Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Монитордың жарық беруінің біркелкілігі



Pdf көрінісі
бет68/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Монитордың жарық беруінің біркелкілігі. Қазіргі уақытта көптеген 
мониторларда жарықдиодты (LED) жарықтандыру болады, ол біркелкі 
жарықтануды қамтамасыз етеді жəне көп ресурсқа ие. Статикалық 
кереғарлығының мəні 1000:1 жəне одан да көп болатын мониторларды 
сатып алу ұсынылады (экранның ең жарық учаскесінің жарықтығының ең 
күңгірт учаскенің жарықтығына қатынасы). 
Жауап беру уақыты мен жайма жиілігі. Компьютерлік ойындардың 
əуесқойлары үшін жауап беру уақыты 5 мс жəне одан да аз болатын 
мониторларды таңдаған жөн. Көптеген қазіргі заманғы мониторлардың 
матрица кескінінің жаңаруының стандартты жиілігі 60 Гц тең. Жаңару 
жиілігі 120 ... 144 Гц мониторлар ойындарда өте серпінді көріністі табиғи 
түрде көрсетуге мүмкіндік береді, 
142 


бірақ өте жоғары бағаға ие жəне негізінен— TN-матрицалы, 
сəйкесінше шолудың ең жақсы шолу бұрыштары жəне түс 
жіберудің ең жақсы тереңдігі емес. 
Монитор жарықтылығы — пайдаланушының жұмысының 
жайлы жағдайын қамтамасыз ететін маңызды параметр, себебі 
жоғары жарықтылық көздің шаршауына əкеледі, ал өте төмен 
жарықтық та тек қана көзді тікпейді, сонымен қатар көздің 
қосымша шаршауына əкеледі. Мұндай режимде көптеген LED- 
мониторларының жарықтануы барынша жылтылдап бастайды жəне 
көз 
қарашығы 
монитор 
матрицасының 
барлық 
бетінің 
жарықтығының өзгеруіне ілесуге тырысу керек. Ең көп 
жарықтылықты 250 кд/м
2
монитор үшін оңтайлы мəн 70 ... 90 % 
болып табылады — үңілмеу үшін кескін жеткілікті жарық, бірақ бұл 
кезде көзді талдырмау үшін жылтылдау əлсіз білдіріледі. 
Монитордың аналогтық және цифрлық кірулері. Көптеген 
мониторларда қолданыста ескірген аналогтық кіруі болады D-SUB 
(VGA) — басқа құрылғылармен ең үйлесімдісі. HD жəне одан да аса 
ажыратымды мониторлар үшін цифрлық кірулердің болуы 
ұсынылады — DVI немесе HDMI (екіншісі қолайлысы, себебі оның 
өткізу қабілеті үлкен, аудиоға арналған кіріктірілген арнасы бар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет