ке
■
27" — перспективтік сегмент. Мұндай диагоналды қымбат емес
мониторды стандартты қашықтықта (көзден 50 ... 80 см)
орнатқан
кезде кескін кішкене дөрекілеу болып көрінуі мүмкін, себебі
кескіннің бөлек пикселдері байқалуы мүмкін;
■
30 ... 32" — эксклюзивтік сегмент. Жоғары баға жəне өте үлкен
жалпақтығының себебінен (қарама қарсы шеттері басты қозғалтусыз
көру шегінен тысқары болады) диагоналы 27"
асатын мониторлар
көпшілік пайдаланатын болмады. Диагоналы 24" жəне одан асатын
мониторларды бірнеше себеп бойынша алу ұсынылады: үлкен экранда
скроллингсіз көп ақпаратқа қол жетімді (тінтуірмен белсенді жұмыс
жасаудың қажеті жоқ); кейбір үлкен объекттермен кішкене экрандарда
жұмыс жасау ыңғайсыз (карталар,
схемалар, сызбалар, күрделі
кестелер); ойындарда үлкен экран іс жүзінде барлық көру кеңістігін
алады, ол реалистікті қосады.
Монитордың дизайны мен эргономикасы. Монитордың
биіктігі
бойынша реттеу, жұмыс кезінде басты ию қажеттігімен байланысты
жоғары шаршаудан құтылуға мүмкіндік береді, бірақ ол əр модельде
болмайды.
Монитор түйіршігінің ажыратымдылығы, пропорциясы мен
өлшемі. Дербес компьютерлер үшін бұқаралық ақпарат құралдарының
көпшілігі (бейне, ойындар, көптеген бағдарламалар мен сайттар) 16:9
пропорциясымен жəне HD (1 366 х 768 пиксель), FullHD (1 920 х 1 080
пиксель), WQHD (2 560 х 1 440 пиксель) жəне UltraHD (4K, 3 840 х 2
160 пиксель) стандартты ажыратымдылықпен жобаланады. Осыған
байланысты осындай ажыратымдылықты мониторларды таңдау
ұсынылады — HD (шағын мониторлар), FullHD (орта жəне үлкен
мониторлар), WQHD (орасан зор мониторлар) жəне UltraHD (үлкен
жəне орасан зор мониторлар).
Достарыңызбен бөлісу: