Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Астық дақылдарының тамыр шірік аурулары



Pdf көрінісі
бет87/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Астық дақылдарының тамыр шірік аурулары (40-сурет). Астық 
дақылдарында бұл кесел кеңінен таралған, әcipece pecпyбликаның 
солтүстік аймағында аса кӛп зиян келтіреді. Оңтүстікте күздік дақылдар 
мен жүгері тамыр шірігі ауруымен қатты залалданады. 
Кесел белгісі тұқымның ӛну, ӛскiн, түтіктену және гүлдеу 
кезеңдерінде білінеді. Қоздырғыш ӛсімдіктің негізгі және қосымша 
тамырларын, топырақ асты буынаралықтарын, сабақтың етегін 
залалдайды. Ауруға шалдыққан ӛсімдіктің тамырлары мен сабақтарының 
етегі қоңырайады. 
40-сурет. Астық дақылдарының тамыр шірігі аурулары: 
а – гельминтоспориозды; б – фузариозды; в – офиоболезді; г – 
церкоспореллезді; 
1, 2, 3 – тиісінше залалданған ӛсімдік, масақ, дән; 4ауру қоздырғыш 
саңырауқұлақтың споралары; 5 – залалданған ӛсімдік ӛркені; 6 – локула; 7 
– қоздырғыштың қалтасы және қалта споралары 


119 
Тамыр шірігінің ауру қоздырғыштары бірнеше туыстарға жататын 
саңырауқұлақтар – Fusarium, Drechslera (син. Helminthosporium), 
Ophiobolus, Cercosporella және т.б. Қазақстанда тамыр шірігінің нeгiзгi 
қоздырғышы – Bipolaris sorokiniana Sub. саңырауқұлағы. Залалданған 
ӛскіндердің колеоптиль ұлпасында түсі сары немесе ашық-қоңыр сызықтар 
мен созылған дақтар пайда болады. Сонымен қатар ӛсімдік тамырлары мен 
топырақ асты буынаралықтары
залалданады. Дақтар ӛсе келе сабақты орап, 
ұлпалары шiріп, ӛсімдік залалданған тұсынан шіріп сынады. Ӛсімдік 
түптене бастағанда тӛменгі буынаралықта бойлаған қоңыр дақгар пайда 
болады. Саңырауқұлақ 20-27°С температура мен ылғалды ортада жаксы 
дамиды. Инфекция қоры – тұқым мен топырақ. 
Тамыр шipiгiн Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар да 
қоздырады. Бұл жағдайда ӛсімдіктің топырақ асты буынаралықтары мен 
қосымша тамырлары алғашында қызарып, кейін қоңырланып, ыдырайды. 
Ылғалды 
ауа 
райында 
саңырауқұлақ конидияларынан 
тұратын 
кӛпшікшелер түзіледі. Залалданған күріш ӛскіндері жер бетіне шықпай 
саргайып, бұралып, қурайды. Топырақ ылғалының жетіспeyi немесе күрт 
ӛзгеруі, оның бетінде қабыршақтың түзілуі, себу мерзімін сақтамау және
ӛсімдікті әлсірететін басқа да факторлар аурудың дамуына әсерін тигізеді. 
Саңырауқұлақ 20-22°С температура мен 40% топырақ ылғалдылығында 
жақсы дамиды. 
Тамыр шipiгiнeн ӛскін сиреп, ӛсімдіктің дамуы тежеліп, нашар 
түптеніп, жапырақтары сарғайып, қурап, масақта дән түзілмейді (ақ масақ), 
ал түзілгендері әлжуаз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет