«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Лекциялар

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өзін-өзі тану шығармашылығын қалай түсінесіз?.
2. Шығармашылық ұғымына ғалымдар көзқарасымен сипаттама беріңіз?.
3. Философ В.С. Шавырев: “ Іс- әрекет субъектінің өзін-өзі тәрбиелеуімен өзін-өзі өзгертуімен, 
өзін-өзі дамытуымен сипатталады” түсінік беріңіз?.
4. Қазақ халқының өзіндік танымы және дүниетанымын бірлігін сипаттап жазыңыз?
5. Шығармашылық әрекет психологтардың пайымдауынша қалай түсіндіріледі?
 
 
 


№8 Дәріс 
Тақырыбы: Қазақстан ортақ мекенім
Мақсаты: студенттерді отансүйгіштікке, өз елінің сүйікті азаматы болуға, елін қорғауға 
тәрбиелеу.
Тірек ұғымдар: “ Отан”, “Туған жер”, “Бейбітшілік”, “Бостандық””Еркіндік”, 
”Ынтымақтастық”, “Тәуелсіздік” “Адамзат”, “Өркениет”, т.б.
Жоспар. 1. Патриотизм ұғымына түсінік.
Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған 
міндеттерінің бірі-жас жеткеншектерді қазақстандық патриотизм мен Қазақстанды мекендейтін 
халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Ұлттық 
бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі – жас жеткеншектерге патриоттық тәрбие беруде 
өлке тарихи мәдени естеліктері мен халық тұлғаларының ерлік мұрасын пайдалану. Жас 
жеткеншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін жастайынан қалыптастыру проблемасына 
Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауында аса үлкен мән берілген. Елбасы 
өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз Бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс 
жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе, екіншісінде «Біз бірлесе отырып, ерлікті ұлт 
жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық»(2005) деп өзіміздің 
тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады. Президенттің патриоттық 
сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жас 
жеткеншектер тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, туған өлке тарихи 
тұлғаларын білу, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері мен 
халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көрністерге 
төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да 
халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білуге тәрбиелеу) сараланып 
көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайға көшуі еліміздегі 
түбегейлі өзгерістер педагогика ғылымының алдына шешімін күттіретін күрделі практикалық 
міндеттерді жүктеп отыр. Педагог жаңашыл өзгерістерге орай жаңа ұрпақ тәрбиелеу мәселесін 
көтеріп, олардың бойындағы жауапкершілігі арта түсуде. Қазіргі Қазақстандағы түбегейлі 
өзгерістер адамның еркін дамуды таңдауы, егеменділік жоғары білім беру жүйесінің 
құрылымына өзгерістер енгізуде. Елімізде қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты 
республикамыздағы бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбиелік шаралардың сапасына жаңа 
талаптар қойылуда. Тек қана оқу жүйесінің жаңаруы ғана емес, сонымен бірге жалпыадамзаттық 
құндылықтар ар, ождан, шындық, қайырымдылық, ұлтжандылық т.б. сана сезімнің өзгерісі 
байқалып отыр. Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында 
«… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар 
адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік 
құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны 
қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетілген. Сондықтан әр саладағы педагог-
кадрларға жастарға патриоттық тәрбие беруде негізгі методологиялық принциптерге сүйену 
қажет. Негізгі патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы принциптерге біздер:
1. ғылыми;
2. ізгілік;
3. демократиялық
4. Қазақтан Респуликасының мәдени салт сана, әдет-ғұрыптары мен атамекен, атакәсіп, атамұра 
құндылықтары;
5. жүйелі түрде ұрпақтан - ұрпаққа халқымыздың құндылықтарын жеткізу;
6. патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттырудағы қолданылатын әдістер т.б. Патриоттық тәрбие 
беруде бұл принциптерді шешу мақсатында келесі міндеттер алға қойылады: 1) патриоттық 
тәрбие жүйесінің қызметінің әдістемелік және басқару формасын жетілдіру;
2) патриоттық тәрбиені жетілдірудіде аудиториялық және аудиториядан тыс уақытты тиімді 
пайдалану жолдарын анықтау;
3) жағдай туғызу;


4) тұлғаның жеке қоғамдық маңызды сапаларын Отанға деген сүйіспеншілік, өз елін, жерін 
құрметтеу, қорғау т.б.) жетілдіру,
5) жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,
6) жаңа түрде жаңа заманға сай өз Отанының патриоты, жауапты тұлғаны тәрбиелеуде әрбір 
тұлғаның қызығушылығын арттыру;
7) жанұя жағдайын, жастардың топ орталарының, жоғары оқу орнының іс әрекетін үнемі 
бақылауға алу.
Патриоттық тәрбие өз мазмұны жағынан барлық тәлім тәрбиенің негізгі жүйелерін құрайды. 
Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен астасып жатады. Өз Отанын сүю, еліне, халқына 
деген үлкен жауапкершіліктің болуы жоғары сапалы адами қасиет. Тұлғаның саяси 
сауаттылығына, белсенділігіне тікелей байланыс, тәрбиенің барлық түрінде қамтылуы қажет. 
Дегенмен патриоттық тәрбиені жетілдіру қырлары өзіне тән кешенді әдістер мен формалардың 
жиынтығынан тұрады. Соның ішінде қазіргі тәрбие процесінің нәтижелі болуы тұлға сана 
сезіміне тікелей байланысты. Ең алдымен тұлға өзін-өзі танып, өзінің өмірдегі орны мен негізгі 
мақсат міндеттерін анықтап алу басты мәселе. Сондықтан патриоттық тәрбиені меңгерту 
тұлғаның ішкі сезімі, мінез құлқына тікелей әсер етумен, өзін-өзі тануына ықпал жасаудан 
басталады. Педагогикалық сөздікте: құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-
қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі 
тәрбие негізі - делінген. Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: …“Әр адамның 
өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни 
еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян 
жасамауы – бұл ең басты міндеті болуы тиіс” - деген ой тұжырымдарынан өзін- өзі сүй дегенде, 
өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани-адамгершілік 
құндылықтарын игертуге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан 
бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, 
парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің 
өзекті мәселесі болуы тиіс.
Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп 
біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани 
мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. 
Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің, өткір сөздің, ақыл-
ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет 
қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан 
кейін жалпы түркі, қазақ хандығы Ресей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени 
даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің 
дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет - ғұрпы қалыптасса, 
жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей мәдениетінде 
бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты 
материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер 
ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух 
жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды 
сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:
1. Атамекен, атакәсіп, атамұра ;
2. Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі 
дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.
3. Отбасын сақтау; ата - баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын 
сүттей ұйытуға, әрі қарай ата - бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухқа тәрбиелу; 
4. Сөзде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту, ұлт үшін маңызды 
құндылықтарға жатқан.
Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну, наурыз 
мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, 
отбасының, халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушыға сиыну, осы кезге дейін 
ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру, 
адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, 


ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау 
заманында, әсіресе, Кеңестік заманның 20 - жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-
бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың 
рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен 
араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани – 
адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын 
рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу 
орнындағы жүргізілген тәжірибе қорытындысынан көруге болады. Педагогика ғылымының 
негізін салушылар Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, т.б өз 
қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде 
есептеп, бұл ұғымның аспектілерін әр кезеңде әр тұрғыдан қарастырған. Мысалы Ян Амос 
Коменский жеке тұлғаның өз бойындағы рухани күшін дамытуға мұғалім көмектесе алатынын 
көрсете келе, ол: «Тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту - оқудың 
ең басты міндеті»,-дей келіп, оның жүйесінің негізі жеке тұлғаға бағытталған – негізгі 
құндылықтар – ақыл-ой, адамгершілік және діни тәрбиені жүзеге асыруды көздеген. Тәрбиені 
ізгілендірудегі басты мақсат - студенттерді ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы 
дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын 
қалыптастыруға назар аудару. Тұлғаға бағытталған тәрбиеде рухани - адамгершілік 
ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін студенттердің мәдени 
құндылықтарды игеруіне, өзін-өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне, 
тұлғааралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына 
көмектесу басты нысана болып табылары сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет