NB- көнiл бөлiңіз.
Егер сөз құраушы негiз "қанды денешiк немесе iсiк" деген мағына беретiн болса, онда osis жұрнағы арқылы жасалған сөз - "таралу, көп екендiгiн бiлдiретiн" мағынадағы сөздi жасайды. Мысалы: leucocytosis лейкоцитоз қан құрамында лейкоциттердiң көп болуы деген мағынаны бiлдiредi. Fibromatosis фибромдардың көп болуы.
ismus - жұрнағы.
Бұл жұрнақпен берiлген зат есiмдер, берiлген белгiге байланысты құбылысты, сәйкестiктi бiлдiретiн зат есiм жасайды. Мысалы: infantilismus (латынша-infantilis-балалық) бала жасына тән психикалық және физиологиялық дамудың сақталып қалуы. Daltonismus - қызыл және жасыл түстердi ажырата алмау. Strabismus - қитар көз.
itis - жұрнағы ќабыну және қабыну барысын көрсетедi. XVIII ғасырдан бастап itis жұрнағы аурудың қабыну атауларын жасау үшiн қолданылып келедi. Мысалы: gastritis-гастрит-асқазанның кiлегейлi қабығының қабынуы; nephritis-нефрит-бүйректiң қабынауы. Itis- жұрнағымен берiлген зат есiмдер III жiктеуде f тегiнде жiктеледi, iлiк септiгiнде itidis болады. Мысалы: bronchitis, itidis meningitis, itidis f.
oma – жұрнағы ісiк атауларын жасаѓан кезде қолданылады. Медицина термиологиясында oma- жұрнағы зат есiмдер немесе сын есiмдер негiздерiне жалғанып, iсiк атауларын жасайды. Мысалы: fibr-oma талшықты байланыстырушы тiндердiң залалсыз iсiгi. Oste-oma- сүйектiк тiндердiң заласыз iсiгi. Oma- жұрнағымен берiлген зат есiмдер III жiктеуде n – текте жiктеледi, iлiк септiгiнде atis болады. Fibroma, atis n, osteoma, atis n
Кейбiр тiндердiң залалды iсiктерiнiң атаулары, тiкелей ауру атын көрсетедi. Мысалы: carcinoma- рак, язва; sarcoma- еттi iсiк. Жалпы iсiк сөзi tumor, oris m, blastoma, atis, n neoplasma, atis n сөздерiмен синонимдес болып келедi.
Достарыңызбен бөлісу: |