Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет107/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Роликты сканерлер оның арнайы бағыттаушы бойымен ЗБА- 
сызғышы мен қозғалмайтын жарықтандырғышқа қатысты қағаз 
берудің роликты механизмы арқылы орын ауыстыруы кезінде 
түпнұсқаның сканерлеуін жүзеге асырады. Роликты сканердың 
жұмыс механизмі 6.8-суретте көрсетілген. Роликты сканерде 
сканерлеу, планшеттегідей сияқты шағылыстырылған жарықта 
істеледі. Бұл қағидат көптеген факсимильдік аппарат құрылымына 
салынған. 
Екі режимде жұмыс жасайтын сканерлер — кескін мен оның 
факсимильдік жіберуін сканерлеу, факс-сканерлер деп аталады (Fax 
Scanner). 
Роликты сканерлердың бөлек модельдерінде автоматты режимде 
сканерлеуге мүмкіндік беретін парақтар беруге арналға құрылғы 
болады. 
Кеңседе қолданылатын роликты сканерлердің көбі А4 пішімді 
түпнұсқалармен жұмс жасауға арналған. Алайда А1 жəне А0 
пішімді түпнұсқаларды сканерлеуді қамтамасыз ететін кең 
форматты роликты сканерлер де болады. 
Роликты сканерлердың артықшылықтары олардың шағындығы
қосу жəне пайдалану ыңғайлылығы, түпнұсқаның парақтарын 
автоматты беру, сканерлеудің қанағаттандырарлық жылдамдығы 
жəне төмен бағасымен анықталады. Сол уақытта бұл сканерлердің 
6.8 
-сурет. Роликты сканердың жұмыс механизмі
216 


6.9 
-сурет. Барабанды сканердың жұмыс механизмі
арнайы 
құралсыз 
кітаптардың 
түптестірілген 
құжаттарын 
сканерлеуін жүзеге асырудың мүмкін еместігімен, сонымен қатар 
түпнұсқаның 
бүліну 
қауіптілігімен 
байланысты 
бірқатар 
кемшіліктері бар. 
Барабанды сканерлер 10 000 dpi дейінгі ажыратымдылықты 
қамтамасыз етіп, бөлшектеудің жоғары деңгейімен мөлдір немесе 
шағылысатын түпнұсқалардың кескіндерін алуға мүмкіндік береді. 
Барабанды сканердің жұмыс механизмі 6.9-суретте көрсетілген. 
Барабанды сканерлерде мөлдір түпнұсқа арнайы таспа немесе 
май көмегімен органикалық шыныдан(барабан) жасалған мөлдір 
цилиндр бетіне бекітіледі, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 
үлкен негізге бекітілген. Үлкен жылдамдықпен (300-ден 1350 дейін 
айн/мин) барабанды айналдырған кезде фотоқабылдағыш жоғары 
дəлдікпен кескінді оқиды. Көптеген барабанды сканерлерде 
фотоқабылдағыш ретінде негізінен ФЭК қолданылады, ол 
бұрандалық жұп көмегімен барабан айналасында орын ауыстырады. 
Түпнұсқаны жарықтандыру үшін сəулелендіру қарқындылығы 
бойынша тұрақтандырылған қуатты ксенондық немесе галогендік 
жарық көзі қолданылады. Шағылысқан түпнұсқаларды сканерлеу 
кезінде барабын сыртында сəулелену қабылдағышының қасында 
орналасқан жарық көзі пайдаланылады. 
217 


Барабанның айналуының жоғары жылдамдығының есебінен 
түпнұсқаны бүлдіру қауіпсіз жеткілікті қуатты жарық ағынын 
түпнұсқада жинау мүмкіндігі болады. Осыған байланысты барабанды 
сканерлердің айырықша ерекшелігі жоғары оптикалық тығыздығы бар 
(баспасөз басылымдары, көркемөнер жұмыстары, диапозитивтер, 
негативті 
таспа) 
жоғары 
ажыратымдылықты 
түпнұсқаларды 
шағылысқан да, өтетін де жарықта сканерлеу мүмкіндігі болып 
табылады. 
Барабанды 
сканерлердің 
бөлек 
модельдерінде 
кескіннің 
фотоқабылдағышы 
ретінде 
ЗБА-сызғыштарының 
жиынтығы 
қолданылады, ол барабанның барлық еніне қозғалмастан орнатылған 
жəне жол бойы түпнұсқаны шығылысқан жарықта сканерлейді. 
Әдеттегідей бұл кең форматты сканерлерде барабан барлық сканерлеу 
уақытында тек бір айналым жасайды. Бұл технология жүзеге 
асырылған сканерлер ФЭК бар сканерлерден тиімді ерекшеленеді, 
себебі барабанның айналуының жоғары жылдамдығымен шарталған 
құрылымды элементтердің тұрақтандыру проблемасын шешу 
қажеттілігі шығарылады. Бұл кезде пайда болатын дірілдеуді өшіру 
үшін арнайы амортизаторлар қолданылады, олар сканердің массасын 
250 кг жəне одан аса арттырады. 
Барабандық сканерлер мөлдір немесе шағылдырушы түпнұсқаны 
сканерлеуге мүмкіндік береді. Бұл кезде жарықтандырудың автоматты 
түзетуі, фокусты қашықтықты күйге келтіру жəне жоғары өнімділікке 
кескінді кіріктірілген компьютермен өңдеу есебінен қол жеткізіледі. 
Барынша габаритті өлшемдер, қызмет көрсетуші қызметкерлердің 
алдын ала дайындау қажеттілігі мен барабанды сканерлердің жоғары 
бағасы кəсіби полиграфия мен картографиямен олардың пайдалану 
облыстарын шектеу қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет