Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет99/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   145
сәулеттік материалтану

127
 
Жылуреактивті полимерлер алғашқы қыздырылудан кейін
қатаяды және қайта қыздырғаннан кейін оларды жұмсартуға болмайды. 
Бұл – қатты ерімейтін полимерлер. Мұндай полимерлер мысалына 
фенолоформальдегидті, карбамидті және эпоксидті шайырлар жатады. 
Полимерден 
басқа, 
пластмасса 
құрамына 
толтырушылар, 
пластификаторлар, тұрақтандырғыштар, қатайтқыштар мен бояушылар 
кіреді. 
Толтырушылар тығыздықты, беріктікті, атмосфераға төзімділікті
жылутұрақтылығын арттырады, деформация мен жануды төмендетеді, 
сәнділік беріп, пластмасса құнын айтарлықтай төмендетеді. Түрлері 
бойынша толтырушылар ұнтақтәрізді (ағаш ұны, бор, тальк), түтікті 
(шынытүтік, талшықтас, органикалық түтіктер), табақты (қағаз, ағаш
қабыршағы, маталар) болып бөлінеді. Кейбір пластмассаларда 
толтырушылар 80...90% көлемді алады (мысалы, ағаш-жоңқалы 
тақталар, полимербетондар, пенопласттар). 
Түрлі полимерлер мен толтырушыларды пайдалану пластмасса 
құрылымы мен қасиетін өзгерте алады. Мысалы, шыныпластикалар 
және басқа материалдар болат тығыздығына жете алады, ал 
пенопласттар орташа тығыздыққа, жылуөткізгіштікке және жақсы 
дыбыс оқшаулануына жетуі мүмкін. 
Пластификаторлар пластмассалардың икемділігін, созылуын, 
технологиялылығын арттырады. 
Бояушылар— қалаулы түсті беретін пигменттер (органикалық 
немесе минералды). 
Тұрақтандырғыштар ұзақ уақыт бойы пластмасса қасиеттерін 
сақтауға ықпал ететін, тозу үрдісін баяулататын құрал. 
Қатайтқыштар пластмассаны қатайту үрдісін тездетеді. 
Газбен 
толтырылған 
пластмассаларды 
дайындауда
кеуектендіргіштер қолданылады – органикалық немесе минералды 
түрдегі сұйық, қатты немесе газтәрізді заттар, олар материалдағы 
тесіктерді құрайды. 
Пластмассалар әртүрлі болып келеді және жақсы қасиеттерге ие. 
Олардың орташа тығыздығы әртүрлі материалдар үшін 10 - 2 200 кг/м

аралығында ауытқиды. Олардың көбісі жоғары механикалық 
қасиеттерге ие, икемді, созылу, қажағыш, қысу, соққы әрекеттеріне
жақсы қарсы тұра алады және жылуөткізгіштігі мен су жұту деңгейі - 
төмен. Пластмассадан жасалған көптеген бұйымдардың жылу 
өткізгіштігі 0,25.0,70 Вт/(м • °С) құрайды, ал борпылдақ материалдарда 
-0,25.0,70 Вт/(м • °С), яғни, ауаның жылу өткізгіштігіне жуық болады -
0,023 Вт/(м • °С).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет