрамына байланысты болады және 
әдетте 950.1 000 °С диапазонында орналасады. Күйдірудің қажетті 
температурасын қатаң ұстанады. 
Кірпіш өндірудегі жартылай кепкен әдіс пластикалықтан 
ылғалдығы 6.7% саз ұнтаққа бөлінетіндігімен ерекшеленеді,онда қам-
кірпіш арнайы пресстерде даналап жасалады. Ол кептіруді қажет етпейді, 
оны жасағаннан кейін бірден күйдіруге болады. Кірпіштер тығыз 
болғандықтан, оған бітеу қуыстар жасайды.Жартылай кепкен пресстеу 
кірпішінің шектері тегіс және пластикалық жасалған кірпішке қарағанда 
дефекттері аз, бірақ оның суыққа төзімділігі төмен.
Керамикалық өнім жасауда технологияны ұстанбау нәтижесінде 
келесі өндірістік дефекттер пайда болуы мүмкін: 
▪ 
Күйдіру барысында өте жылдам кептіру мен жылытуда кірпіш 
зақымданады және оның бетінде жарықтар пайда болады
▪ 
Күйдірудің жеткіліксіз температурасында беріктігі, су және 
суыққа төзімділігі төмен болғандықтан қолданылмайтын қызыл 
түсті шала күйген кірпіш (шала күйдіру)пайда болады. 
▪ 
Күйдірудің өте жоғары температурасында күйіп кеткен (қатты 
күйдіру – «теміртас») күлгін- қоңыр түсті, беті еріген, тығыздығы 
жоғары және қисайған формалы кірпіш шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет