Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


  3-тарау. В И Р У С Т А Р , В И Р О И Д Т А Р , М И К О П Л А З М А Л А Р



Pdf көрінісі
бет23/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 


26 
3-тарау. В И Р У С Т А Р , В И Р О И Д Т А Р , М И К О П Л А З М А Л А Р
3.1 Вирустар 
 
Вирустарды 1892 жылы орыс физиологы Д.И. Ивановский темекі 
теңбілі ауруын зерттеу барысында ашты (2-сурет). Вирустар – ӛсімдік, 
жануар және адамдардың, облигатты паразиттері қатарына жататын ӛте 
ұсақ ауру қоздырғыштары. Олардың клеткалық құрылысы болмайды. 
Вирустардың мӛлшері негізінен 200 нм-ден аспайды. Фитопатогенді 
вирустардың пішіні жіп, таяқша және шар тәрізді. Ересек вирустық 
бірліктің (вирионның) құрамында инфекциялық бастау ретінде РНК 
(салмағының 5% кӛлемінде), тек біразының ғана құрамында ДНК және ақ 
уыз (90%) болады. Вирус ақуызы ие ағза клеткасының рибосомаларында 
түзіледі. Бұл биосинтез үрдісі клетка энергиясының есебінен жүреді. 
 
2-сурет. Таяқша тәрізді темекі вирусы 
 
Вирустар бір клеткалы организмдер сияқты бӛліну арқылы емес, 
жеке 
молекулаларды 
синтездеп, 
олардан 
тұтас 
бӛлшектердің 
құрастырылуы арқылы кӛбейеді. Ие ӛсімдік клеткасына енгеннен соң 
вирус ақуыз бен нуклеин қышқылына бӛлінеді. Нуклеин қышқылы ӛсімдік 
клеткасына емес вирусқа қажетті ферменттердің синтезделуін басқара 
бастайды. Жаңадан түзілген вирус ферменттерінің әсерінен клетка 
бойындағы материалдан вирус ақуызы мен нуклеин қышқылының жаңа 
молекулалары түзіліп, олардан жаңа вирустық бӛлшектер құрастырылады. 
Вириондарды құрастыру үрдісі (репликация) барысында генетикалық 
тұрғыдан ӛзгеріске түскен формалар – вирус штаммалары түзілуі мүмкін. 
Ӛзгерген штаммалар ілкіде тӛзімді сорттарды да зақымдауы мүмкін. 
Вирустың нуклеин қышқылы клетка қабықшасындағы саңылау – 
плазмодесма арқылы кӛршілес клеткаға ӛтіп, оның бойында да вирус 


27 
бӛлшектерінің синтезін бастауы мүмкін. Вирус нуклеотидтері флоэма 
бойымен жүретін қоректік заттар ағынымен бүкіл ӛсімдік ағзасының 
бойына тарайды. 
Клеткадағы вирус бӛлшектерінің концетрациясы бірнеше миллионға 
жетіп, ары қарай кӛбеюін тоқтатады да тыныштық кезеңі басталады. Бұл 
кезде кейбір фитопатогенді вирустар аморфты денелер (Х-денелер) немесе 
пішіндері әр түрлі кристалдардан (Ивановский кристалдары) тұратын 
вирустық бӛлшектердің жиынтығынан тұрады. 
Сыртқы орта факторларына катынасы бойынша фитопатогенді 
вирустар екі топқа бӛлінеді берік және берік емес. Берік вирустардың 
басым кӛпшілігі теңбілдер тобына жататын ауру қоздырғыштары. Бұндай 
вирустар қыздырған кезде, қышқылдығын ӛзгерткенде, бӛлшектерінің 
тұтастығын сақтайды, кейбіреулері 10-минут бойына 80-90
о
С-қа дейін 
қыздыруды, бірнеше күн бойына сығып алынған залалданған ӛсімдік 
шырынына салуды кӛтереді. Ал вирустардың екінші бір тобы 37-50
о
С 
деңгейіне дейін қыздырылса тіршілігін тоқтатады. Сол сияқты берік емес 
вирустар ӛсімдік шырынында тез арада тіршілігін тоқтатып, әр түрлі 
химиялық заттардың әсерінен ыдырайды. Сондықтан да бұндай 
вирустарды таза күйінде бӛліп алу ӛте қиян. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет