«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Лекциялар

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Адамгершілік сапаларына сиапаттама беріңіз
2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік ұғымын сипаттаңыз..
3. Адамгершілік моральдық қадір – қасиеттерін ата?
4. Адамның сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына әсер ете ме? 
5. Эссе тақырыбы: «Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс»
6. Адамгершілік қадір-қасиеттердің ең қарапайым нормаларын атаңыз


№6 Дәріс 
Тақырыбы: Өзін-өзі тану әдістері.
Мақсаты: студенттерді өзін-өзі тану әдістерімен таныстыру және оны практикада қолдану 
мәселелері.
Тірек ұғымдар: “өзін-өзі қадағалау”, “өзін-өзі бақылау”, “өз- өзіне есеп беру”, т.б.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану әдістері.
2. Өзін-өзі тәрбиелеу жолдары.
Педагогикалық шығармашылық психологиясы бағытындағы зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның 
өзін-өзі тануында оның өздік жетілуінің таусылмас мүмкіндіктері жатыр. /В . А . Кан-Калик, Н.Д. 
Никандров, 1990/. Өзін-өзі тану – көпжақты, белгілі уақыт аралығын қамтитын күрделі процесс. 
Ол әр түлі сезіну түрлерімен сабақтаса жүреді. Өзін-өзі танудың бірінші деңгейінде бұл процесс 
өзін-өзі өзге адамдармен салыстырудың алуан түрлері арқылы жүзеге асады. Бұл өзін-өзі 
танудың бірінші сатысы. Оның екінші деңгейінде тұлға өзінің жетістіктерімен салыстырады. 
Өзін-өзі және өз іс-әрекеттерін өз тарапынан және өзгелер көзқарасы тарапынан саралай келе бұл 
сала өз бітімі туралы, өз “Мені” туралы түсінікті қалыптастырады. Осы әлеуметтік “айна” 
арқылы студент өз бойындағы рухани- адамгершілік құндылықтарын арттырып, өзін-өзі адами 
тұрғыдан таниды. Өзін-өзі түсіну мөлшері, өзін-өзі тану сипаты көптеген факторларға 
байланысты, соларға тәуелді. Өзін-өзі тану үрдісіне адамның өзінің ішкі әлеміне қаншалықты 
деңгейде үңілуі, оған деген қажеттілігінің мөлшері, тұлғаның рефлексияға деген қажеттілігінің 
мөлшері – бәрі де әсер етеді. К.Р. Левитанның, С.Г. Верловскийдің және т.б. пікірінше, болашақ 
педагог мамандығына дайындалып отырған студенттің өзін-өзі тануының басты тәсілдері 
мыналар: өзін- өзі қадағалау, педагогикалық өзін-өзі сараптау, педагогикалық рефлексия, өзін-өзі 
сынау және өзін-өзі бағыттау. Өзін- өзі қадағалау – тұлғаның өзіне, өз іс-әрекеті мен қарым – 
қатынастарына сырт көзбен қарай білу қабілеті. Өзінің ішкі күйі қалпына қайта-қайта назар 
аудара отырып, тұлға әртүрлі жағдайларда /ситуация/ өзін қалай ұстайтындығын жете түсінеді. 
Өзін-өзі қадағалау тұлғаға өзі туралы өзге адамдар көріп-біле бермейтін құнды мағлұмат береді. 
Ол өзінің дамыған және әлсіз жақтарын тереңірек білуге көмектеседі. Көптеген ғалымдардың 
зерттеулерін саралай келе К . Р . Левинтанның, С.Г. Верловскийдің өзін-өзі тануының басты 
тәсілдерін басшылыққа алуды жөн көрдік. Себебі бұл зерттеулерде болашақ мұғалім 
мамандығына дайындалып отырған студенттерге арналып, оның нәтижелері оң баға беріп 
отырғандығын зерттеу жұмысының нәтижесінен көруге болады. Рефлексия арқасында тұлғаның 
өзін-өзі түсінуінің пайдалы әсері аз элементтерін өзге элементтермен ауыстыруға деген, өзі мен 
өз мінез – құлқын өзгертуге деген қажеттілік ұғынылады. Тұлғаның өзіне деген көзқарасы 
қаншалықты сыни тұрғыдан болса, оның өзін-өзі тану деңгейі де соншалықты жоғары. 
Керісінше, тұлғаның өзінің болашақ маман ретіндегі әзірлік деңгейі терең болған сайын, оның 
қызмет барысындағы өзін-өзі бағалауының сынилығы да арта түседі. Н.Е. Шафажинская өзін-өзі 
бағалаудағы өзіндік өсіп- жетілу құралы ретінде қолдану студенттерді болашақ мамандығына 
даярлаудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылатындығын көрсетті. Міні 
сондықтан да тұлғаның өзін-өзі сынауын қалыптастыру, оның өзін-өзі тануын дамытумен 
шұғылдануды оның ЖОО-да студент кезінде-ақ бастау қажет. Тұлғаның өзін-өзі тануының тағы 
бір әдісі-өзін-өзі бақылау. Адамгершілігі биік, жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген 
жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі бақылауымен ерекшеленеді. Тұлғаның өзін-өзі 
бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы – биік мәдениет пен жетік парасатылықтың 
көрсеткіші, өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, іс-
әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырады. Тұтастай алғанда көптеген 
авторлардың пікірі бойынша, тұлғаның өзін-өзі тануы – студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз 
білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты. Декарттың дәлелдеуіне 
сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік 
қажет. “Өзін- өзі адам ретінде зерттеп – білмеген адам өзге адамдарды да терең зерттей алмақ 
емес”.
2. Тәрбие мақсатының педагогикалық процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отыратыны 
баршамызға мәлім. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ, бірегей мінез-құлық, қасиет 
болмайды.Адамдар тұлға ретінде өзіндік жеке ерекшеліктерімен дүниеге келмейді.Әрбір 


адамның жеке тұлға ретінде қалыптастырылып, тәрбиеленуі оның өзіндік іс-әрекеттеріне де 
тікелей байланысты. Ол үшін әрбір адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп, тәрбиелеп отыруы керек.. 
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінде «мен» ұғымының мәні зор. Тәрбие барысында адамдарды 
бірдей, инкубаторлық тұрғыдан тәрбиелеу дұрыс емес. Көптеген жағдайда адамдар тәрбиесі 
қоғаммен, ортамен үйлеспей жатады. Мұндай жағдайда әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеумен саналы 
түрде айналысуы тиіс. Бұл педагогикалық процесте – өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Өзін-өзі 
тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі бөлігі. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз –– 
адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіруге байланысты саналы, 
мақсатты іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу – ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы 
және олардың әдетке айналуы. Өзін-өзі тәрбиелеу –– адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. 
Кез- келген адам тәрбие жүйесінде өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және 
табиғатпен біртұтас тіршілік ете алады. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-
өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өзін-өзі тәрбиелеу окушы тұлғасын жан-
жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда 
олардың жас ерекшеліктерін есепке алуы керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары кіші мектеп 
жасындағы окушылар бойынан байқалады. Мысалы: бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл 
болғысы келеді немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл олардың 
өзін өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы болып табылады. Жастар өз еркін 
тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Соның ішінде қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге 
саналы түрде ұмтылады. Олар барлық нәрсені жоғары сезіммен қабылдап, сәл нәрсені өз 
дербестігіне құрметсіздік деп қарайды. Жоғары сынып оқушыларына өз білімдерін байыту, 
өздерінің ақыл-ой қабілеттерін дамыту ұмтылысы тән. Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін 
ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді 
жүзеге асыруы керек:
• оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру;
• өзіне-өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру;
• өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру; Өзін-өзі тәрбиелеуді 
көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі бойындағы берекесіздіктен, 
екіншісі- дөрекіліктен, үшіншілері-тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. Мақсат қою, 
күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру – өзін-өзі тәрбиелеудің 
басты элементі. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу программасын қалай жасауды жақсы елестете 
алмайтындықтан оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен 
мінез-құлқына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің 
маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе дискуссиялар өткізеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: Жеке міндеттеме –– белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын 
міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі құрмет көрсету. Өзіне-өзі міндеттеу әдісі 
иландыруға ұқсас. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез 
орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттықтырып, оны әр уақытта 
қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда 
енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. Өзіндік есеп беру –
– қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс- қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе 
алмасуы. Өз іс–қылығына талдау жасау –– өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін 
білгісі келуі, оны жоюға тырысуы. Өзін-өзі бақылау–– кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды 
мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі –– 
тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді. 
Өзіне баға беру–– мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін өзі тәрбиелеуі.
Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаның тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның 
өз- өзіне деген үлкен талап қоя білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, сонымен қатар 
бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс- әрекеті құрайды. Ғалымдардың зерттеулері 
бойынша бұндай үрдісте өзін-өзі тәрбиелеу маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін 
әр түрлі қырынан тануға болады. Л.И. Рубинский өзін-өзі тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту 
мақсатындағы іс-әрекеті” деп қарастырады. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке 
бастың қызығушылығынан емес, қоғамдық талаптардан да туындайды деп таниды. Өз еңбегінде
“өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаға саналы түрде бағынышты өзіндік даму. Адам бойындағы күш-


қуаты және қабілеті қоғам тудыратын талап, мақсат-мүдде, қызығушылықтар қалыптастырады”, 
- деп көрсетеді. Ал В.П. Киселев өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі саналы түрде өзін-өзі тану 
барысында өзін биікке жетелейтін жолдарды, ерекшеліктерді жете тани білуде деп есептейді. 
Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің ішкі құрылымы мен негізін. Мына кестедегідей етіп ұсынады:
№3-ші кесте. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізі мен құрлымы.
Бөлім Мазмұны Алғашқы Өзін-өзі тәрбиелеуге бейімделудің туындауы Екінші Өзін-өзі 
тәрбиелеуде саналы түрде қалыптасқан нақты ішкі шешім Үшінші Өзіндік анализ /талдау/ жасау, 
өз-өзіне сыни көзқараспен қарау, өзін-өзі бағалау негізінде өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын 
құру. Төртінші Үнемі жүріп отыратын өзіндік сараптама жасау, өзін- өзі бағалау арқылы 
аталмыш бағдарламаның жүзеге асуы және сол үрдіске қажет деп есептелетін барлық әрекет 
түрлерінің енгізілуі
Сонымен, жоғарыдағы авторлардың анықтамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегідей 
түйіндер жасауға болады. Өзін-өзі тәрбиелеу – жеке тұлғаға болып қалыптасудың негізгі 
маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни 
реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу – ол моральдық және этикалық нормалардың 
қалыптасуы мен олардың әдетке айналуы. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамды дамытуға арналаған 
тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен 
және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-
өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу – мәдени мұраны 
игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді 
дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің 
ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-
дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.
Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарынан тыс қоғамдық және 
өзіндік қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның 
танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту – жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз 
жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне 
септігін тигізеді. Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, кәсіби 
шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.
Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол педагогиканың негізігі 
бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке 
тұлғаның рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды 
да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде теориялық материалдарға анализ жасау 
және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін- өзі
басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды. 
Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс жасау қатары университет ішіндегі студенттердің 
бойында күннен күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару үрдісіне 
даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі 
тәрбиелеуіне басшылық жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды дұрыс 
біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін- өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша 
дәріс өте аз оқылады, ал практикалық-тәжірибелік сабақтар дұрыс жүргізілмейді. Осы тұрғыдан 
студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға қатысты тәжірибе аз екенін ескерген 
жөн. Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің 
жеке даму жолында пайдалану үшін мыналарды білуі қажет: 4) Осы үрдісті басқару 
принциптерін; 5) Оның негізгі салаларын; 6) Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен 
тәсілдерін.
№4-ші кесте. Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі әдістері
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
Мазмұны
өзін-өзі қадағалау Өз тұлғасымен жұмыс үстінде студент біртіндеп өз іс-әрекеттерін меңгере алар 
қабілетке ие болады. Өзін-өзі қадағалаудан /болған жайтты байқау, ойша сараптауға фактілер 
әзірлеу өзін-өзі бақылаудың айырмашылығы: ол осы шақта өтіп жатқан немесе болашақта өтетін 
ойлар мен іс- әрекеттермен ілесе жүреді. Оның ерекше қызметтері бар: тек қана болып жатқан 
жайтты қабылдап, көріп, байқау ғана емес, оны бағалау, оған түзету енгізу. өзін-өзі бақылау 


Сыртқы орта құбылыстарын бақылай алу қабілетінен келіп шығады. Меңгеріле отырып, өзін-өзі 
бақылаудың әрекеттері адамның өз мінез – құлқы мен іс- әрекеттеріне ықпал етеді. Жоғары 
деңгейде өзін-өзі бақылау өзін-өзі тәрбиелеудің құралы мен тәсілі ретінде пайдаланылады, ол 
бақылау қызметін жүзеге асырады, тұлға қасиеттеріне түзетулер енгізіп, оларды қалыпқа 
келтіреді, тұлғаның өзіне бағытталған іс-әрекетін жүзеге асырады.
Өзінің іс-әрекеттері жайлы өзіне-өзі есеп беру дегеніміз-өз мінез –құлықына түзетулер енгізу, 
оны қажетті орынға бағыттау, сөйтіп өз тұлғасын өз санасы мен еркінің нысаны ету. өзін-өзі 
сендіру Өз өмірінің фактілерін сараптау негізінде және нақты логикалық дәлелдемелердің 
арқасында студент өз алдына саналы түрде мақсат қойып, өзінің дамытқан ісін нақты 
сенімділікпен жалғастыруы мүмкін. Өзін-өзі сендіру арқылы өзін-өзі түсінуді қайта құруға , 
өмірдің түрлі құбылыстарына деген көзқарасты өзгертіп, сол арқылы өз мінез- құлқын өзгертуге 
болады. өз-өзіне бұйрық беру Өмірде сәтсіздіктер әр адамға кездеседі, ал өмірде өзі сенетін 
тірегі болмай, үміт шоғын сөндіріп алған адам өмірден түңіліп яғни адам тұлғасы өмір 
соққысына шыдамай, сынып кетуі мүмкін. Ал, өзін-өзі сендіру арқылы өз мінез-құлқы мен өз 
дамуының басты қағидасын ұғынған адам сенімді түрде шешім қабылдай алады. Бұл шешім өзін-
өзіне берген бұйрық түрінде жүзеге асуы мүмкін. Өз-өзіне бұйрық түрінде ықпал ету өзін-өзі 
сараптау деңгейі өткен соң жүзеге асады. Себебі, шешім қабылдайды, көңілдегі күдік пен күмән
белсенді іс-әрекет пен белсенді түрдегі өзін- өзі тәрбиелеуге кедегі жасайды. Ойға алған 
жоспарды орындауға өзін-өзі итермелеу қажеттілігі туындайды. өзін-өзі көндіру Түрлі ойлар 
жетегіндегі жақсы мен жаман дәлелдемелерін ойында қорыта отырып, адам ақиқатқа көзі жетеді 
және оны өз өмірі мен қызметінде жетекші орынға қояды. Өзін-өзі көндіру үшін студент сендіру 
нысаны туралы жеткілікті мәлімет алуы тиіс. А.Я. Арет өзін-өзі көндіру - өзін-өзі тәрбиелеудің 
басты құралы деп санайды. Ол адамға өз бойына қажетті қасиеттерді қалыптастыруға 
көмектеседі. Оның пайымдауынша: өзін-өзі көндіру – адамның өзін-өзі белгілі бір іс-әрекет 
жасауға итермелеуі, ал оған сәйкес, қатарлас ұғым”өзін-өзі жеңу” – адамның өзін- белгілі бір 
әрекетке итермелеу бағытындағы ерік-жігерін қолдану. /Арет/ Өзін-өзі көндіруге деген қабілет 
адамға өмір тәжірибесі –арқылы келеді. Студенттік кезде бұл қабілет толықтай берік қалыптасуы 
тиіс. Бұл қабілеттің қалыптасуы парыз бен жауапкершілік, ізгі саналылықтың қалыптасуымен 
сәйкес келеді. Сондықтан өзін-өзі көндіруді тек мінез-құлық түрі ретінде ғана емес, тұлға ретінде 
де қарастыру қажет. Адамның өз-өзіне, өз тұлғасына ықпал етудің келесі түрі өзін-өзі сендіру 
туралы ерекше атап өткен жөн. Сендіру мен өзін-өзі сендіру педагогикалық теорияда толық 
зерттелмеген. Педагогикалық сараманда да бұған сенімсіздікпен қарайды. Соған қарамастан, 
олар - өмірде бар құбылыстар. Белгілі бір сендірусіз ешбір педагогикалық әрекет жүзеге аспас 
еді. Өзін-өзі сендіру – психиканың қалыптарын сөз арқылы реттеудің әдісі. Өзін-өзі сендіру 
керекті психика қалпын туғызу мақсатында белгілі бір сөз бен сөйлемді бірнеше рет қайталау 
арқылы жүзеге асады. Бұл адам санасының деңгейін күдік пен күмәнннан арылту, жаман келеңсіз 
ой жетегінен алып шығу. Өз бойындағы адамгершілік қасиеттерге нық сеніммен қарау.
Адамның психикалық қалпын реттеу әдісі ретінде аутотренинг студенттерге саналы түрде 
эмоциялық ширығу деңгейін көтеріп- түсіруге жол береді; өзіне деген сенімін арттыруға, 
қорқыныш иелену сезімін азайтуға не түгелдей жоюға көмектеседі, өз жетістіктері мен 
кемшіліктерін анықтау мақсатында өз мінез-құлқын сараптауға, адами қасиеттердің түрткісін 
жоғарлатуға, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Нақты іс-әрекеттер деңгейінде адамның өз әрекеттерін реттеуі, әлеуметтік талаптар тұрғысынан 
қандай мағыналы болса да өзін-өзі тәрбиелеуге жатпайды. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз - өз іс-
әрекетін, ішкі талаптарымен тек қана сәйкестендіріп қою емес, сонымен бірге жеке тұлғаның 
өзіндік рухани-адамгершілік құндылықтарын жетілдіру. Студенттерді өз таңдаған жолында 
даярлауда өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі тәрбиелеу, оқытудың рөлі мен мәнін студенттерге жеткізу; 
ақпараттандыру /педагогикалық-психологиялық білім беру/; Оларды өзін-өзі жетілдіруде 
бағытталған іскерлікпен және дағдымен қаруландыру; өзін-өзі тану мен тәрбиелеудің жолдарын 
қалыптастыру; студенттердің өзін-өзі тану мен тәрбиелеу барысындағы жұмыстарын 
ынталандыру, қанағаттандыру. Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы 
керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің 
деңгейімен анықталады. Біз тек дарынды педагог К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу 
ережесімен танысайық. • Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге. • Сөзде және 


қылықтарда турашылдық. • Әрекетті жан-жақты ойластыру. • Батылдық. • Өзі жөнінде қажетсіз 
бір сөз айтпау. • Санасыз бос уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу. • 
Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйініске шығындану. • Әр кеште өз 
қылықтары жөнінде есеп беру. • Болғанды, бүгінгі болатынды айтып еш мақтанбау.
Бұл ережелердің әр жолына түрлі мағына беріп, байыта беруге болады. Өзін-өзі тәрбиелеудің 
міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауына мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін 
аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды 
немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін 
өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық 
қылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар 
мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді. Өз тұлғасын 
ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің 
немқұрайлы пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда 
түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы 
сезіміне қозғау салу қажет. Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге 
оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Тұлғаға сөз түрінде берілген: 
“қажет”, “жетеді”, “орындау керек”, “шыдау керек”, “тұр”, “өзіме бұйырамын” және басқа 
өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік 
бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік 
дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, 
күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т.б. орындауға болады. Өзін-өзі 
тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізгі іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік 
есеп беру де қолданылады. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды, 
икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі 
өзгеріп отыруы керек. Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, 
өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі 
тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси түседі. Әрине, бұл 
оқушыларды бетімен қоя беру деген емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық 
пікір ықпалы, бетпе-бет пікірлесу арқылы көмектесіп отырған жөн.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өзін-өзі тану әдістеріне сипаттама.
2. Өзін-өзі тану ұстанымдары дегеніміз не?.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу жолдары қандай?.
4. К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесін түсіндіріп беріңіз?
5. А.Я. Арет өзін-өзі көндіру -өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралы деп нені санайды?
6. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізі мен құрлымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет