Пайдаланылған әдебиеттер:
Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы. - Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.
Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.
Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н.Андрианов. - М.:Просвещение, 1987. - 215 с.
Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу
Оқыту формасы: лекция
Оқыту құралдары: оқулық
Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК
Бақылау түрі: ауызша сұрақ - жауап.
1. Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр саласында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке бейімделген қабілетті жастарды іріктеп, олардан интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың шығармашылық қызметіне басшылық ете отырып көмектесу қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күшіне, мамандығына бағалы тауар есебінде қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық мекемелерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап-болжай білетіндігіне, т.с.с. жақтарына назар аударуды талап етуде. Сұранысқа сай даярлығы жоғары дәрежедегі маман-қызметкерлермен жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін, оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін анықтау және оларды арнайы әдістемелерді қолдана отырып дамыту мәселелеріне көңіл аудару қажет.
Қазіргі кезеңде, оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту үдерісінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Мұндай әдістемелер арқылы оқушылар есте сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті ескеріле бермей бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін (дамыта оқыту әдістерін) қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңінде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сәйкес қажеттісіне ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Қалыптасқан нарық жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, оларды әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен. Оқу жұмыс түрлерінің табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана емес, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әр түрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Технология пәні (бұрыңғы еңбекке баулу) мұғалімі жастарды шығармашылық еңбек іс-әрекетіне дайындауға тікелей қатынасады. Технология сабағында, кәсіпке баулу және өнімді еңбек, сыныптан тыс жұмыстар барысында, ол мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуы, білімін қалыптастыру қажет, тұлғалық санасын, қажетті ойлап табушылық рационализаторлық, өндіріс жаңашылдарын тәрбиелеуі тиіс.
Болашақ мұғілімдерді оқушылардың техникалық шығармашылығына дайындау педагогикалық оқу орындарында оқудың барлық кезеңінде, уақытында жүзеге асуы қажет. Психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және техникалық білімдерді олар оқу пәндерінің сәйкес циклдерін оқу барысында, жалпы біліктілікпен дағдыларды семинар және лабораториялық сабақтарда және мектептегі педагогикалық практика барысында алады. «Оқушылардың техникалық шығармашылығы» курсын зерделеуде болашақ педагогтар оқу пәндерінде және техника бойынша сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығына жетекшілік (басшылық) бойынша арнайы білім мен біліктіліктің негіздерін меңгеруі тиіс.
Заманауи талаптар мен инновациялық технологиялардың оқу үрдісіне көптен ене бастаған кезеңінде бұл оқу құралының пайдасы болар деген ойдамыз. Аталған оқу құралында оқушыларды техникалық шығармашылыққа бейімдеу мен жетілдіру мәселесі түгелдей шешімін табады деп есептемейміз. Осыған орай оқытушылар мен оқырман қауым көзқарастары мен ескертпелерін автор зор ықыласпен, рахмет айта отырып қабылдайды.
2. Әрбір есті адам (латынша айтқанда - һоmо sapiens) өзінің күнделікті өмірінде, өзінің қабілетін пайдалана отырып және өмірден алған тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, бір нәрсені жасайды, жетілдіреді, жаңартады. Көп адамдар өзінің іс-әрекетінде интеллектуальдық қызметтің ең жоғары сатысына көтеріледі - бір нәрсені ойлап табады немесе жасайды. Адамның интеллектуальдық қызметінің жоғарыда келтірілген екі түрінің ұқсастығына қарамастан, «шығармашылық», «инновациялық зерттеу» және «ойлап табу» түсініктерінің арасында маңызды және айтарлықтай айырмашылық бар. Әрине, сауатсыз адамға немесе тәжірибесіз маманға бұл түсініктер арасының шекарасын табу немесе оларға анықтама беру қиынға соғады.
Сонымен бірге, көп жағдайда адамдар түрлі әрекеттер жасай отырып, оларды ондай терминдермен атамайды, олардың маңызды екендігін жете бағаламайды.
Тіпті бір нәрсені орындай отырып, түрлі адамдар оларға түрлі көзқарастармен және баға берумен келеді. Осы ойды көзге елестету үшін үш құрылысшы туралы өсиет әңгімені еске түсіру пайдалы. Бір күні бір адам орасан зор құрылыстың жанынан өтіп бара жатып арбаға кірпіш тиеп кетіп бара жатқан үш адамды кездестіреді. «Не істеп жатырсындар?» - деп сұрайды олардан өтіп бара жатқан адам. - «Не істеп жатқанымызды көрмей тұрсың ба? Кірпіш тасып жатырмын» - дейді біріншісі. - «Ақша тауып жатырмын» - дейді екіншісі. Ал, үшіншісі: - «Мен Шартр соборын салып жатырмын» - деп жауап береді. Сонда жолаушы былай деп ой түйеді: «Тек соңғысы ғана нағыз құрылысшы».
Әрбір адам өзінше табиғаттың сыйымен және өмірлік тәжірибемен байытылған. Ол дарындылық пен талантқа сүйенеді.
Адамның дарындылығы деп оның жеке, тұлғалық, тек оның өзіне ғана тән қасиеттерінің жиынтығын атайды. Оларға жататындар: интеллектуальды қабілеттері, оқуға деген ерекше (спецификалық) қабілеттері, ойлау түрі, орындаушылық және бейнелеу өнеріне қабілеті, психомоторлық қабілеттері мен кейбір басқа да ерекшеліктері жатады.
Адамның дарындылығы көпқырлы болып келеді, бірақ оның табиғи және өмірден алған тәжірибесінің мүдделері белгілі бір қызмет аясына жатады. Адамның осы ерекше іс-әрскет аясындағы қабілеттері мен жетістіктері талант деп аталады.
Бұл оқу құралында адамның нақты бір саладағы — ғылыми-техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық саласындағы негізгі ұғымдар (дарындылық, талант, т.б.), өнертабыстық әдістер, оқушылардың техникалық шығармашылығы түсінігі, оқушыларды шығармашылыққа баулу барысы, т.с.с. мәселелер туралы сөз етіледі.
Алдымен энциклопедиялық әдебиеттердегі «шығармашылық» сөз нені білдіретінімен танысалық. Бұл сөзді «Кеңестік энциклопедиялық сөздіктің» соңғы басылымында былай деп түсіндіреді:
«Шығармашылық» - қандай да бір сапалы жаңа тудыратын қайталанбайтығымен, даралығымен және қоғамдық-тарихи сиректігімен ерекшеленетін іс-әрекет. Шығармашылық адамға тән, өйткені ол қашанда жасампаз - шығармашылық іс-әрекеттің субъектісін болжайды шығармашылық емес, даму процесі жүреді».
Сонымен, шығармашылық - бұл адамның интеллектуалдық іс әрекеттінің ерекше түрі, ол сапалы жаңа құндылықтарді жасауға бағытталады.
Сондай-ақ шығармашылықтың басқа да көптеген анықтамалары оның ішінде психолог Фроммның анықтамасы барынша көңілден шығады: «Шығармашылық - стандартты емес жағдайлар қабылдай алу шеберлігі мен тандана білу мен тану қабілеті, тәжірибесін терең сезіне білу қабілеті мен жаңаны ашуға мақсатты бағыт алуы». Бұл түсініктемеден келіп шығатыны, шығармашылықтың критерийі адамның ерекше (спецификалық) іс-әрекетінің нәтежесінің сапасы емес, бұл адамның шығармашылық өнімділігін белсендіре процестер мен сипаттамалар.
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін олардың ешуіне жол бермеугс, олардың өшуіне жол бермеуге, оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жоқ қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмьылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру белемнің басты мақсаты»,-деп көрсетілген. Тұжырмдама мазмұнына және айтылған байланысты шығармашылық: біріншіден, өзін-өзі тануға ұмтылысы ізденісі, екіншіден, қабілеттерін дамытуы, рухани күшінің нығаюы болып табылады.
Шығармашылық тұлғаға барынша білуге құмарлық пен қандай да бір жаңа, өзгеше нәрсені жасауға ұмтылысы тән болып келеді. Мұндай адам жеке тәжірибесін байытуға, механизмдерді қадағалау үшін түрлі құбылыстар мен процестерді зерттеуге уақытын аямайды. Ол әрдайым коғамның және өзінің жақындарының, уақытты, материалды және күшті үндемейтін, еңбекті жеңілдететін, пайда әкелетін технологиялар мен қондырғыларға мұқтажын жақсы біледі.
Сондай-ақ бұл кітапта «идея» сөзі талқыланады және қайталанады. Шығармашылық процесс, әсіресе өнертапқыштық белсенді түрде жаңа идеяларды іздеуге, бұрыннан белгілі және балама идеяларды таңдауға байланысты болып келеді. Инженерлік жобалаудың тәжірибесі көрсеткендей, үлкен сұранысқа ие және пайда келтіретін жаңа бұйымды жасау үшін кем дегенде 55-60 жақсы идеялар қажет.
Идея - бұл объективті шынайылықтың құбылыстарының ойдағы бейнесінің формасы. Идеялар өзіне дүниені іс жүзінде жаңарту мен одан әрі тану мақсатын сезінуді, адамның пайда болған жаңа мұқтаждарын қанғаттандыруға бағытталған, жаңа технологиялық қондырғылар мен технологиялар, жаңа заттар мен материалдар, сондай-ақ жаңа қолданыстарды жасауды білдіреді.
Өнертапқыштық - адамның шығармашылық қызметі формаларының бірі. Әрбір білімді адам бұл қызметке құқылы, сондықтан да ол өзін осы интеллектуальды еңбектің саласында сынауы тиіс. Өйткені білім берудің төл мақсаты - адамға өзінің мүмкіндіктерін ашуға, өзін тануға мүмкіндік беру. Бұл жерде Сократтың: «...бәрінен ең қиыны өзіңді өзің тану» - деген сөзін еске түсірмеу мүмкін емес. Өнертапқыштық адамның белгілі ең үлкен сүйсінушілік, қанағаттанушылық сезімнің бірі, өйткені бұл шығармашылық жұмыс интеллектуальды және көңіл-күйді, өз қолымеи көп нәрсені жасай білуі, мысалы, модельдер мен үлгілерді жасау, оларды сынау, оларға эксперимент жасау.
Шығармашылық немесе өнертапқыштық іс-әрекеттің объектісі деп кез-келген қондырғы (машина, жүйе, оның элементі немесе түйіні), тәсіл (жасап шығару, құрастыру, қандай да бір істі ұйымдастыру және т.6.), зат (жаңа қасиеттері бар материал) немесе мүлдем жаңа, бүгінге дейін белгілі қондырғыларды, заттар мен тәсілдерді белгісіз қолдануды айтуға болады.
Тиімді ұсыныс жасау мен өнертабыстық - ТМД елдеріндегі шығармашылықтың, әсіресе ғылыми-техникалық шығармашылықтың едәуір көпшілік және мәнді түрі болып табылады. Адам қоршаған ортаны өзгертуде айқындалған үш шығармашылық іс-әрекет түрін орындайды. Бірінші - қоршаған ортадағы өмір сүруші зандылықтарды, қасиеттерді және құбылыстарды объективті зерделеуі. Бұл сөзсіз ғалымдардың назарын аударатын және іс-әрекеттің көлемді нәтижесі жаңаашылым (открытие-жаңалық ашу) болып табылады. Келесі шығармашылық іс-әрекеттің түрі әртүрлі шаруашылық іс-әрекет саласындағы күнделікті туындайтын тапсырмаларды (міндеттерді) шешумен байланысты. Қандайда бір түпнұсқаны ойлап табу (изобретения-өнертапқыштық) болып табылады.
Анықтамалықтарда жаңаашылым, өнертабушылық (өнертабыс) және тиімді ұсыныс жөнінде төмендегідей пікірлер айтылады. "Жаңаашылым (жаңалық ашу), табиғат күшін адамның пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін материалдық әлемді танудың ерекш акті болып табылады", - деп сипатталады. Жаңаашылымда ғылымның қоғамдық функциясы көрінеді: өндірістің дамуы, еңбек өнімділігінің артуы, адамның өмір сүруінің едәуір жоғары дәрежесін қамтамасыз етуі. Өнертабыстың мәні ғылыми1 техникалық прогресс ырғағының жеделдетілуі үшін олардың табиғатының өзімен келісілген болады, яғни олар өзімен экономикалық және басқа ді оң тиімділікке ие жаңа техникалық шешімді ұсынады; өнертабыс бірінші кезекте еңбек құралдары, материалдар мен технологиялық процестерді бәсекелік қабілеттерінің пайда болуымен белгілі болады. Сонымен өнертабыс жаңа және кез келген халық шаруашылығының саласында әлеуметтік-мәдени, құрылыс немесе елдің қорғанысында оң тиімділігі беретін міндеттерді техникалық шешуде мәнді өзгешелікке ие болып танылады. Тиімді ұсыныс - бұл қандай да бір нәрсені жетілдіру, жақсарту және «ол... барлық уақытта пайдалы» болып табылады.
Өнертабыс объектісінің бірі әдіс. Әдіс өзара байланысқан әрекеттерді ретті жүзеге асыру жиынтығы ретінде - тәсілдерді операцияларды орындауды күшпен (мысалы, кесу), ұзақтығымен (уақыт бойынша), жүзеге асырумен (мәселен, температурамен, қысыммен сипатталады. Сондай-ақ, әдіске сақтандыру, диагностика тәсілдері және адамдар мен жан-жануарлардың ауруын емдеу де қатысты болып табылады.
Тиімді ұсыныс жасаушылар мен өнертабысшылардың ұсыныстары негізінен техникалық, әлеуметтік мәселелерді шешуге кемектеседі және техникадағы прогрестің қайнар көзі болып табылады. Өнер табушылар мен тиімді ұсыныс жасаушылардың іс-әрекетінің мақсаты адамдарды таза механикалық ауыр дене еңбегінен босату және еңбектің ыңғайлы оңтайлы жағдайын кұру үшін берілетін ұсыныстарды іске асыру.
Ойлап табу - бұл заң жүзінде танылған және ресми түрде мемлекеттік құжатпен жаңа, бұған дейін белгісіз, өзгеше қасиеті бар өнеркәсіп пен басқа да қызмет аясында пайдалану мүмкіндігі мен іс жүзінде пайдалы обьектіні жасау туралы акті.
3. Пайдалы модельдердің патенттері мен куәліктері — бұл шын мәнісінде адамның құқығын немесе авторлық ұжымның өзіне тән интеллектуальды меншігінің құқығын қорғайтын және бекітетін істер мен құжаттар. Шығармашылық жасалған заттардың артықшылықтары мен авторлардың құқығын қорғайтын заңда мемлекеттік құжаттың көптеген басқа да түрлері бар. Олардың ішінде жаңадан жасалған әдеби, коркем шығармашылық және музыкалық шығармалардың, алгоритмдер мен машинаналық бағдарламалардың, әдістемелер, теоремалар мен есептеп шығару формулаларына, тауар белгілері мен басқа да көптеген интеллектуальды меншіктің өнімдеріне авторлық құқықтар жатады.
Ілгеріден, яғни адамзат баласының, қоғамның дамуымен оны жүзеге асыру мақсатында және қазіргі кезеңде көпшілікті «адамды шығармашылық пен өнертапқыштыққа үйретуге болады ма?» деген сұрак ойландырған және ойландырып келеді. Бәлкім бұл сұрақ кейбіреулерге орынсыз қойылған сұрақ болып көрінуі мүмкін. Адамзат өзінін, өмірінде адамдарды шығармашылық қызмет пен оларды өнертапқыштықка үйретудің бай тәжірибесін жинақтаған. Гректің көне заманғы ғалымы Архимед өзінің «Архимед заңы» деген еңбегімен көпшілікке танымал, б.з.д. екі ғасыр бұрын өмір сүрген ол өзінің оқушыларын өнертапқыштыққа үйрететін мектеп ашқан. Бұл мектептің маңызы орасан зор болды, Архимедтің оқушылары оның өзі сияқты өнертапқыш болды, олар өздері өмір сүрген дәуірдің техникасының дамуына орасан зор үлес қосты. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың, педагогиканың дамуының тарихи жолында шығармашылық пен өнертапқыштыкқа оқыту арқылы үйретуге болады дегенге үзілді-кесілді қарсы шыққан атақты ғалымдар кездесіп отырды. Солардың бірі, дәл солай қателік жіберген француз психологы Теодюль Рибо былай деді: «...Егерде ой шығармашылығына үйретуге болатын болса, ол кезде өнертапқыштар етікшілерден де көп болған болар еді».
Адамды шығармашылық пен өнертапқыштыққа үйрету мүмкіндігіне кейбір философтар мен психологтар, педагогтардың күмәндануы мен күдік келтіруінің себебі, олардың кейбіреулері талантты - Құдай адамға жалғыз рет және мәңгілікке береді деп есептесе, екіншілері -шығармашылықтың талантын адамның миына табиғаттың өзі салады деп, ал үшіншілері - шығармашылық интеллекттің генетикалық жағынан, яғни атадан балаға, ата-аналарынан балаларына берілетін тұқымқуалаушылығы деп есептеген. Тіпті өнертапқыштықтың белгілі теоретиктері, ағылшын колледжінің профессорлары Мередит Тринг пен Эрик Лейтуэйт былай дсп есептеген, «шығармашылыққа оқытуға болмайды, бірақ та шығармашылық қабілеті бар адамдар жеткілікті болғандықтан, міне, осы адамдар өздерінің талантын алға қойған міндеттерін сәтті шешуге тиімді қолдана білуге үйренулері мүмкін».
Осыған байланысты ғылыми-техникалық шығармашылык саласында жұмыс істейтін ғалымдар мен педагогтарға оның дұрыс еместігін тағы да қайталап дәлелдеуіне тура келеді. Белгілі француз философы, математигі, физик және биологы Рене Декарт бұдан үш жүз жыл бұрын балаларды музыканы, сурет салуды және биді үйренгендей, өнертапқыштықты да үйренуге болады деп есептеді және балаларды өнертапқыштықка үйренуге шақырды. Біздің өмір сүріп отырған кезеңіміздің көрнекі ғалым-физигі, ғылымтану бойынша негізін қалаушы еңбектердің авторі Джон Бернал былай деп есептеді «...басқаны үйренгендей шығармашылыққа да үйренуге болады».
Ежелгі Русьта өнертапқыштық пен техниканыі даму тарихын оқып үйренудің негізін алғаш рет XVII ғасырдың басында император Петр I қалаған. Петр I 17 жасында патша тағына отырысымсн алуан түрлі ғылым мен түрлі кәсіпті (ағаш ұстасы, слесарь, токарь) игеру үшін көп уақыты жұмсап, төзімділікпен айналысқаны бәрімізіге белгілі. Осы мақсатта ол бірқатар өнеркәсібі дамыған европа елдеріне Голландия мен Англияға саяхат жасаған. Ол Англияда 1698 жылы төрт ай уақыт болып, зауыттар мен фабрикаларда, мұражайлар мен көрмелерде, Гринвичсі обсерваториясында, Оксфорд университетіндс, Монета сарайында болды. Ол бұл жерлерде ғылым мен техниканың жетістіктерімен танысты және көрген білгенін Ресейдің мемлекеттік құрылысы мен шаруашылығын жақсарту үшін пайдалануды көздеді.
Біршама уақыттан кейін ол шетел әдебиеттерін оқып және қарап шыға отырып, ағылшын тарихшы - гуманисі Полидор Вергилий Урбинскийдің өнертапқыштық пен техника тарихы бойынша кітабы кездестіреді және оны қызыға оқып шығады. Осы уақыт ішінде бұл кітап бірқатар шетелдерде бірнеше рет басылып шыққан еді.
Вергилий Урбинский (1470-1555) өзінің замандастарының; өнертапқыштар мен ежелгі ойшылдардың сансыз көп еңбектерімен таныса отырып, сол кезеңнің білімінің энциклопедиясын жасады. Оның кітаптарының бетінен Аристотель, Демокрит, Гераклит, Архимед және басқа да әйгілі ойшылдар меи техника, өнертапқыштықтың негізін қалағандар туралы сөз қозғалады. Бұл энциклопедияның беттерінді поэзия, музыка, драматургия, астрономия, архитектура, арифметиканың қайнар бастауы туралы мәліметтерді кездестіруге болады, сондай-ақ бұл кітаптан шахматтың, доптың, олимпиадалық ойындардың қайдан пайді болғандығы туралы білуге болады. Сондай-ақ бұл кітапта: күнтізбелердің, таразы, күн және құмсағаттардың қалай пайда болғандығы жайлы айтылады. Әсіресе, бұл кітаптың теңізде жүзу мен су кемелерінің қалай ойлап тапқандығы жайлы тарауы. Петр 1-ді ерекше қызықтырады. Ол көп уақыт өткізбестен Мәскеудің діни академиясының ректоры, профессор, көрнекті орыс жазушысы және ақыны Феофилакт Лопатинскийге осы кітапты тез арада латын тілінен орыс тіліне аударуды тапсырады. Сөйтіп, 1720 жылы Мәскеу қаласында осы кітаптың ірі форматты тамаіші бедерленген қалың кітабы шықты. Бұл кітаптың бірінші бетінде былай деп жазылған Полидор Вергилий Урбинскийдің «Заттарды ойлап тапқандығы туралы сегіз кітабы».
XX ғасырдың соңғы онжылдығында бүкіл әлемде өнертапқыштыққа үйрету, шығармашыл тұлғаларды тәрбиелеу ісіне айрықша көңіл бөле бастады. Осы жылдары ғылыми-техникалық шығармашылық, шығармашылық пен өнертапқыштыққа оқытудың, шығармашылықтың интеллектуальды технологиясының әдістемесі мен технологиясы, өнертапқыштық қызметті қолдаудың компьютерлік бағдарламалары, көптеген осы мәселе бойынша кітаптар мен оқу құралдары басылып шықты.
Шығармашылықтың әлеуметтік және техникалық шарты, ғылыми шығармашылықтын, әлеуметтік және психологиялық факторлары, ойлап табушылықты анықтау және өлшеу, машиналарды конструкциялауда шығармашылық өлшеу тағы басқа бағыттағы зерттеу жұмыстары ТМД елдері көлемінде, АҚШ-та және шетелдерде ғалымдардың зеттеушілердің) зерттеу объектілері болып табылды.
Дәл осы кеңестік тарихи кезендерде оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту мен көтеру мақсатында мектептер, техникалық училищелер, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқу пәндерінің жоспарына: «Ғылыми-техникалық шығармашылықтың негіздері», «Сенің мамандығыңдағы шығармашылық», «Өнертапқыштық міндеттерді шешу теориясы», «Патентті жүргізу негіздері» және т.б. көптеген тікелей шығармашылық циклдағы пәндер енгізілді. Осының арқасында кешегі күнге дейін Ресей және біздің еліміз өнертапқыштық пен ойлап табудың саны жағынан әлемде жетекші орынды иеленіп келді.
Жұмысшылардың белсенді шығармашылығының артуы көбіне олардың ойлаптабушылық (өнертабыстық) және тиімді ұсыныс жасаушылық (рационализаторлық) әрекеті дайындығына байланысты. Өндіріс жаңашылдарына, өз еңбегіне шығармашылықпен қараушыларға ғылыми-техникалық және өндірістің экономикалық негізі туралы терең біліммен бірге рациоиализаторлық және ойлап табушылық бойынша арнайы білім мен ептілік қажет. Олардың негізі мектепте қалануы тиіс.
Белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан акмеология ғылымдары академиясының академигі М.О.Құдайқұлов «Қабілеттілік, дағды, шеберлік» деп аталатын ғылыми-техникалық көпшілік оқырманға ұсынылған кітабында (Алматы: Қазақстан, 1986 ж.) жеке адамның дамуы қоғамның дамуымен байланысты екендігін, адамның іс-әрекеті ойын, еңбек сияқты формаларын атап өтеді (ол кітапта жасөспірімдердің ішінен ерекше балалар өмірінен көптеген деректер келтіреді. Атап айтсақ, олар:
1. Атақты музыкант В.Моцарт үш жасында музыка аспаптарында ойнап, 4 жасында музыкалық шығармаларды орындаған, ал 12 жасында опера жазған.
2. Кибернетика негізін қалаушы, математиг Норбергт Винерді нағыз вундеркинд (неміс тілінде wunder ..... керемет, кіnd - бала) деп атауға болады. Кішкентай Норберттің тоғыз жасында-ақ өз бетінше мол білім алғандығы соншалықты, ол бірденінен орта мектепте оқыған. 12 жасында университет студенті, 14 жасында - бакалавр атанған.
3. Фарадей 18 жасында электр машинасын жасаған.
4. Әйгілі совет физигі академик Л.Д.Ландау 13 жасында орта мектепті бітіріп, 14 жаста универсиеттің физика-математика және химик факультеттерінде қатар оқыған. Оған 26 жасымда бірден ғылым докторы дәрежесі берілген.
5. Ұлты армян Сергей Мергелянның өмірбаны таңқаларлық. 19 жасында университетті бітірген, 20 жасында физика-математика ғылымдарының докторы, 24 жаста КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 25 жаста КСРО Ғылым академиясының академигі.
6. Алматылық Санжар Аспендияров 4 жасында кітап оқып, жаза білетін болды. Мектепке барғанға дейін қазақ және орыс классиктерінің шығармаларын оқып шықты. 14 жасында мектепті алтын медальмен бітіріп, Ә.Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математика факультетіне оқуға түсті.
Қазақстандық ғалым М.Құлбековтің «Өнертапқыш болу оңай ма?» Алматы: Ғылым, 1995ж. -106 б. күрделі еңбегі оқушыларды шығармашылыққа баулудың негігі құралы бола алады десек, артық айтқандық болмас. Сол кітаптің мазмұнына көз жүгіртсек, өнертапқыштық болудың жолдары, оның өрелі өнер екендігі, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында адамзат ақыл-ойының ұлы жетістіктеріне айналған тамаша ғылыми жаңалықтар мен өнертапқыштық туындылар дүниеге келгенді, жөнінде мысалдар келтіріледі. Соның кейбіреулеріне тоқталайық.
А.С.Попов өзі ойлап тапқан сымсыз байланыс жасауға болатын құралын 1885 жылы 7 мамырда ұсынды. Арада бір жыл өткенде Италиялық өнертапқыш Г.Маркоии соған ұқсас құралын ұсынды. Осыдан дүниеге радио келген болатын.
1895 жылы неміс физигі В.Рентген кейін өз атымен аталған жаңа сәуле кезін ашты. Ол 1901 жылы тарихта алғаш рет Нобель сыйлығына ие болды. Ал, 1905 жылы 26 жасар Альберт Эйнштейн арнайы салыстырма салыстырмалылық теориясын (теория относительности) жариялап дүниені дүр сілкіндірді.
Кітапта сол сияқты экология, технология және өндіріс арасындағы байланыстар тарқатылып берілді. Өндіріс салаларының қарқынды дамуы инновациялық технологиялардың мол мөлшерде ендірілуі, өндіріс қалдықтарын өңдеу, оны іске жарату сияқты күрделі мәселелер шешуін табуы тиіс. Сондықтан автор жастарды болашақта шығармашылыққа бейімдеу мен бағыттауды нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіругі бағыт береді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ғалым-педагогтар да оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Ондай ғалымдар қатарына А.П.Сейтешов, Қ.Қаламқалиев, О.Сыздықов, т.б. жатқызуға болады.
Ал, енді оқырмандарға шығармашылықты өзін-өзі дамытуға тапсырманы орындау ұсынылады.
Бірінші, ең карапайым, кездейсоқ, бірақ шығармашылық тапсырма: жеке қағаздың бетіне рәміздердің (эмблема, төсбелгі, герб) суретін салыңыз.
Сіздің ойлау, шығармашылық қызметіңізге түрткі болу үшін соған ұқсас, өзінің атқаратын қызметі жағынан жақын екі мысалды келтіреміз. Бір кездері биологиялық кибернетика саласының мамандары белгілі бір интеграл, үстіңгі жағында скалпель, ал төменгі жағында электр электронды схемаларды дәнекерлегіштің суреті салынған рәмізді ойлап тапқан. Бұл рәміздердің үйлесуінде биониканың белгілі бір пәндік саласы меп әдісі, мақсаты бар. Скалпель нәзік те шеберлікпен биологиялық талапққа, биологиялық табиғатқа өте ұқыптылықпен енуді білдірсе, денекерлегіш осы ғылымның түпкі мақсаты - қандай да бір жаңа, қазіргі заманғы биологиялық процесстер мен құбылыстарды танып, білуге деген адамдардың мүддесін білдіреді. Ал интеграл биологиялық объектілер мен синтезді талдау мен зерттеудің ғылыми әдістерінің дәлдігін және қатаңдығын білдіреді.
Міне, сондықтан да өзіңнің рәмізінді салып болғаннан кейін, оны оқытушымен (мұғаліммен) және достарыңызбен талқылап болғаннан кейін, сақтап қоюға тырысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |