Сканердің типі мен моделін таңдау кезінде келесі негізгі
сипаттамаларды ескеру керек.
Айыру қабілеті айырып танылатын нүктелердің орналасу
тығыздығымен анықталады жəне дюймге нүктелермен білдіріледі (dpi
— dot per inch). Сканерлердің айыру қабілетінің екі параметрі болады:
оптикалық жəне бағдарламалық ажыратымдылығы.
Оптикалық ажыратымдылық — бірінші сканерлеу көрсеткіші.
Бағдарламалық əдістермен болашақта ажыратымдылығын көбейтуге
болады. Мысалы, сканердің оптикалық-аппаратты ажыратымдылығы -
до 6 400 х 9 600 dpi дейін, мұндағы 6 400 dpi — көлденеңінен
сканерлеудің ажыратымдылығы, ол сканер матрицасында жарықсезгіш
элементтердің орналасу тығыздығымен байланысты, ал 9 600 dpi —
сканерлеудің
вертикал
ажыратымдылығы,
ол
сканерлеудің
нəтижелерін өңдеу жəне күймеше қозғалысының нақтылығына
байланысты. Бірінші цифрына бейімделу керек, себебі бұл дұрысында
планшетті сканердің нақты («оптикалық») ажыратымдылығы.
Интерполяциялық ажыратымдылық 12 800 х 12 800 dpi — бұл
сканерленген түпнұсқаны оны төрт есе үлкейту жолымен
бағдарламалық өңдеу нəтижесінде алынған ажыратымдылық (ені
бойынша – екіс есе жəне ұзындығы бойынша – екі есе).
Сканерлеу облысы — берілген сканер үшін түпнұсқаның ең үлкен
өлшемі.
Сканерлеу әдісі түрлі-түсті сканерлерде ақпаратты оқып алудың бір
немесе үш өтпелі əдісін анықтайды.
Сканерлеу жылдамдығы — сканердің ең көп оптикалық
ажыратымдылығымен бір минутта сканерленетін ақ-қара түсті
түпнұсқаның беттер саны.
Бұл сипаттаманың маңызды мəні болмайды, себебі компьютердің
тез əрекеттігіне, оның оперативті жадысының көлеміне, аппараттық
интерфейске жəне т.б. байланысты болады. Сондықтан сканердің
тезəрекеттігін тек қана нақты жұмыс орны үшін бағлауға болады.
Кейде бұл параметр сканер сипаттамасында сызыққа миллисекндпен
көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |