Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет127/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

7.3. 
ҮШӨЛШЕМДІ ПРИНТЕРЛЕР 
 
7.3.1. Үшөлшемді баспаны белгілеу және жалпы 
жұмысы 
 
Үшөлшемді
немесе 
ЭБ-принтер
— бұл үшөлшемді 
деректерді шығару құрылғысы (əдетте, көлемді геометрия). Оның 
жұмыс нəтижесі физикалық объекті болып табылады. 
ДК деректерді үшөлшемді түрде шығару қажеттілігінің себебі 
– жаңа өнімді əзірлеу үрдісінде тəжірибелі үлгілер мен «прототип 
моделі» бұйымдарына, оның жеке бөлшектері мен түйіндеріне 
қажеттілік туындайды. Прототип модельдері түрлі қызмет 
кəсіпорындарына қажет етіледі: маркетинг жəне жарнама, сондай- 
ақ дизайнер, құрылмалы жəне технологиялық бөлімшелер. 
Прототипті əртүрлі жасайды: бір кəсіпорындарда бөлшектерді 
пластмассадан фрезерлейді, жұмсақ металлдардан немесе ЧПУ 
білдектердегі ағаштан, ал басқаларда – қолы алтын модельшілердің 
қалауымен жасалады. Бірақ бұл тəсілдер өндірістік қуатты, жоғары 
біліктілік қол еңбегін пайдалануда жəне əдеттегідей, көп уақыт 
шығынын қажет етеді. ЭИ-принтерлердің нарықта пайда болуы, 
жаңа модельдерді, олардың түйіндері мен бөлшектерін тез, сапалы 
жəне қымбат емес жасауға, прототиптенудің тез технологиясын 
енгізуге мүмкіндік береді. 
Жедел прототиптендіру (Rapid Prototyping
— RP) — бұл ДК 
салынған CAD-моделінің геометриясына сəйкес физикалық 
модельдерді (прототип) қабатпен құру. Осы технологияның 
дəстүрлі тəсілден айырмашылығы – модель дайындалған 
материалдардың бөлімінен құралмайды, модельді құрайтын кіріс, 
оның ішіндегі ішкі жəне ауыспалы бөліктерін қоса алғандағы 
материал қабатын өсіруге негізделген. 
RP технологиясы алғаш рет 1980 жылдың аяғында іске 
асырылды, ол кезде америкалық 3D-Systems компаниясы өзінің 
бірінші құрылғысы SLA 
(Stereo Lithography Apparatus) нарыққа 
шығарды, ол лазер сəулесінің əсерімен фотополимердің қабатты 
қатаю тəсілімен модельді жасады. 
Барлық заманауи жедел полимерлеу жүйесі ұқсас алгоритммен 
жасалады: 
266 


а 
б 
в 
7.9.-сурет. 3D-принтер баспасы үшін қималарды құру: 
а 
— CAD-деректер; 
б 
— қималарды жасау; 
в 
— бір қима 
■ 
ЭО-САО-жүйеден (7.9, а-сурет) үшөлшемді геометрияны STL 
форматты оқу (əдетте қатты денелі модельдер немесе үстіңгі 
тұйық контурлар). Қатты денелі модельдейтін барлық САО- 
жүйелері STL (7.9, 
б-сурет
) файлын бере алады;
■ 
Жабдықтармен қоса берілетін немесе қосымша ретінде 
пайдаланатын арнайы бағдарламалардың көмегімен көлденең 
қимаға (қабатына) үшөлшемді модельді бөлу (7.9, в-сурет);
■ 
Қима бөлшектерін физикалық модель прототипі жасалмағанша
қабат-қабатпен астынан бастап үстіне дейін құру.
Қабат астынан үстіне дейін бірінің үстіне бірі орналасады, олар 
физикалық бір-бірімен байланыста. Прототип құру CAD- 
моделінің қимасы туралы деректер түскенше жалғаса береді. 
7.3.2. Үшөлшемді баспа материалдарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет