37
КЕРАМИКА ЖАСАУ ШИКІЗАТТАРЫ
Керамиканы жасаудың негізгі шикізаты саз – негізінен сазды
минералдардан (каолинит және т.б.) тұратын шөгінді таулы түр. Сазды
бөлшек өлшемі 0,005 мм аспайды; бөлшектердің негізгі формасы –
пластинкалық.Өзінің гидрофильдігі мен кеңістіктің үлкен ауданының
арқасында сазды бөлшектер суды белсенді жұтып, ұстап тұрады. Осылар
сазға оның сипатты қасиеттерін береді: дымдануда иілгіштік, кебуде
беріктік пен күюде пісіп қалу қабілеті.
Саздағы сазды бөлшектерден басқа одан ірірек бөлшектер бар: шаң
(0,005...0,150 мм) және құм (0,15...5,00 мм). Саздың бұл құрамдары оның
технологиялық қасиеті мен дайын өнім сапасына әсер етеді.
Саздың маңызды қасиетіне иілгіштік, ауа және от отыруы мен отқа
төзімділік жатқызылады. Иілгіштік – сазды қамырдың тұтастықтың
бұзылуынсыз сыртқы механикалық күш әсерінен өзгеру мен осы әсердің
аяқталуынан кейін пайда болған форманы сақтап қалу қабілеті. Саз
иілгіштігі сазды бөлшектер бетінде дымдануда судың өте жұқа қабаттары
пайда болуымен түсіндіріледі. Бұл бөлшектер, бір жағынан, бөлшектердің
бір біріне қатысты сырғанау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал екінші
жағынан – бұл бөлшектерді беткі созу күші арқылы байлайды, ол
формаланғаннан кейін форманы сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Иілгіштік сазда сазды бөлшектердің болуының артуымен көтеріледі.
Ол неғұрлым көп болса, соғұрлым саз өзіне суды тартады, яғни көбірек
ісінеді, бірақ қиын кебеді және үлкен отыру береді – мұндай саздар майлы
деп аталады. Құмды бөлшегі көп саздардың отыруы мен ісінуі аз, оңай
кебеді, бірақ иілгіштігі аз – мұндай саздар құнарсыз деп аталады.
Керамикалық өнімді алу үшін жақсы формаланатын және жылдам
кебетін қоспа керек.Сазды және құмды бөлшектердің оңтайлы
қатынасымен мұндай қоспаны майлы сазға құнарсыздандыратын
қоспалар қосу арқылы алады:құм,боқат,майдаланған керамикалық сынық.
▪
санитарлы-техникалық өнімдер (қол жуғыш,унитаз бен құбыр);
▪
арнайы керамика(қышқылға төзімді, отқа төзімді);
▪
жылуизоляциялық материалдар мен жеңіл бетон толтырғыштары
(керамзит пен аглопорит).
|