3.6 Диспутты өткізу әдістемесі
Диспут –оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс тіршілік жайлы ойлардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық, нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы.
Диспут барысында:
¨ Оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды;
¨ Олардың себептерін терең анықтау;
¨ Жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйретеді.
Диспуттың мақсаты –оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі - өз беттерінше ойлай білуге үйрету.
Диспуттың табысты өтуінің негізгі шарты:
¨ Алдын ала жоспар құру.
¨ Оның тақырыбын айқындау, күнін белгілеу.
¨ Негізгі сұрақтарын ойластырып, топқа, жекелеген оқушыларға тапсырма беру.
¨ Диспут өткізу жайлы хабарландыру ілу.
¨ Оған қажетті әдебиеттерді іріктеу.
¨ Көрме ұйымдастыру.
¨ Көрнекті ақын-жазушылардың т.б. тақырыпқа сай нақыл сөздерді ілу.
¨ Сауалнамалық сұрақтар тарату.
¨ Оның қорытындысын талдау.
Дискуссия
Дискуссия ережелері:
1. Адамды сыйлау ережесі –дискуссияның негізгі ережесі. Кісіге деген қарым-қатынас міндетті түрде сыпайы болуы керек. Оны ешбір сөзбен немесе қылқымен ренжітіп алмау керек.
2. Көңіл қойып тыңдау ережесі. Есту және тыңдау – екі түрлі сезім мен қасиет. Сөйлеп жатқан кісіні түсіну үшін тыңдай ала білу керек. Дискуссияның бұл жөніндегі жалғыз заңы – бір адам сөйлейді, қалғандары тыңдайды, бірақ сөйлеп жатқан кісінің сқзін бөлуге болмайды.
3. Еркін микрофор ережесі. Әр адам өз пікірін білдіре алады, бірақ алдындағы сөйлеуші сөзін аяқтағаннан кейін немесе уақыт кеткеннен соң сөйлейді.
4. Сөйлеу үшін екі минут ережесі. Екі минут ішінде айқанның негізін ғана айтуға үлгіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |