15-сабақ
Тақырыбы: Клиникалық терминологиядағы
ossis, iass, ismus, oma жұрнақтары
osis, iasis-жұрнақтары.
Бұл жұрнақтар берiлген зат есiмдер мен етiстiктер негiздерiне жалғанып аталған негiздiң әрекетiн және соның нәтижесiн көрсетедi. Мысалы: stenosis - стеноз, тарылу (нәтижесi)
Selerosis - склероз, қатаю.
Narcosis - наркоз, ұйықтау.
Жалпы осы жұрнақпен берiлген сөздер «патологиялық процесс, аурудың асқынуын, созылмалы ауру түрiн білдiретiн мағына бередi. Ал егер сөз құраушы негiздер : "тiн (ұлпа), ағза, дене мүшесi, организм жүйесi" мағынасында берiлсе, бұл сөздерге osis жұрнағы жалғанып, "ауруға шалдыққан" деген мағынаны бiлдiредi. Мысалы: fibrosis-фиброзды қайта даму, nephrosis-нефроз - бүйрек өзекшелерiнiң ауруының асқынуы. Toxicosis - токсикоз - улы заттармен – “улану нәтижесiнде” ауру.
Достарыңызбен бөлісу: |