Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет31/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Цицерон өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайға сипаттама беріңіз.

  2. Осы кезеңдегі шешендік сөздің қоғамдық маңызына тоқталыңыз.

  3. Цицеронның рим әдебиеті тарихында алатын орны қандай?

  4. Цицерон – шешендік сөз өнерінің теоретигі, оның әлемдік мәдениет үшін маңызы.

    1. тарау.

Август ғасыры


Б.з.б. 31-жылы Грекияның батыс-оңтүстік жағалауындағы Анцизм шайқасында Октавиан қосындарының Антоний әскерін ойсырата жеңуі нәтижесінде ескі республикалық билік күйреп, Рим тарихының жаңа дәуірі – жеке билеуге негізделген императорлық билік орнайды. Октавиан жариялаған жаңа басқару әдісі - Рим құлиеленушілерін әскери диктатура негізінде біріктіріп, сол кездегі қоғамдық құрылысты сақтап қалу талаптарынан келіп шыққан ең соңғы ақтық әрекет болды.
Бұл диктатураның найзасы тек құлдар көтерілісіне, демократиялық топтардың наразылықтарына ғана емес, сондай-ақ даңқ пен мансап жолында ішкі қақтығыстарды туғызып отырған кейбір ақсүйектерге де қарсы бағытталған еді. Төменгі топтардың көмегімен, бейне сол бір топтың мүдделерін қорғайтын жанашыр ретінде күрес бастаған Октавиан да, өзінен алдын өткен Сулла, Помпей, Цезарь және тағы басқалар сияқты билікке қол жеткізген соң, берген уәделерін ұмытып, құлиеленушілер мен сенат ақсүйектері жағына ауып кетеді. Бірақ ол Рим қоғамындағы түрлі әлеуметтік топтарды шошындырып алмау үшін бейтарап саясатты қолдайды, жылдам диктаторлық жолға көшіп, барша басқару істерін өз қолына алмайды, республикалық басқару жүйесін өзгертпестен, ескі билік тәсілдерін сол қалпында қалдырады. Өзін тек принципс, яғни «бірінші азамат» деп атаумен ғана қанағаттанады.
Октавиан жариялаған мұндай шаралар сақтық тұрғысынан жасалынып жатқан қимылдар еді. Шындығында, сақталып қалған республикалық билік қай салада да жеке әміршінің тілегі мен мүдделеріне қарай іс жүргізеді, сенат оған үлкен құрмет көрсетеді, жаңадан-жаңа мансап пен лауазымдар ұсынады. Осылайша, Октавианның туған күні, әскери жеңістерінің тарихы бүкіл мемлекет бойлап тойланатын үлкен мерекелерге айналады, сенат ғимаратының қабырғаларына оның ерліктерін баяндайтын үзінділер алтын әріптермен жазылады, өзіне консул, император, халық шешені атақтары беріледі. Италияның түрлі қалаларында және
уәлаяттарында оған арнап биік ескерткіштер орнатылады, сенаттың шешімімен Октавианға осы кезге дейін тарихта әлі болмаған Август, яғни «қасиетті» деген ат беріледі. Ішкі соғыстарды тыйып, мемлекетте бейбітшілік орнатқан басшы, халықтың тұрмысын жақсартқан қамқоршы ретінде Рим қоғамының ақсүйектері Октавианды көкке көтереді.
Ресми түрде республикалық билікті жариялаған Август, ескі әдет-ғұрыптарды, діни нанымдарды, адамгершілік нормаларды қайта жандандыруға әрекет қылады, тіпті Рим азаматының жеке өміріне де араласып, отбасының салауатты, ерлі-зайыптылардың бір-біріне адал болуына көп көңіл бөледі. Октавиан Август өзінің салтанатын ескі республикалық заңдарға, ата-баба дәстүрлеріне қайта оралудың нағыз өзі екендігін дәлелдеуге қанша ұрынғанымен, Рим қоғамының көп бөлігі бұл саясаттың басынан аяғына дейін республикалықтан гөрі, Цезарьдің жеке билеу саясатына көбірек ұқсайтындығын жақсы түсінетін еді. Бірақ жүз жылға созылған ішкі ұрыстардан шаршаған Рим халқы, әсіресе шаруалар, мемлекетте орнатылған тыныштық себебінен, Августың диктаторлық саясатына көндігіп кетеді. Тіпті оның ғасырын «алтын ғасыр» деп атайды.
Заманының едәуір білімді адамы және мәдени істерге бір табан жақын тұрған Август, әдебиеттің үлкен тәрбиелік мәні бар екендігін жақсы түсінеді және билікті қолға алған күннен бастап, өзінің басқару әдістерін халыққа мақұлдату мақсатында, сол мүмкіндіктерді кең пайдалануға кіріседі. Әміршінің кейбір жақын әкімдері де сол дәуірдің ірі қаламгерлерін өздеріне жақын тартып, олардың туындыларын жаңа заңдарды қолдауға бағыттайды. Мәдениет пен әдебиет істерін ұйымдастыруда еңбегі сіңген және сол жолда Августке өте көп қызмет көрсеткен жандар арасында ең атақтылары
- Корвин Массала, Асиний Поллион және Гай Цильний Меценат. Бұлардың ішінде императордың ең жақын кеңесшісі және әдеби жәрдемшісі, әрине Меценат болды. Аты, кейіншелік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет